ВС РК - Постановление от 26.11.2020 по делу 6001-20-00-6кп/69 (Об административном правонарушении)

6кп-69-20

Қ А У Л Ы

2020 жылғы 26 қараша Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа төрағасы Қ[...],

судьялар Ж.Б. Ермағамбетова, А.Д. Рахметулин,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],

әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға – А[...] қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы,

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен,

А[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен А[...] ӘҚБтКнің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 505 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуында соттар қабылдаған қаулылар қайта қарауға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатындығы көрсетілген.

Алқа, А[...] және прокурордың ұсынуды қолдаған жөнінде пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, соттар қаулыларының күші жоюға жатады деп есептейді.

Іс материалдар бойынша А[...] «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымын бола отырып, тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен «Газдық қондырғыларды, жабдықтауды, жүйелерді, аппараттарды, газ қондырғыларын техникалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерге» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылғы 28 тамызда және 24 қазанда келісім шарттар жасаған.

2019 жылғы 15 қарашадағы Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) аудиторлық есеп нәтижелерінің қорытындысына сәйкес, А[...] «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36)-тармақшасының талаптарын бұзғаны анықталған. Осы факті бойынша Департамент А[...] қатысты ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа қарау үшін жолдаған.

Жергілікті соттар А[...] кінәсі істегі дәлелдемелерімен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, оны әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

Алайда, соттардың әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі қаулылары заңға сәйкес келмейді.

Себебі, Заңның 39-бабы 3-тармағының 36-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу деп көрсетілген.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 9-бабы 5-тармағы бойынша Ұлттық оператор тауарлық газды үздіксіз тасымалдауды және сақтауды, оның ішінде газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етеді.

«Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысының 1-тармағына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған.

Алайда, соттар «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы еншіліс филиалы болады ма, сонымен бірге ол қандай қызметтер жасауға мүмкіншілігі бар екені зерттемеген.

Іс материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу департаментінің хаты негізінде Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу порталындағы «ҚазТрансГазАймак» акционерлік қоғамы бір көзден сатып алу үшін өнім берушілер тізіміне 2019 жылғы 26 сәуірден бастап 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін енгізілген. «ҚазТрансГазАймак» АҚ-мен 2019 жылғы 28 тамыздағы және 24 қазандағы шарттар осы акционерлік қоғамы портал өнім берушілерінің тізімінде болған кезеңінде жасалған.

Осы мән-жайларға соттармен тиісті баға берілмеген. Сонымен бірге, веб-порталда көрсетілген тізбеде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мы газ тарату құбырларын пайдалану, аудандағы елді мекендерінің және жеткізуші газ құбырлары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетулерге қатысуға болады ма және осы қызметтерге осы акционерлік қоғамынан басқа тізбеде орнатылған мекемелер қатысу алады ма, олармен бір көзден алу тәсілімен келісім шарттар тікелей жасау арқылы мемлекеттік сатып алуға мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар соттармен тексерілмеген.

Сондықтан, іс бойынша ӘҚБтК-нің 783 және 784-баптардағы талаптарын сот орындамай, барлық дәлелдемелерде жанжақты,толық, объективті зерттемей, тиісті баға бермей, А[...] кінәлі деп қаулыларды шығарғаны негізсіз. Алқа, көрсетілген мән-жайларды тексеру үшін істі жана сот қарауына жіберуге жатады деп есептейді. Жана қарауында мемлекеттік сатып алудың веб-порталында «КазТрансГазАймақ» АҚ-мы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға мүмкіндік берілген өнім берушілердің тізбесіне орнатылған жөнінде, қандай қызмет көрсетуге орнатылған, басқа мекемелер осы өнім берушілердің тізімінде «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бөлімі» ММ-нің бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін шарт жасауға мүмкіндіктері жөнінде және басқа мән-жайларды жанжақты тексеріп, заңға сәйкес сот қаулысың шығаруға қажет.

Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың қабылданған қаулыларының ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген кассациялық тәртіппен күштері жойылуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 4) тармақшасын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша А[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулыларының күшін жойып, іс жана сот қарауына бірінші сатыдағы сотқа жіберілсін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Қ[...]

Төрағалық етуші

Ж. Ермағамбетова

Судьялар

А. Рахметулин

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.