Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 06.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/1656 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 6 мамыр №6003-26-00-2к/1656 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев, талап қоюшының өкілі Қ[...], жауапкердің өкілі Ж[...], аудармашы Т[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Сарысу ауданы әкімінің жауапкерлер М[...], М[...] мүлігіне меншік құқығын тоқтату және осы мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы талап қоюы бойынша қабылданған Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы қаулысына жауапкерлердің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Сарысу ауданы әкімі жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, Жамбыл облысы, [...] көпқабатты [...] пәтерлі №[...] үйдің №[...] пәтеріне (бұдан әрі-даулы үй, мүлік) И[...] пен М[...] меншік құқықтары тоқтатылып, осы мүлікке коммуналдық меншік құқығы танылған. Жауапкерлерден мемлекет пайдасына мемлекеттік баж өндірілген.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкерлер кассациялық шағымдарында пәтердің меншік құқығынан бас тартпағандарын, пәтер коммуналдық қызметтер тоқтатылғандықтан 2005 жылы пәтерден шығып, басқа жайда тұрғанарын, осы нысана бойынша, осы негіздермен осы тараптар арасында бұрын дау қаралып, іс тоқтатылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабы 1-тармағының талабына сай Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Осы баптың 2-бөлігіне сай меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 28-бабы 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 249-бабы 1-бөлігінің талабында меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады деп көрсетілген.

АК-нің 242-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес, меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.

Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді. Бұл ретте, егер иесіз зат халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектісі болып табылса, Қазақстан Республикасының заңдарында сот бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп танығанға дейін оны уақытша пайдалану көзделуі мүмкін.

Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.

Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.

2006 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» №3 нормативтік қаулысының 6- тармағының талабы бойынша меншік құқығын сақтау ниетін дәлелдейтін әрекет жасалмаған меншік иесі тастап кеткен тұрғын үй тасталған (немесе қалдырып кеткен) тұрғын үй деп аталады. Мұндай тұрғын үйлерге меншік иесімен қараусыз қалдырылған, үйді ұстау жөніндегі және тағы да басқа міндеттерін орындамай тасталған бос тұрған үйлер жатады. Тұрғын үйді жою (бұзу) жағдайлары сот шешімі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатуға жеке негіз болып табылады.

Даулы пәтер 1992 жылғы 15 желтоқсандағы №3547 жекешелендіру шарты негізінде жауапкерлерге тиесілі.

2024 жылғы 22 тамыздағы Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының коммуналдық бөлімшесінің мамандарымен, Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің төрағасының, Жаңатас қалалық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасының қатысуларымен Жаңатас қаласындағы 2 шағынауданы, №[...] үйге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, акт жасалған. Зерделеу барысында көп қабаттың үйдің барлығы [...] пәтердің [...] пәтерінде есік, терезелері жоқ, кіре берістің кейбір қабаттарында блоктары сынып түсіп қалған жерлері бар. Баспалдақтарындағы адамға тіреу болатын темірлері жоқ. Барлық кіре берістердің сыртқы есіктері жоқ. Үйдің инфрақұрылымы толықтай жылу беру, сумен қамтамасыз етуден ағытылған.

«Жамбыл облысы, [...] әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әріМекеме) аналитикалық анықтамасына сәйкес, даулы көпқабатты тұрғын үй 1980 жылдардың ортасында қолданысқа беріліп, 1998-2000 жылдары

аралығында тоқырау кездері барлық пәтер иелері басқа жаққа қоныс аударып пәтерлерін қараусыз қалдырып тастап кеткен. Пәтердің ішіндегі барлық инфрақұрылым, жылу, ауыз су құбырлары, электр кабелдері талан-таражға түсіп, орындары қаңырап бос қалған. Тұрғындар аталған үйден көшу барысында есік, терезелерін толықтай алып кеткен. Көп қабатты үй иесіз мүлік болып тіркелген.

Жаңатас қаласы 2-мөлтек ауданы, №[...] үй бойынша «АЭ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүргізілген техникалық тексерістің 2024 жылғы 15 тамыздағы қорытындысына сәйкес даулы үй қалпына келтірілуге жатады.

2020 жылғы 31 қаңтардағы №8-2-878354-И Сарысу аудандық полиция бөлімінің хатына сәйкес, даулы мүліктің иесі М.И[...] қаласы, 3- мөлтек ауданы, №[...] үй, [...] пәтер, яғни басқа мекен-жайы бойынша 2010 жылғы 6 тамызында тіркелген.

2024 жылғы 9 қыркүйек №719 Жамбыл облысы Сарысу АЭЖ-нің жауабына сәйкес Жаңатас қаласы, 2 мөлтек ауданы, №33 көп қабатты тұрғын үйдің электр желісі қосылмаған.

Бірінші сатыдағы сот іс бойынша анықталған барлық мән-жайларға даулы пәтер көп жылдан бері үй иелерімен қараусыз қалғанын, мүлікті қорғауға немесе сақтауға ешқандай шара қолданылмағанын негізге алып, талап қоюды қанағаттандырған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешімімен келіскен.

Жергілікті соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді, соттармен процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған.

Осы ретте, жауапкерлердің әрекеттері мен әрекетсіздіктері, жергілікті атқару органдарының мәліметтері, соның ішінде көп қабатты тұрғын үй иесіз мүлік ретінде тіркелгені, пәтер иелері жергілікті атқарушы органына пәтерді иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасамағаны, пәтер иелерінің меншік құқығынан бас тартқанын білдіреді. Мұндай жағдайда соттардың талап қоюшының пәтер иелерінің меншік құқықтары тоқтатып, мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы талап қоюын негізді қанағаттандырған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабы 24), 28)-тармақшаларының талабына сай пәтер – көп пәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай; ал тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) туралы ұғымдар берілген.

Даулы жылжымайтын мүлік иелері оны иелену, пайдалану немесе билік етуге қатысты тиісті әрекеттер жасамаған. Жылжымайтын мүліктің есік, терезелері жоқ, шатыр жабындысы құлаған, іші, сырты және жертөлесі қоқысқа толы, санитарлық жағдайы нашар, қоршаған орта мен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күйде.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» шеңберінде Жаңатас, Қаратау, Кентау қалаларын дамыту, келбетін ретке келтіру, абаттандыру, қайта жаңғырту бағдарламасын жүргізу мақсатында Жаңатас қаласы, 2 шағынауданы, №33 көпқабатты тұрғын үйді коммуналдық меншікке алып, оны күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру мақсатында аудан әкімі сотқа талап қоюмен жүгінген.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 4-бабына сәйкес пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану, яғни, пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану олардың қирауына немесе бүлінуіне алып келмеуге, басқа пәтерлер, тұрғын емес үйжайлар меншік иелерінің тұру (болу) жағдайларын бұзбауға және құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келуге тиіс.

Жауапкерлердің бұрын талап қоюшы осы нысана бойынша, осы негізбен, өздеріне қатысты сотқа талап қоюымен жүгінгені, ол азаматтық іс бойынша іс жүргізу талап қоюдан бас тартуына байланысты тоқтылғаны, сондықтан талап қоюшы осы іс бойынша талап қоюмен сотқа жүгінуге құқығы болмағаны туралы уәжіне апелляциялық сатыдағы сот бұдан бұрын талап қоюды әкімдік берген болса, қазіргі іс бойынша әкім бергені, яғни екі даудың тараптары бөлек деген дұрыс баға берген. Сонымен қатар, талаптың нысанасы да өзгерген. Бұрын пәтер иесінің меншік құқығын тоқтату туралы талап қойылмаған.

Кассациялық шағымдағы басқа уәждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты.

Шағым иесімен соттармен материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотының 2025 жылғы 10 шілдедегі шешімі және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы қаулысы күшінде, жауапкерлердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья А.Даненова

Судьялар

М.Ибрагимова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.