Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 05.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/4292 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4292

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 5 қараша Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Р[...],

талап қоюшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) жауапкер М[...] негізсіз байлық сомасын қайтару туралы талап қоюы жөніндегі азаматтық ісі бойынша қабылданған,

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы шешіміне және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қаулысына жауапкер өкілі С[...] берген кассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы шешімімен Ұлттық қорғаныс университетінің талап қоюы қанағаттандырылған. М[...] мемлекет пайдасына 19 556 291 теңге сомасы және 586 688 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер өкілі С[...] кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Кассациялық шағымның уәждерін және сот актілерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық шағымды қайтару қажет деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 436-бабының 1-бөлігіне сай, апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға кассациялық шағым, наразылық берілуі мүмкін.

АПК-нің 431-бабының ережелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

Аталған іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың 2025 жылдың 22 сәуірінде қабылданып, заңды күшіне енген, сәйкесінше оған кассациялық шағым 2025 жылдың 21 қазанына дейін берілуі тиіс болатын. Алайда, жауапкер өкілі кассациялық шағымды 6 ай мерзім өткен соң, 2025 жылы 30 қазанда берген.

АПК-ның 442-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасына сай, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 436-бабының 1-

бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiру үшін дәлелдi себептер болмаса, оларды берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.

Кассациялық шағымға сот актісіне шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат тіркелмеген және шағым беру мерзімін қалпына келтіру үшін дәлелді себептер келтірілмеген.

Сондықтан, осы аталған негіздерге байланысты жауапкер өкілінің кассациялық шағымы қайтарылуға жатады.

АПК-нің 57-бабының 1-бөлігіне сай азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.

АПК-нің 58-бабының 2-бөлігінде, 60-бабының 3-бөлігінде және 61бабының 1, 3, 5 бөліктерінде өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде рәсімделген сенімхатпен расталатыны қарастырылған. Өкілдің АПК-нің 60бабының 1-бөлігінде көрсетілген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.

Аталған заң талаптары сақталынбай кассациялық шағымға тіркелінген сенімхатта өкілге сот актілеріне кассациялық шағым беру құқығы нақты көрсетілмеген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 610бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

Мемлекеттік баж (586 688х50%=293344 теңге) жауапкердің атынан төмендегі реквизиттерге төленуге жатады:

Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»

БИН: [...]

ИИК KZ[...]

Қабылдап алушы банк: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті» ММ

БИК KKMFKZ2A

Төлем жасау коды: 911

КБе: 11

Салық органының коды: 6203

КБК 108126 -жергілікті бюджетке аударылатын мемлекеттік баж.

Көрсетілген себептер де кассациялық шағымды әзірге қарауға қабылдауға процессуалдық мүмкіндік бермейді.

Бұл кемшіліктер жойылған жағдайда, АПК-нің 441-бабының талаптарына сәйкес кассациялық шағыммен Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотқа қайта жүгінуге құқық береді.

АПК-нің 436, 442-баптарын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жауапкер өкілі С[...] берген кассациялық шағымы қайтарылсын. Қаулының көшірмесі кассациялық шағымды берген тұлғаға жолдансын.

Р[...]

Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.