№6003-25-00-2к/4880
№6003-25-00-2к/4880 (2) №6003-25-00-2к/4880 (3)
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 8 мамыр Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.Б. Бастаубаев, судьялар Н.О. Косанов, М.Т. Кадырова, талап қоюшылардың өкілі К[...],
жауапкердің өкілдері К[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшылар А[...], Б[...], Т[...], П[...] жауапкер «Е[...]» өндірістік кооперативіне жалпы жиналыстарының хаттамалық шешімдерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматық істі Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қазандағы қаулысына талап қоюшылар П[...], Т[...] және И[...] берген кассациялық шағымдары бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшылар сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы шешімімен талап қоюшылардың талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, «Е[...]» өндірістік кооперативінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы жалпы жиналысының №1 хаттамалық шешімінің А[...] қатысты мұрагер ретінде мүшелікке кіргізу бөлігі жарамсыз деп танылған.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағатандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Талап қоюшылар П[...], Т[...] кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұрады. Кассациялық сот шағымды қолдаған талап қоюшылардың өкілін, шағымға қарсылық білдірген жауапкердің өкілін тындап, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс материалдарынан «Е[...]» өндірістік кооперативі (бұдан әрі-ӨК) жарғысына сәйкес 2001 жылғы 26 сәуірде құрылып, 2001 жылы 2 мамырда Әділет органында тіркелген.
2009 жылдың 25 желтоқсандағы «Е[...]» ӨК-нің жалпы жиналысының №2 хаттамалық шешімімен кооперативтің құрамынан бұрынғы 139 жеке тұлға өздерінің шығу арыздарына байланысты мүшеліктен шығарылған, жаңадан 29 жеке тұлғалар мүшелікке қабылданған.
2011 жылғы 15 ақпандағы «Е[...]» ӨК-нің хаттамалық шешімімен кооператив төрағасы К[...] кетуіне байланысты, оның орнына И[...] төраға ретінде сайланған.
2013 жылғы 11 қаңтардағы хаттамалық шешімі бойынша кооператив төрағасы ретінде К[...] сайланған.
2016 жылғы 1 маусымда жалпы жиналысы туралы хаттамалық шешімі бойынша кооперативтің төрағасы Б[...] сайланған.
2024 жылы 18 желтоқсанда «Е[...]» ӨК-нің мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамалық шешімімен бұрын қайтыс болған кооперативтің мүшесі Қ[...] мұрагері Қ[...] мүшелікке қабылданған, бұрын қайтыс болған кооперативтің мүшесі Ә[...] мұрагері А[...] мүшелікке қабылданған, бұрын қайтыс болған Б[...] мұрагері Б[...] мүшелліке қабылдаған, кооперативтің төрағасы болып К[...] сайланған.
Іс материалдарынан талап қоюшылардың өндірістік кооперативтің жалпы жиналысының 2009, 2011,2013, 2016 және 2024 жылдарындағы хаттамаларымен рәсімделген шешімдерін жарамсыз деп тану туралы талап қойғаны анықталды.
2009, 2011,2013 және 2016 жылдардағы хаттамалармен рәсімделген шешімдерді даулау бөлігінде талап қоюдан бас тарта отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қою мерзімінің өткізіліп алынғанын негізге алған. Бұл қорытындымен қассациялық сот келіседі.
Талап қоюшылар талаптарын кооператив мүшелігінен негізсіз шығарылғанымен, атқарушы органның заңсыз сайланғанымен және жалпы жиналыс шешімдерін қабылдау тәртібінің бұзылғанымен негіздеген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 179бабының 3-тармағында талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болатыны көзделген.
АК-нің 180-бабының 1-тармағына сай талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады.
Азаматтық заңнама талаптарына сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе бұзылған құқықты қорғау туралы талаптарға талап қою мерзімі қолданылады.
Іс материалдарынан кооперативтің атқарушы органының ауысуы туралы мәліметтері ашық сипатта болған, ондай өзгерістер талап қоюшыларға шешім қабылданған сәттен бастап белгілі болған немесе белгілі болуы тиіс, себебі ондай мәліметтер заңды тұлғаның тіркеу деректеріне енгізіледі. Сонымен қатар, дауланып отырған шешімдердің ұзақ уақыт бойы орындалып, жалпы жиналыс шешімдерінің құқықтық салдары нақты жүзеге асырылғаны анықталған, жаңа атқарушы орган шаруашылық қызметіне нақты қатысу арқылы өз өкілеттіктерін жүзеге асырған.
Талап қоюшылар талап қою мерзімінде сотқа жүгінуге кедергі болған мән-жайлар туралы дәлелдемелер ұсынбаған және ұзақ уақыт бойы аталған шешімдерді даулауға шара қолданбаған. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінудің ақылға қонымды мерзімінің өтіп кеткенін көрсетеді.
Сонымен қатар 2009 жылғы шешім талап Т[...] және Б[...] құқықтарың бұзбайды, өйткені аталған шешіммен олар кооператив мүшелігіне қабылданған деп көрсетілген. Осыған байланысты олардың коопертивтен шығарылғаны туралы уәждері іс материалдарына қайшы келеді.
Талап қоюшылардың кассациялық шағымындарында көрсетілген мәнжайлар соттардың тұжырымдарын жоққа шығармайды, олардың негізсіздігі тиісті уәждер келтіріле отырып, сот актілерінде көрсетілген.
Іс бойынша мән-жайлар толық көлемінде анықталған, оларға соттармен дұрыс құқықтық баға берілген, құқық нормалары дұрыс қолданылған. Сондықтан сот актілері күшінде қалдырылуға жатады.
Істі қарау барасында талап қоюшылардың өкілі И[...] бұрын осы іс бойынша басқа тараптың мүдделерін білдіргені анықталды.
АПК-нің 59-бабының 3 бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тұлға, егер мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Осы Заң талаптарына сәйкес И[...] кассациялық шағым беруге өкілеттігі жоқ деп есептеледі. Сондықтан И[...] берген кассациялық шағым қайтарылуға жатады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 27 маусымдағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 9 қазандағы қаулысы күшінде, талап қоюшылардың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Талап қоюшылардың өкілі И[...] кассациялық шағымы қайтарылсын.
Г.Б.Бастаубаев
Төрағалық етуші
Судьялар Н.О. Косанов
К[...] ва
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.