6003-25-00-2к/4990
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 21 сәуір
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшы «ТК[...]» шаруа қожалығы Т[...] өкілі Ж[...], жауапкер «Ш[...]» шаруа қожалығы Қ[...] өкілі П[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «ТК[...]» шаруа қожалығы К[...] Т[...] атынан жауапкер «Ш[...]» шаруа қожалығы (бұдан әрі - ШҚ) Қ[...] жылжымайтын мүлікті заңсыз иелігінен талап ету және жылжымайтын мүліктің қақпасы мен ғимараттарының кілттерін табыс етуге міндеттеу туралы, талап қоюшы «Ш[...]» ШҚ Б[...] Құрманәліқызы Қ[...] жауапкерлер «ТК[...]» ШҚ К[...] Т[...] мен жеке кәсіпкер С[...] 2024 жылғы 28 қарашадағы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы, 2016 жылғы 29 тамыздағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер Қ[...] өкілі П[...] Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 сәуірдегі шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Жамбыл облысы, Р[...] ауданы, Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі, №41 мекенжайында орналасқан жалпы аумағы 2,6332га, кадастрлық нөмірі [...] жылжымайтын мүлікті (қойма ғимараттары жер учаскесімен қоса) жауапкер «Ш[...]» ШҚ Қ[...] заңсыз иелігінен талап қоюшы «ТК[...]» ШҚ Т[...] пайдасына талап етілген.
Талап қоюшы «ТК[...]» ШҚ Т[...] «Ш[...]» ШҚ Қ[...] Жамбыл облысы, Р[...] ауданы, Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі, №41 мекенжайында орналасқан жалпы аумағы 2,6332га, кадастрлық нөмірі [...] жылжымайтын мүліктің қақпасы мен ғимараттарының кілттерін «ТК[...]» ШҚ Т[...] немесе оның өкілдеріне табыс етуді міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшы «Ш[...]» ШҚ Қ[...] жауапкерлер «ТК[...]» ШҚ Т[...], жеке кәсіпкер С[...] 2024 жылғы 28 қарашадағы жауапкерлер С[...] және «ТК[...]» ШҚ-ның басшысы
Т[...] арасындағы кадастрлік нөмірі [...], Жамбыл облысы, Р[...] ауданы, Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі, №[...] үй мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және 2016 жылғы 29 тамыздағы талап қоюшы Қ[...] мен жауапкер С[...] арасындағы кадастрлік нөмері [...] Жамбыл облысы, Р[...] ауданы, Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі, №[...] үй мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер кассациялық шағымында бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа, болмаса істі мәні бойынша қарап, жаңа шешім шығаруды сұраған.
Кассациялық шағымды қолдаған жауапкер «Ш[...]» ШҚ Қ[...] өкілі П[...], шағымға қарсылық білдірген талап қоюшы «ТК[...]» ШҚ Т[...] өкілі Ж[...] тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарына қарағанда, «ТК[...]» ШҚ Т[...] және жеке кәсіпкер С[...] арасында 2024 жылдың 28 қарашасында Жамбыл облысы, Р[...] ауданы, Д.Қонаев ауылы, Бірлік көшесі, №[...] үй мекенжайында жалпы аумағы 2,6332 га кадастрлық нөмірі [...], қоймаға қызмет етуге арналған жер учаскесін (Қойма (лит.А), Таразы (лит.Б), Пектус ғимараты (лит.В) және басқа да құрылыс нысандарымен) жеке меншік құқығымен сатып алу-сату шарты жасалған (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік) және тиісті түрде меншік құқығы тіркелген.
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1 тармағымен, 1- бабының 6) тармақшасымен, 2-1 бабының 1,2 тармақтарымен, 3-бабының 1- тармағымен, осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қатынастарға қолданылатыны көзделген.
«ТК[...]» ШҚ Т[...] мен жеке кәсіпкер (бұдан әрі-ЖК) С[...] арасындағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасау кезінде мүлікке қандай-да бір ауыртпалықтар, сатып алу жүргізуге қойылған шектеулері орын алмаған, тыйым салынбаған. Шектеулер және ауыртпалықтар болмағандықтан, жылжымайтын мүлікті жер учаскесімен сатып алу-сату шарты жасалып, мемлекеттік тіркеуден өткен.
Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде, талап қоюшыға тиесілі жылжымайтын мүлік өзгенің, яғни «Ш[...]» ШҚ-ның, заңсыз иелігінде екені өз дәлелін тапқанын, жауапкер жылжымайтын мүліктің меншік иесі екенін және жылжымайтын мүлікке иелік құқығын растайтын дәлелдер ұсынбағанын негізге алып, талап қоюшының өзгенің иелігінен жылжымайтын мүлігін талап ету туралы талап қоюы қанағаттандырған. Ал қалған талаптарын, яғни ж ылжымайтын мүліктің қақпасы мен ғимараттарының кілттерін табыс ету және басқаларды, жылжымайтын мүлікті алу-тапсыру кезінде орын алатын әрекеттер екенін, бүгінгі таңда жылжымайтын мүлікті қайтару әрекеттері жүргізілмегенін, талап қоюшымен жауапкер тарапынан кілттерді беруден бас тарту, оларды жасыру немесе басқа да әрекеттер жасағаны туралы дәлелдер ұсынылмағанын ескеріп, қанағаттандырусыз қалдырған.
АК-нің 188-бабының 2, 3-тармақтарына, 235-бабының 2-тармағына сай, билiк ету құқығы мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға құқылы. Бірінші сатыдағы сот «Ш[...]» ШҚ-ның жылжымайтын мүлікпен иелік ету және іс құжаттарын рәсімдеу әрекеттерін жүргізу барысында 2016 жылғы 29 тамызда Қ[...] мен С[...] арасында орын алған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы талап қоюын негізсіз деп таныған.
Өйткені, «Ш[...]» ШҚ-ның тарапынан С[...] шарт жасаудан бас тартуы немесе өзінің құқықтарының бұзылуы орын алғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.
Апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымымен келіскен.
Іс құжаттарына қарағанда ЖК С[...] мен «Ш[...]» ШҚ-ның арасындағы 2017 жылғы жер учаскесін «Ш[...]» ШҚ пайдалануға беру шарты, 2018 жылғы қоймаға қызмет етуге арналған жер учаскесін және механикалық ток №1 (қойма, таразы, пектус) ғимаратын жалға беру шарты, 2020 жылғы бірлесіп қызмет жасау шартына қосымша шарт және 2021 жылғы 15 наурызда бірлесіп жұмыс жасау шарты жасалғаны толық дәлелденген.
Шарттар бойынша орын алынған қарыздары бойынша 2020 жылғы 20
наурызына дейін төлем жүргізетіні туралы «Ш[...]» ШҚ 2019 жылғы 15 ақпанда кепілдеме хат бергені анықталған, яғни ЖК С[...] тарапынан жылжымайтын мүлікті өз иелігінен шығарып, «Ш[...]» ШҚ-ның меншігіне беру, сатып алу-сату немесе иелігіне беру туралы шарттары жасалмаған.
АК-нің 152, 153, 155-баптарына сай, мынадай мәмiлелер егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын; мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға және заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс деп белгіленген. Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Ал тiкелей көрсетiлген жағдайларда мәмiленiң жай жазбаша нысаны сақталмаған кезде мәміле маңызсыз болып саналады.
Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептелетіні. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болатыны көзделген.
Сондықтан, талап қоюшы «Ш[...]» ШҚ-ның ауызша шартты жарамды деп тануға құқықтық негіздер жоқ.
Өйткені, Заң талаптарымен жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату талаптары және оны тіркеуден өткізу талаптары нақты көзделген және оны сақтамау ауызша мәмілені жарамды деп тануға негіз болмайды.
Сонымен бірге, «Ш[...]» ШҚ ұсынған дәлелдер жылжымайтын мүлікке құқық беретін рұқсат құжаттар қатарына жатпайды, ал Заңмен белгіленген талаптары сақталмаған жағдайда жүргізілген іс-әрекеттер заңсыз болып табылады.
Істің мұндай тұрғысында, соттардың «ТК[...]» ШҚ Т[...] талап қоюын қанағаттандыруы, ал «Ш[...]» ШҚ Қ[...] қарсы талп қоюы қанағаттандырудан бас тартуы заңды. Осыған байланысты жауапкердің шағымдағы уәжі негізсіз, соттардың түйіндеріне қарсы жаңа дәлелдер келтірмеген, көрсетілген уәждері апелляциялық сатыдағы сотпен толығымен негізделген.
Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 сәуірдегі шешімі және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер Қ[...] өкілі П[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
А.О.Тогумбетова
Судьялар:
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.