6001-22-00-3г/6046(2)
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 23 қаңтар
А с т а н а қ а л а с ы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы А[...] жауапкер «Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ-не бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған күндеріне жалақыны, материалдық шығынды және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Ақтау қаласының № 2 сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А[...] өкілі заң консультанты А[...] өтінішхатын алдын ала қарап,
А[...] «Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ-нің (әрі қарай – Полиция департаменті) 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 708 ж/қ бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған күндеріне жалақыны, материалдық шығынды және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоымен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтау қаласының № 2 сотының 2022 жылғы 11 мамырдағы шешімімен А[...] талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Өтінішхат иесі жергілікті соттардың тұжырымдары іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс айқындамай және толық анықтамай жасалғанын, істің біржақты қаралғанын, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
А[...] өтінішхатта келтірген уәждерін, іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін тексеру мақсатында судья өтінішті алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырып, азаматтық іс құжаттарын алдырту қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 438, 443баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының № 2 сотынан талап қоюшы А[...] жауапкер «Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ-не бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру,
бос жүруге мәжбүр болған күндеріне жалақыны, материалдық шығынды және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс сұратып алынсын.
Талап қоюшы А[...] өкілі заң консультанты А[...] өтінішхатының алдын ала қаралуы іс түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья
Е. Исмаилов
Көшірмесі дұрыс.Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.