Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 06.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/431 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/431

ҰЙҒАРЫМ

2025 жылғы 6 қазан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Н.Б.Ормаханов, судьялар А.К.Рамазанова, А.К.Айкенова, талап қоюшы М.У.Каиповтың, оның өкілі Н.С.Алагөздің, жауапкердің өкілі Г.Р.Бажиевтың, үшінші тұлғалар:

«Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі А.И.Джолшибекованың,

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Г.К.Бейбитовтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы Мадияр Усенбекович Каиповтың жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бұйрықтарды заңсыз деп танып, бұрыңғы жұмысына қайта орналастыру, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақыны өндіру туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық ісі бойынша қабылданған Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы шешімі мен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

М.У.Каипов сотқа аталған талап қоюмен жүгінген.

Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының

2025 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Аталған сот актілері талап қоюшымен шағымдалған.

Кассациялық сатыда тараптар аталған дау бойынша татуласу келісімге келіп, татуласы келісімді ұсынды.

Татуласу келісімнің шарттары:

Жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ-сі талап қоюшы М.У.Каиповқа қатысты 2024 жылғы 08 қазандағы №190, 2025 жылғы 23 қаңтардағы №23 бұйрықтардың күшін жою жөнінде бұйрық қабылдауға, талап қоюшыны бұрыңғы жұмысына «Жамбыл облысы әкімдігінің

білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ-не тарих пәні мұғалімі ретінде қабылдап, орташа 6 (алты) айлық жалақысын төлеп беру туралы бұйрық шығаруға міндеттенеді.

Жауапкер талап қоюшыға қатысты аталған келісімнің мендеттемесін татуласу бекітілген кезден бастап 3 (үш) күн ішінде бұйрықтар қабылдауға келіседі.

Егер тараптардың бірі өз міндеттемелерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Талап қоюшы М.У.Каипов және оның өкілі Н.С.Алагөз татуласу келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ-сі директорының міндетін уақытша атқарушы Г.Р.Бажиев аталған келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Үшінші тұлға өкілдері А.И.Джолшибекова мен Г.К.Бейбитов аталған татуласу келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға қарсы еместігін көрсетті.

Тараптарға Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 177-178-баптарына, 278-бабына сәйкес татуласу келісімге келудің, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді. Татуласу келісімнің шарттары заңға қайшы келмейді және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Мұндай жағдайда кассациялық сот тараптар арасында жасалған татуласу келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді өндірістен тоқтатқанды дұрыс деп санайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 6)-тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы шешімі мен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі қаулысының күші жойылсын.

Талап қоюшы Мадияр Усенбекович Каипов пен жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында жасалған татуласу келісім бекітілсін.

Татуласу келісімнің шарттары:

Жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ-сі талап қоюшы М.У.Каиповқа қатысты 2024 жылғы 08 қазандағы №190, 2025 жылғы 23 қаңтардағы №23 бұйрықтардың күшін жою жөнінде бұйрық қабылдауға, талап қоюшыны бұрыңғы жұмысына «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» КММ-не тарих пәні мұғалімі ретінде қабылдап, орташа 6 (алты) айлық жалақысын төлеп беру туралы бұйрық шығаруға міндеттенеді.

Жауапкер талап қоюшыға қатысты аталған келісімнің мендеттемесін татуласу бекітілген кезден бастап 3 (үш) күн ішінде бұйрықтар қабылдауға келіседі.

Егер тараптардың бірі өз міндеттемелерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.

Ұйғарым шағымдануға, өтінішхат келтіруге жатпайды.

Төрағалық етуші Н.Ормаханов

Судьялар А.Рамазанова

А.Айкенова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.