ҚАУЛЫ
2026 жылғы 23 сәуір
№ 6003-26-00-4к/226 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші - судья М. А. Манабаева,
судьялар - Н. Е. Нуралыева, Е. Б. Тулеев,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Шымкент қаласының білім басқармасының «Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - талап қоюшы) жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - жауапкер) 18 маусым 2025 жылғы №02-СГ-15 еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап арызы бойынша,
мүдделі тұлғалар: «Шымкент қаласының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н[...], Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымдар бойынша түскен әкімшілік істі қарап,
АҢЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
2025 жылғы 15 қыркүйектегі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Сот шешімімен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 18 маусым 2025 жылғы №02-СГ-15 еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасы заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Осы соттың 2025 жылғы 15 қыркүйектегі жеке ұйғарымымен жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің тарапынан орын алған заң бұзушылықтар жөнінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің назарына жеткізілген.
2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2025 жылғы 15 қыркүйектегіШымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.
2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен 2025 жылғы 15 қыркүйектегіШымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жеке ұйғарымының күші жойылды. Кассациялық шағымдарда талап қоюшы апелляциялық соттың сот актілерді күшін жоюды сұраған.
Талап қоюшының, жауапкердің, мүдделі тұлғалардың тиісті түрде хабарланған өкілідері белгісіз себеппен кассациялық соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы істі қарауға кедергі болмайды.
Іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.
ӘРПК 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуі тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағымдардың иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілері тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Талап қоюшының сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерді қайта қарауға негіз бола алмайды.
Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысы,Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы «Шымкент қаласының білім басқармасының «Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
М. А. Манабаева
Төрағалық етуші
Судьялар
Н. Е. Нуралыева
Е. Б. Тулеев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.