ВС РК - Постановление от 28.04.2025 по делу 6001-25-00-3Г/1338(2) (Гражданское)

6001-25-00-3г/1338(2)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 28 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова

талап қоюшы К.А.Мышированың жауапкер А.К.Оспановаға өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, отбасымен үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімін және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы А.К.Оспанованың өкілі Г.Т.Саржановтың өтінішхатын электрондық істі зерттеу арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

К.А.Мыширова сотқа аталған талап қоюмен жауапкерге жүгінген. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың қабылдаған шешімдерімен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс құжаттарынан анықталғандай, А.К.Оспанова 2013 жылғы 31 қаңтардағы 0,0057 га жер учаскесімен үйді сатып алу-сату шартына сәйкес олардың меншік иесі болып танылған.

2003 жылғы 25 қыркүйектегі әкімнің қаулысына сай А.К.Оспановаға 0,0035 га қосымша жер беріліп, жалпы ауданы 0,0110 га жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін меншік құқығы бекітілген.

2023 жылғы 11 желтоқсанда жеке меншік құқығы туралы жер учаскесіне мемлекеттік акт берілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының 2023 жылғы 21 қарашадағы мәліметіне сай М.Тәтімов көшесі, 79 үйге тиесілі жердің көлемі 0,1140 га, оның ішінде жер учаскесінің үлестік мөлшерлері:

  • 0,0560 га К.А.Мышироваға (3 пәтер) тиесілі;

  • 0,0110 га А.К.Оспановаға (2 пәтер) тиесілі;

  • 0,0470 га С.А.Халимсапиеваға (1 пәтер) тиесілі.

Аталған шартта, жеке меншік құқығы туралы мемлекеттік актіде, техникалық паспортта, жерге орналастыру жобада, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-ның мәліметінде – жер учаскесі жеке меншік құқығы деп көрсетілгеніне арызданушы назар аударған.

Талап қоюшының көшеге шығатын жолы жоқ деген аргументтерімен келіспей, оның пәтері ауланың соңында орналасқандықтан, көшеге шығатын жол өз үйінің артындағы жолмен тас жолға шығуына мүмкіншілігі бар, бұл мән-жай көшпелі сот отырысында анықталған деп арызданушы уәждеген.

«Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы» КММ-нің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы тексеру актісіне сай Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, М.Тәтімов көшесі, 79-үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне нысанды тексеру барысында жер учаскесінде тұрғын үй (литер А), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литер А1), шатыр (литер I) тұрғызылған.

Сондай-ақ, тексеру барысында жер учаскесінде өлшемі 2,7 м х 3,0 м, биіктігі 1,73 м жертөле құрылғысы бар қолданыстағы шатырдың астына өлшемі 5,5 м х 6,6 м іргетас салынғаны анықталған. Жауапкердің жерге орналастыру жобасында аумағы 0,0110 га жер учаскесі қоршалған, жер учаскесін пайдалануға шектеулер мен ауыртпалықтар жоқ, қоршалғандығы жайлы барлық көршілер (талапкерде бар) қол қойып келісім бергенін арызданушы өтінішхатта көрсеткен.

Бұдан басқа, аталған жер аумағында кадастрлық нөмірі 20:322:029:056:1:2 жылжымайтын мүлік обьектісінің техникалық паспортына және ғимараттар мен құрылыстардың техникалық сипаттамасына сай 0,0110 га жер учаскесінің аумағында 109,9 ш.м құрылыс нысандары салынған:

  • жеке тұрғын / индивидуальный жилой дом/ үй 49,6 ш.м;

  • тұрғын жалғай салынған үй / жилая пристройка/ 22,0 ш.м;

  • суық жапсырма /холодная пристройка/ 4,9 ш.м;

  • асылма /навес/ 33,4 ш.м.

Аталған құрылыс насандары жауапкер үйді сатып алғанда болған және заңдастарылылған, сонымен қатар барлық құзырлы органдардың тексерістерінің нәтижесіне сай жауапкер тарапына жер учаскесі бойынша және салынған жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша құқық бұзушылықтарға жол берілмеген және барлық техникалық талаптарға сай келетіні өтінішхат иесі атап өткен.

Керісінше, басқа көршілердің жер учаскелері өзбетінше қоршалған, қоршау барысында олардың ешқайсысы бір бірінен рұқсат сұрамаған.

Осы айтылғанға дәлел ретінде 2024 жылғы 28 желтоқсандағы құзырлы орган тарапынан жүргізілген тексеру актісіне сай талапкер К.А.Мышированың жер учаскесіне және үй-жайына жүргізген тексерудің

нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып тексеру нәтижелері бойынша меншік иесіне 2024 жылғы 22 ақпандағы № 122/131 нұсқама берілгенін арызданушы ескерткен.

Қазіргі уақытта кадастрлық нөмірі 20-322-029-056 жер учаскесінің жалпы ауданы 0,1140 га құрайды, себебі оның 0,0250 га үлесі (А.К. Оспанова) дербес учаске ретінде айқындалғаны және кадастрлық нөмірі 20322-029-711 болып сәйкестендірілгені туралы өтінішхатта көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 53-бабының 6-бөлігіне сай ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртібі ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi. Олардың арасында келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртібін сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртібі туралы қатысушылардың келісімi немесе соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.

Апеляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, тараптарға Жер кодексінің 69-бабына сәйкес жекеше сервитут туралы жазбаша шарт жасасуды түсіндірген, алайда соттың бұл тұжырымымен жауапкердің Конституциялық құқықтары өрескел бұзылды деп арызданушы уәждеген.

Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді. АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімін және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Ш.Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.