6001-22-00-6ап/2612
Қ А У Л Ы
2023 жылғы 8 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – Қайыпжан Н.Ү., судьялар – Дүйсенбаев Г.Б., Ермагамбетова Ж.Б., прокурор К[...], талап қоюшының өкілі И[...], жауапкердің өкілдері Б[...], Б[...],
мүдделі тұлға өкілі И[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «А[...]» өндірістік кооперативінің (бұдан әрі – «Ә[...]» ӨК) жауапкер "Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" РММ-не (бұдан әрі – Басқарма), мүдделі тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" «РНӘДКБНБАБЖТХЗДТКЖТӘІБТОМАӘС2Ж3МШЖТОСӘІЖСА2Ж1ҚҚТҚБКШКТӘІҚА[...]»» ӨК сотқа Басқарманың камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою арызымен жүгінген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 3 маусымдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты соттарының материалдық және процессуальдық заң нормаларын бұзуына байланасты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қою арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Сотқа қатысушы тараптардың түсінігін, прокурордың сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілерінің күшін жоюға жатады деген қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілген.
Сотта анықталғандай, «А[...]» ӨК-нің негізгі қызметі ұн өңдеу болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 21 маусымдағы шешімімен К[...] мен З[...] арасында 2018 жылғы 30 қарашада жасалған «ПФ[...]» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 % үлесін сатып алу-сату келісім шарты, «Т[...]» ЖШС-нің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №711 бұйрық негізінде жүргізілген мемлекеттік қайта тіркеуі, М[...] мен «Т[...]» ЖШС-гі арасында 2019 жылғы 15 қарашада жасалған «VC[...]» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 % үлесін сатып алу-сату келісім шарты, «VC[...]» ЖШС-нің 2019 жылғы 18 қарашадағы №540 бұйрық негізінде жүргізілген мемлекеттік қайта тіркеуі, «БC[...]» ЖШС-нің 2018 жылғы 12 қарашадағы №656 бұйрық негізінде жүргізілген мемлекеттік қайта тіркеуі жарамсыз деп танылып, күші жойылған.
Басқарма 2021 жылғы 31 желтоқсанда талап қоюшы «А[...]» ӨК-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы №5812QJ500002 хабарламаны жолдап, камералды бақылаумен қамтылған 01.10.2018-30.09.2021ж. кезеңге қайта тіркеуі жарамсыз деп танылған салық төлеушінің шығыстарды шегерімге жатқызуы бойынша анықталған 12 497 657 теңге көлеміндегі бұзушылық сомасын жоюды міндеттеген.
Жергілікті соттар талап қоюшының талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартып, оны талап қоюшымен «КМК[...]» ЖШС-гі және «НАМ[...]» ЖШС-мен жасалған келісім шарттары, бидайды тасымалдау жүкқұжаттары ұсынылмағанымен негіздеген.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 17 мамырда талап қоюшы «А[...]» ӨК мен «БC[...]» ЖШС арасында 510 тонна 4 класс бидайды 61 000 теңгеден «ИГ[...]» ЖШС элеваторы арқылы сатып алу-сату туралы №1705 келісім шарты жасалғанын, талап қоюшы осы келісім шарттың жасалғаны туралы 2019 жылғы 17 мамырдағы №397819 астық қолхатын ұсынғанын, алайда бұл астық қолхатында 392 027 кг 4 класс бидайдың «БC[...]» ЖШС-нен талап қоюшы «А[...]» ӨК-не басқа астық қабылдау кәсіпорны – «КМК[...]» ЖШС-гі арқылы сатылғанын көрсеткен.
Бұған қоса, 2019 жылғы 30 мамырда «А[...]» ӨК мен «БC[...]» ЖШС арасында 280 тонна 3 класс бидайды 66 000 теңгеден «И[...]» ЖШС элеваторы арқылы сатып алу-сату туралы №3005 келісім шарты жасалған.
Сотқа келісім шарт бойынша бидайдың сатылғаны туралы 2019 жылғы 29 мамырдағы №399 558 және 2019 жылғы 30 мамырдағы №399 558 астық қолхаттары ұсынылған.
Келісім шарттан бұрын берілген 2019 жылғы 29 мамырдағы №399 558 астық қолхатында 280 000 кг 3 класс бидайдың «БC[...]» ЖШС-нен «А[...]» ЖШС-не сатылғаны көрсетілген.
Ал, 2019 жылғы 30 мамырдағы дәл осы нөмірлі №399558 астық қолхатымен 280 000 кг 3 класс бидайдың «А[...]» ЖШС-нен «НМ[...]» ЖШС-не сатылған.
«ИГ[...]» ЖШС элеваторымен жасалған дәнді сақтау туралы 2018 жылғы 20 наурыздағы келісім шарты ұсынылғанымен, «НМ[...]» ЖШС-мен жасалған келісім шарт пен бидайды тасылмалдау жүкқұжаттары ұсынылмаған.
Бұдан кейін, 2019 жылғы 18 қыркүйекте талап қоюшы «А[...]» ЖШС мен «БC[...]» ЖШС арасында 229 898 кг 3 класс бидайды 61 000 теңгеден «ИГ[...]» ЖШС элеваторы арқылы сатып алу-сату туралы №18 келісім шарты жасалған.
Келісім шарт бойынша бидайдың сатылғаны туралы 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №425676 астық қолхаты ұсынылған.
Алайда, бұл астық қолхатына сәйкес 229,898 тонна 3 класс емес 4 класс бидай басқа астық қабылдау кәсіпорны «ТАL[...]» ЖШС элеваторы арқылы «А[...]» ӨК нен «КE[...]» ЖШС-не сатылған.
«БC[...]» ЖШС-нен сатылғаны жөнінде астық қолхаттары, талап қоюшының «ТАL[...]» ЖШС элеваторымен және «КE[...]» ЖШС-мен жасалған келісім шарттары мен бидайды тасылмалдау жүкқұжаттары ұсынылмағанын негізге алған.
Сондықтан, соттар даулы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық органының құзыретіне және заңнамаға сәйкес қабылданған деген қорытындыға келген.
Алайда, соттардың мұндай тұжырымдарымен төмендегі негіздерге байланысты келісуге болмайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 94бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.
Осы Кодекстің 264-бабының 2) тармақшасына және 403-бабының 4) тармақшасына сәйкес сот тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осындай салық төлеушіден іс жүзінде алынғанын анықтаған операцияларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімімен анықталған, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржышаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысты болмайтын салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар шегерімге жатпайды, ал қосылған құн салығы алып тастауға жатады.
Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сай салық төлеуші салық органының камеральдық бақылау нәтижесі бойынша шығарылған хабарламасын даулау барысында іс жүзінде шаруашылық операцияларының орындалғанын дәлелдеуге құқылы.
Атап айтқанда, 2019 жылғы 9 сәуірдегі №1904 шарт жалпы сомасы 300 тоннаға 18 600 000 теңге, тоннасына 62000 теңгеден жасалған. Кейіннен бағасының өзгеруіне және бидай өндірушісінің өзгеруіне байланысты әрбір ұсынылған көлемге қосымша келісімдер жасалған:
22.04.2019 жылғы №2204 санды қосымша келісім, жалпы сомасы 1 553 487 теңге 25,467 тонна, тоннасына 61000 теңгеден;
22.04.2019 жылғы №2304 санды қосымша келісім, Жалпы сомасы 1 961 638 теңге 32,158 тонна, тоннасына 61000 теңгеден;
22.04.2019 жылғы 2404 санды қосымша келісім, Жалпы сомасы 1 961 638 теңге 32,158 тонна, тоннасына 61000 теңгеден;
22.04.2019 жылғы 2504 санды қосымша келісім Жалпы сомасы 1 961 638 теңге 32,158 тонна, тоннасына 61000 теңгеден;
22.04.2019 жылғы 2604 санды қосымша келісім, Жалпы сомасы 1 961 760 теңге 32,160 тонна, тоннасына 61000 теңгеден;
Сонымен 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 1904 шарт бойынша барлығы – 154 101 кг, жалпы сомасы 9 400 161 теңгеге сатып алынған.
Бұдан бөлек, 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 274 төлем тапсырмасы бойынша «БC[...]» ЖШС-не алдағы сатып алынатын бидайды ескеріп, артығымен 18 600 000 теңге 304,918 тонна бидайға аударылған.
«БC[...]» ЖШС сатылған бидайды одан әрі тиеу үшін астық қолхаттары бойынша «А[...]» ӨК атына «ИТГ[...]» ЖШС элеваторына тапсырған.
Астық қолхаттары:
Тіркеу нөмірі GRS 0074-8514-128634 кг; Тіркеу нөмірі GRS 0077-3739-25467 кг; Барлығы – 154 101 кг; жалпы сомасы 9 400 161 теңге.
«Ә[...]» ӨК «ИТГ[...]» ЖШС элеваторы арқылы «БC[...]» ЖШС-нен сатып алынған бидайдың 140,0 тоннасын Өзбекстан Республикасы «M[...]» ЖШС-на сатқан және теміржол көлігімен жөнелткен.
140,0 тонна бидай Өзбекстан Республикасына теміржол көлігімен 2019 жылғы 30 сәуірдегі №в0720660 және №в0720661 санды жүкқұжаттарымен жолданған.
14,101 тонна көлемінде қалған бидайды «А[...]» ӨК элеватордан өзі алып кеткен.
Істің мұндай тұрғысында «Ә[...]» ӨК-нің «Астық қол хаттары» Қазақстан Республикасы Ауыл-шаруашылық министрлігінде тіркеуде болатыны, оны тараптардың келісімі бойынша өзгерту, не кері уақытпен жасау мүмкін еместігі туралы уәждері негізді болып табылады. Бұдан бөлек, бидайды Өзбекстан Республикасына жөнелткен темір жол жүкқұжаттары да тараптар арасындағы мәміленің шын мәнінде орын алғанын дәлелдейді.
Демек, сот сатылары талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы негізсіз тұжырымға келген, сондықтан жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылып, «Ә[...]» ӨК-нің талап қою арызы қанағаттандырылуға жатады.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 3 маусымдағы шешімі және Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 қазандағы қаулысының күші жойылсын.
Іс бойынша әкімшілік талап қоюды қаңағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын.
«Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММнің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №5812QJ500002 хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылсын.
«А[...]» өндірістік кооперативінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
Судьялар
Н. Қайыпжан
Г. Дүйсенбаев Ж. Ермагамбетова
Көшірмесі дұрыс Судья
Н. Қайыпжан
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.