ВС РК - Постановление от 28.05.2025 по делу 6001-24-00-6ап/2101 (Административное)

6001-24-00-6ап/2101

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 28 мамыр

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Г.К.Нұрбаев, Е.Д.Өміралиев,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Макпал Сейдахановна Жунисбаеваның жауапкер мемлекеттік сот орындаушысы Ардақ Еркінұлы Әділханға іс жүргізуді қысқартудан бас тарту туралы іс-әрекетін заңсыз деп тану, 2024 жылғы 4 наурыздағы атқарушылық іс жүргізуді қысқартудан бас тарту туралы қаулының күшін жою арқылы, жіберілген құқықбұзушылықтарды жоюға міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулысындағы қате жазуларды түзету бойынша соттың бастамасын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулысымен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 сәуірдегі шешімі, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қаулыда келесі қате жазулар орын алған: қаулының қарар бөлігінде «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 сәуірдегі шешімі, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деген жазудың орнына «Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 қазандағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 235бабының екінші бөлігіне (бұдан әрі - АПК) сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады. АПК-нің 452-бабының екінші бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулысының қарар бөлігіндегі «Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 қазандағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деп көрсетілген қате жазулар түзетіліп, «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 22 сәуірдегі шешімі, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 6 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын» деп көрсетілсін.

Төрағалық етуші Г.Б.Дуйсенбаев Судьялар Г.К.Нұрбаев Е.Д.Өміралиев Көшірмесі дұрыс Судья Г.К.Нұрбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.