ВС РК - Постановление от 03.07.2023 по делу 6001-23-00-3Г/3123 (Гражданское)

6001-23-00-3Г/3123

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 3 шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Мырзаке талап қоюшы «Ш[...]» шаруа қожалығының (бұдан әрі - Шаруа қожалығы) жауапкер «А[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік):

-2021 жылғы 20 мамырдағы №31 ауылшаруашылығы техникасын сатып алу-сату шарттың (бұдан әрі - Шарт) талаптарына және техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін жиынтықталмаған техниканын жетпейтін құралдарын жеткізуге міндеттеу туралы талап қою бойынша шығарылған

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымын, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымын қайта қарау туралы талап қоюшының өкілі Ж[...] өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Шаруа қожалығы С[...] жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымымен талап қоюды қабылдаудан бас тартылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымынмен бірінші сатыдағы сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Арызданушы сот ұйғарымдарымен келіспей, істі қараған кезде соттар материалдық және процесстік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, даулы сот актілерінің күшін жойып істі бірінші сатыдағы сотқа қарау үшін жіберуді сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Жергілікті соттар, талап қоюды қабылдаудан бас тартуын міндеттемені мәжбүрлі түрде орындату заңмен көзделмеген, заң талабымен міндетемелер орындалмаған жағдайда құқығы бұзылған адам келтірілген залалдың өтелуін немесе келтірілген зиян мен шығынды сұрап алады деп көрсеткен.

Алайда мұндай тұжырымдарымен келісуге болмайды.

Талап қоюды қабылдаудан бас тарту құқықтық негіздер тізбесі АПК-нің 151-бабы 1-бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көзделген. Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңейтілген талқылауға жатпайды.

Мұндай негіздер іс бойынша анықталмаған.

Тараптар арасында Шарт жасалып, оның №1 қосымшасына сәйкес Серіктестік Шаруа қожалығына ООО «ЗК[...]» (Украина) өнімін жеткізіп беруге міндеттенген.

2021 жылғы 28 мамырда Шаруа қожалығы толық көлемде төлем жасаған. Серіктестік тауарды 2021 жылғы 2 шілдеде және 30 шілдеде жеткізген. Қазақстан Республикасының Аазаматтық кодексінің 408-бабына сәйкес сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.

Алайда жауапкер заң талаптары және Шартта көзделген міндеттемесін бұзып, Шарттың талаптарына және техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін жиынтықталмаған техниканы жеткізген.

АПК-нің 8-бабының 1-тармағына сәйкес әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Жергілікті соттардың жіберген кемшіліктері елеулі болып табылады, өйткені олар Шаруа қожалығының сот арқылы қорғалуы жөніндегі конституциялық құқығының шектелуіне әкеп соққан.

Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып,

судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымын, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Ғ.Ж.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.