ВС РК - Постановление от 28.10.2022 по делу 6001-23-00-6ап/1484 (Административное)

№6001-23-00-6ап/1484

ҚАУЛЫ

2024 жылы 25 қантар Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Ғ.Ө. Әлжанов, судьялар - Б.Т.Нажмиденов, Ж.Б.Ермағамбетова болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры Ж[...] қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «З[...]» шаруа қожалығының «ҚРҚММККТОБМКДСАБМКБ[...]» мемлекеттік мекемесіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою арызы бойынша,

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының 2023 жылғы 10 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы «З[...]» шаруа қожалығы сотқа Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 5 қараша 2021 жылғы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешімімен талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Соттардың материалдық және процессуалдық құқығының нормаларын бұзғанын көрсете отырып, кассациялық шағымда талап қоюшы сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандыруын сұраған. Әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшының кассациялық шағымның уәждерін, іс құжаттарын зерделеп, сот актілерін өзгеріссіз қалдыруға жатады деп есептеген прокурордың қорытындысын тыңдап, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.

ӘРПК-нің 169-бабына сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Дауды шешу және талап қоюдан бас тарту арқылы жергілікті соттар Салық кодексінің 94-96, 367 - баптарын басшылыққа ала отырып, даулы хабарламаның заңдылығы туралы дұрыс қорытындыға келді, себебі талапкер ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмайды және ҚҚС төлеуші болып табылмайды, сондықтан Салық кодексінің 428-бабында көзделген жеңілдік оған қолданылмайды.

Даулы хабарлама талапкерге «салық кабинеті» арқылы тиісті түрде электрондық тәсілмен жіберілді және Салық кодексінің 115 - бабына сәйкес жеткізілді деп есептеледі.

АПК - нің 452 - бабының бірінші бөлігіне байланысты кассациялық сатыдағы соттың қаулысы апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы үшін осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

АПК - нің 426 - бабының 2 - бөлігінде қаулының дәлелді бөлігінде жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым қанағаттандырусыз қалдырылған кезде сот актілеріне өзгерістер енгізу не олардың күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқтығы ғана көрсетілетіні көзделген.

Талапкердің кассациялық шағымының дәлелдері оның талап арыздағы, апелляциялық шағымдағы дәлелдерімен бірдей, оған алдыңғы сатыдағы соттар тиісті құқықтық баға берген.

Соттар іс бойынша мән-жайларды дұрыс белгілегендіктен, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, алқа сот актілерін жою немесе өзгерту үшін негіздер жоқ деп санайды.

ӘРПК - нің 169 - бабының бірінші бөлігін, АПК - нің 451 - бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешімі, Түркістан облыстық сотының 2023 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы күшінде, талап қоюшынын қассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Ғ. Әлжанов Судьи Б. Нажмиденов

Ж.

Ермағамбетова

Көшірмесі дұрыс Судья Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.