6003-25-00-2к/4292/2
Қ А У Л Ы
2025 жылғы 9 желтоқсан Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Л.Б.Мамырбаева, талап қоюшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) жауапкер М[...] негізсіз байлық сомасын қайтару туралы талап қоюы жөніндегі азаматтық ісі бойынша қабылданған,
Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы шешіміне және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қаулысына жауапкер өкілі С[...] берген кассациялық шағымын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы шешімімен Ұлттық қорғаныс университетінің талап қоюы қанағаттандырылған. М[...] мемлекет пайдасына 19 556 291 теңге сомасы және 586 688 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер өкілі С[...] кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Кассациялық шағымның уәждерін және сот актілерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық шағымды қайтару қажет деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 436-бабының 1-бөлігіне сай, апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға кассациялық шағым, наразылық берілуі мүмкін.
АПК-нің 431-бабының ережелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Аталған іс бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы 2025 жылдың 22 сәуірінде қабылданып, заңды күшіне енген, сәйкесінше оған кассациялық шағым 2025 жылдың 21 қазанына дейін берілуі тиіс болатын.
Алайда, жауапкер өкілі кассациялық шағымды 6 ай мерзім өткен соң, 2025 жылы 4 желтоқсанда берген.
Сонымен қатар, Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 5 қарашадағы қаулысында сот актісіне шағым беру мерзімін қалпына келті ру туралы өтінішхат тіркелмегендігі жөнінде көрсетілген. Ал айда жауапкер өкілі аталған кемшілікті жоймай, қайталап кассациялық шағым берген.
Кассациялық шағымға сот актісіне шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат тіркелмеген.
АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасына сай, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстiң 436-бабының 1- бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе және оны қалпына келтiру үшін дәлелдi себептер болмаса, оларды берген тұлғаларға қайтарылады.
Сондықтан, осы аталған негіздерге байланысты жауапкердің өкілі С[...] берген кассациялық шағымы қайтарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 108-бабының 1- тармағының 7-тармақшасында сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған жағдайда төленеген мемлекеттiк баж қайтарылатыны қарастырылған.
Мұндай жағдайда, жауапкер төлеген 293344 теңге мемлекеттік баж қайтарылсын.
АПК-нің 436, 442-баптарын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жауапкер өкілі С[...] Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы шешіміне және Қазақстан Республикасы Әс кери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі қаулысына қаулысына берген кассациялық шағымы қайтарылсын.
Жауапкер М[...] төлеген 293 344 (екі жүз тоқсан үш мың үш жүз қырық төрт) теңге мемлекеттік баж қайтарылсын.
Қаулының көшірмесі кассациялық шағымды берген тұлғаға жолдансын
Судья: Л.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.