Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 29.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4788 (Гражданское)

6003-25-00-2к/4788

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 29 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор К[...],

талап қоюшының өкілі С[...], жауапкер Б[...] өкілі А[...], жауапкер Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің өкілі А[...], жауапкер «Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі С[...], даудың нысанасына талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға (бұдан әрі-үшінші тұлға) С[...] және оның өкілі М[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында

талап қоюшы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігі Жер ресурстары басқару комитетінің «Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әріДепартамент) жауапкерлер жеке кәсіпкер Б[...], Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкіміне, «Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Мекеме), «Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі үшінші тұлға С[...] Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгініп, оны жауапкерге тиелісі жер учаскесінің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілгенімен негіздеген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған. Осы күнгі осы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 277-бабының 1) тармақшасына сай талап қоюдың Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы №122 қаулысын жарамсыз деп тану туралы бөлігінде іс жүргізу тоқтатылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Үшінші тұлға С[...] кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін

дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Кассациялық сот, іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, талап қоюды ішінара қанағаттандыруды сұраған прокурор К[...] қорытындысын тыңдап келесі тұжырымға келді.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49-1бабында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 157 және 267баптарына сәйкес, егер мәміле заң талаптарына сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып танылады.

2017 жылғы редакциядағы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Іс құжаттарына қарағанда, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Р[...] көшесі бойында орналасқан тұрғын үй және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу мақсатында 0,3090 га жер учаскесі жауапкер Б[...] жеке меншік құқығымен тиесілі болған. Қарасу ауыл округі әкімінің 2017 жылғы 27 шілдедегі шығыс №2101 хатымен Б[...] 2017 жылғы 4 қаңтардағы өтініші негізінде Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін сұраған.

Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі жер учаскесінің нысаналы мақсатын «тойхана құрылысын жүргізу үшін» өзгерту мүмкіндігін айқындау мақсатында тиісті мекемелер, яғни «КазтрансГаз Аймақ» АҚ Сайрам өндірістік учаскесінің, «СТ[...]» ЖШС-нің, «ОЖТ[...]» ЖШС С[...] ауданындағы мекемесінің келісімдері, Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі келісімі алынып, 2017 жылғы 7 тамыздағы №1997 хат жолданып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді комиссияның қарауына ұсынылған.

2017 жылғы 2 тамыздағы №404 объект салу үшін жер учаскесін таңдау актісі бекітіліп, жер учаскесін зерттеу материалдары және келісім беруші мемлекеттік органдардың қорытыңдысы негізінде Б[...]

пайдаланыстағы «тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін» деп берілген жер учаскесінің ішінен «тойхана құрылысы үшін» деп нысаналы мақсатын өзгертуге келісімдер берілген және кадастрлық №[...] алаңы 0,1250 га жер кадастрлық жоспары әзірленген.

Сайрам аудандық жер комиссиясының 2017 жылғы 23 тамыздағы №21 қорытындысына сәйкес, Б[...] Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Р[...] көшесі бойындағы пайдаланудағы тұрғын үй және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жеке меншікке берілген 0,3090 га жер учаскесінің ішінен 0,1250 га бөлігінің нысаналы мақсатын үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) деп өзгертуге келісім берілген.

Осы келісімнің негізінде, 2017 жылғы 11 қазанда Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы №122 дау айтылған шешім қабылданып, Б[...] мен Мекеме арасында 2017 жылғы 13 қарашадағы №67 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жасалған.

Сайрам аудандық маслихатының 2013 жылғы 27 мамырда №18-114/V шешімімен бекітілген Қарасу ауылының қолданыстағы бас жоспары бойынша жер учаскесі жеке тұрғын үйлер аумағында орналасқан. Кодекстің 109-бабының 1-тармағына сәйкес, ауылдық елді мекендердің барлық жері олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылуға тиіс, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Демек, Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қазандағы №122 шешімімен Кодекстің 44-1, 109 бабының талаптарын бұзыла отырып, кадастрлық №[...] жер учаскесі бас жоспарда тұрғын үйлерге арналған аумақта орналасқандығына қарамастан жер учаскесінің нысаналы мақсатын кәсіпкерлік үшін үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) деп заң талаптарын бұза отырып ауыстырып берген.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 49-бабының 1,2, 2-1,3 тармақтарына сәйкес тұрғын үйлер аумағында халыққа қызмет көрсету мақсатында кәсіпкерлік нысандардың болуы мүмкіндігі қарастырылған.

Алайда, осы Заңның 49-бабында көрсетілген әлеуметтiк-тұрмыстық немесе басқа объектілердің тізіміне даулы жер учаскесінде орналасқан тойхана ғимараты жатпайды.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында заң талаптарының бұзылғанын көрсетеді.

Жергілікті соттар тарапынан материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы, іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалмауы орын алған. Істің мұндай тұрғысында кассациялық сот, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күші жойылып, Департаментің талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылуға жатады деп есептейді. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 8) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы шешімінің және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысының күші жойылып, жаңа шешім шығарылсын.

Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігі Жер ресурстары басқару комитетінің «Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылсын.

«Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Б[...] арасындағы 2017 жылғы 13 қарашадағы №67 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп танылсын.

Б[...] мемлекет пайдасына 1966 (бір мың тоғыз жүз алпыс алты) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.

Үшінші тұлға С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

А.О.Тогумбетова

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.