ВС РК - Постановление от 26.07.2021 по делу 6001-21-00-3Г/3245 (Гражданское)

6001-21-00-3г/3245

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 26 шілде Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы М.Ж.Бектұрғанов талап қоюшылар С[...] және Т[...] жауапкерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Жетісай аудандық бөліміне, Жетісай аудандық жер қатынастар бөліміне, Т[...] жерге орналастыру жобасын бекіту туралы қорытындыны және сәйкестендіру құжатының күшін жойып, заңсыз иеліктен жер телімін қайтару туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысына жауапкер Т[...] келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар С[...] және Т[...] сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген.

Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, талап қоюшы Т[...] кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжатының күшін жойып, жауапкер Т[...] талап қоюшы Т[...] тиесілі 10,0 гектар жер телімін қайтарып алып беру туралы талабын қанағаттандырусыз қалдырған бөлігінің күші жойылып, талаптың осы бөлігін қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжатының күші жойылған, жауапкер Т[...] талап қоюшы Т[...] тиесілі 10,0 гектар жер телімі қайтарып алып берілген.

Жауапкер Т[...] талап қоюшы Т[...] пайдасына 2778 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арыз беруші істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты азаматтық іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жоюды сұраған.

Сотта анықталғандай, Жетісай ауданы әкімінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі шешімі бойынша жауапкер Т[...] ауданның арнайы жер қорынан 150 га жер телімі берілген.

Осы шешімнің негізінде жер телімінің нақты шекарасын анықтау және орналасу жөніндегі сызбалар бойынша жалпы 164 га жер теліміне сызба жасалған, оның ішінде 14 га жерге газ құбырының қорғау аумағы жолағы және тұт талдары аумағы белгіленіп, 150 га жердің нақты шекарасы анықталған.

Осыдан кейін 150 га жер телімі 30 гектардан 5 бөлікке бөлініп,

кадастрлық сәйкестендіру құжаттары жасалған.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы №326 қаулысына сәйкес С[...] шаруа қожалығын ұйымдастыру үшін ауданның арнайы жер қорынан 2,9 га суармалы егістік жер берілген.

Көрсетілген қаулының негізінде жер теліміне №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделіп, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі №154 жер телімін жалға беру шарты жасалып, әділет басқармасында тіркеуден өткен.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі №297 қаулысына сәйкес С[...] шаруа қожалығын ұйымдастыру үшін ауданның арнайы жер қорынан 10,0 га суармалы егістік жер берілген. Аталған қаулының негізінде жер теліміне №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделіп, 2009 жылғы 28 сәуірдегі №36 жер телімін жалға беру шарты жасалып, әділет басқармасында тіркеуден өткен. Заңды күшіне енген Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы, [...] округі, 010 квартал 359 участок жер телімінің кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты және «Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен С[...] жасалған 2009 жылғы 28 сәуірдегі №36 жер телімін жалға беру шарты жарамсыз деп танылған және Мақтаарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, 010 квартал 371 участок жер телімінің кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты және «Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен С[...] араларында жасалған 2010 жылғы 22 қыркүйектегі №154 санды жер телімін жалға беру шарты жарамсыз деп танылған.

Бірінші сатыдағы сот жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Жетісай аудандық бөлімінің өкілі А[...] қорытындысында, талап қоюшылардың жер телімдерінің орналасулары бойынша кадастрлық істері жойылып кеткен, олардың жер телімдерінің орналасуы жауапкер Т[...] жер телімдерімен беттесулер бар туралы және Т[...] тиесілі жер телімінің жерге орналасу жобасы мен кадастрлық ісі мен сәйкестендіру құжаттарын жоюға негіз болатын дәлелді сотқа ұсынбаған деп талап қоюшының талабын қанағаттандырусыз қалдырған.

Апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келіспей, Т[...] даулы жерге құқығы Мақтаарал аудандық сотының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен пайда болған және сол шешімнің негізінде жасалған жер телімін жалға беру шарты осы соттың 2018 жылғы 19 маусымдағы шешімімен күшінде қалдырылғанын негізге алған. Т[...] даулы жердің заңды иесі және Азаматтық Кодекстің 260бабына сәйкес меншік иесі өзгенің заңсыз иелігінен өз мүлкін талап етуге құқылы деген тұжырымға келген.

Сондай-ақ, сот алқасы даулы болып отырған жер телімін Т[...] заңды меншік иесі ретінде пайдаланып отырғанына қарамастан, жауапкер Т[...] кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты негізсіз жасақталғанын басшылыққа алып, сот шешімін өзгертіп, талап қою арызын ішінара қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдаған.

Өтінішхат иесі өтінішхатта апелляциялық сатыдағы соттың мұндай тұжырымымен келіспей, даулы жерге ешқандай қатысы, яғни ешбір құқығы жоқ екенін, оның меншігінде немесе пайдалануында болмағанын және осы фактілерді апелляциялық сот ескермегенін көрсеткен.

Бастапқыда «Ағайынды Т[...]» жеке фирмасына берілген 150 га жер 30 гектардан 5 бөлікке бөлініп, ол жер телімдеріне ағайындылардың әрқайсының жеке меншік құқықтары пайда болғанын атап айтқан.

Осы іс бойынша даулы болып отырған 10,0 га жер учаскесі Т[...] тиесілі 30 га жердің бөлігінен берілген.

Т[...] ол жерге құқығы 2001 жылғы 31 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты негізінде пайда болған.

2011 жылғы 25 маусымдағы сатып алу-сату шартына сәйкес даулы жер телімін Т[...] Т[...] сатқан.

2019 жылы осы 30 га жер тағы 3 бөлікке бөлініп, оларға жаңа сәйкестендіру құжаттары жасалынған.

Даулы жер телімінің кадастрлық нөмірі [...], көлемі 12,73 га болып жаңадан қалыптасқан.

Алайда, сот алқасының назарынан көрсетілген мән-жайлар тыс қалып, даулы жердің ағайынды Түймешевтердің қайсысына тиесілігі екенін анықталмаған.

Осыған орай, өтінішхатта автор осы азаматтық іс бойынша өзінің тиісті емес жауапкер екендігі туралы уәждер келтірген.

Өтінішхат иесінің пікірінше, апелляциялық сатыдағы соттың Т[...] даулы жерді меншік иесіне қайтарып беру туралы тұжырымы негізсіз, себебі даулы жер оның меншігінде емес, Т[...] тиесілі. Яғни, бұл сот шешімін іс жүзінде де орындау мүмкін емес.

Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық саты сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.

АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,

судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 мамырдағы қаулысына келтірген Т[...] өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья М.Бектұрғанов Көшірмесі дұрыс

Судья М.Бектұрғанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.