Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 01.04.2026 по делу 6003-26-00-2к/45 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 1 сәуір №6003-26-00-2к/45 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья Қ.Айтжанов, судьялар А.Бакытжанова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы М.Бекеев, оның өкілі Р.Байбабаев, жауапкер "B Like" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Н.Тамабаевтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы жеке кәсіпкер Мыктыбек Ашимулы Бекеевтің жауапкер «B Like» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін талап қоюшы жағындағы үшінші тұлға «Су ресурстары – маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кәріз құбыры мен кәріз құдығын қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 23 маусымдағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Жеке кәсіпкер М.Бекеев жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 23 маусымдағы шешімімен талап қою қанағатандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, сондықтан материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 75-

тармашасына сай салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және Заңмен реттеледі.

Сыртқы инженерлік коммуникациялар (суық су және ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс) объектінің (ғимараттардың, құрылыстардың, үйжайлардың) қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және оларды қалалық пайдалану ұйымдарымен қабылдануы көзделген. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 7-тармағына сай объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмаса, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді. Заңның 68-бабы 10-тармағына сай сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн қажеттi бастапқы материалдардың құрамы мен көлемi мемлекеттiк нормативтiк құжаттармен белгiленедi. Жаңа объект салу немесе қазіргі бар объектiнi реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтiру) үшiн жер учаскесiн бөлiп беру (телiм беру) талап етiлмейтiн жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосу қажет болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиiстi жазба жасалады.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшымен кәріз құбырына құқық беретін құжаттары бар екенін дәлелдей алмағанын, жауапкер кәріз құбыры өзіне тиесілі жер телімінде құрылыс салу жоспарлауына байланысты кәріз жүйесін жылжытқанымен талап қоюшының құқықтары бұзылмағанын негізге алып, кәріз құбыры мен кәріз құдығын қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы қорытындыға келген.

Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.

Жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс анықталып, оларға тиісті құқықтық баға берілген.

2004 жылғы 30 наурыздағы «Су ресурстары – маркетинг» ЖШС-мен келісілген «АКБ» ЖШС-мен бекітілген сумен жабдықтаушы ұйым мен жеке сектордағы тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілікті ажырату актісіне тіркелген сызбасы бойынша «Су ресурстары – маркетинг» ЖШС-не тиесілі диаметр 200 мм кәріз құбырына жеке кәсіпкер Бекеев Мыктыбек Ашимулына тиесілі диаметрі 100 мм кәріз құбыры қосылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынған мәліметтеріне сәйкес Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Безделев көшесі, 111/7, кадастр №22:329:016:222 жер телімі жауапкер «B Like» ЖШС-не тиесілі. Осы жер телімінде даулы кәріз құбыры мен кәріз құдығы орналасқан. Аталған кәріз құбыры арқылы талап қоюшыға тиесілі Шымкент қаласы, Тыныш өткелі көшесі, 1А, мекен жайы бойынша орналасқан ғимараттың кәріз суы негізгі кәріз жүйесіне құйылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі хатына сәйкес талап

қоюшымен диаметрі 250 мм құрайтын кәріз құбырын жүргізу туралы сәулетжоспарлау тапсырмасы жолданбағаны және кәріз жүйесіне реконструкция жүргізілмеген.

Осылайша жергілікті соттар талап қоюшы диаметрі 250 мм құрайтын кәріз құбырын пайдалануға құзырлы мекеменің рұқсатымен енгізгені жайлы тиісті дәлел ұсынбағанын анықтап, оның жауапкерге тиесілі жер телімінен өткен кәріз құбыры және орнатылған кәріз құдығын қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап қоюын негізсіз деп тапқан.

Талап қоюшы осы мән-жайларды теріске шығаратын дәлелдер ұсынбаған.

Жауапкер өзіне тиесілі жер телімінен өткен кәріз құбырын алып тастамаған, ол тек кәріз құбырының жүргізу жолын өзгерткен. Сондай-ақ, жауапкермен орнатылған құбырдың диаметры 150 мм болса, талап қоюшының су желілеріне қосылудың техникалық шартында рұқсат етілген құбыр диметрі 100 мм тең. Осы тұрғыдан қарағанда, жауапкердің әрекетімен талап қоюшының құқықтары бұзылмаған.

Сонымен қатар, талап қоюшымен сотқа талап қоюды 2024 жылғы 5 қарашада берілген болса, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы талап қоюшының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі хатына жауапкер тарапынан кәріз жүйесінің қақпалары қалпына келтірілгені туралы хабарланған. Яғни талап қоюшымен сотқа талап қоюымен жүгінгенге дейін құдықтың қақпасы орнында болған. Талап қоюшымен кәріз жүйесінің қандай күйде болғаны және ол жауапкердің әрекеттері нәтижесінде қоқыстармен толғаны жеткілікті дәлелдермен бекітілмеген.

Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 23 маусымдағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Қ.Айтжанов

А.Бакытжанова

судьялар

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.