ҚАУЛЫ
2026 жылғы 5 мамыр №6003-26-00-4к/478, (2) Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – судья Д.Ә. Әбдіғалиев,
судьялар – Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов,
талап қоюшының өкілі Б[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкер Түркістан қаласының әкіміне, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) қатысты жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 шешімін заңсыз деп танып күшін жою, тексеруден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – МАӘС) 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – ӘІжСА) 2025 жылғы 12 тамыздағы қаулысына берілген талап қоюшының өкілі мен Департаменттің кассациялық шағымдары бойынша әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы көрсетілген әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
МАӘС-тің 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Департаменттің Б[...] 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №ЖТ-2024-05367919 арызы бойынша жер учаскесін табыстаудың заңдылығын тексеруден бас тарту әрекеті заңсыз деп танылған. Талап қоюдың қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылған.
ӘІжСА-ның 2025 жылғы 12 тамыздағы қаулысымен МАӘС-тің шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымда сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды толық көлемде қанағаттандыруды сұрайды.
Департамент кассациялық шағымда сот актілерінің талап қоюды қанағаттандыру бөлігінде күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан толық көлемде бас тартуды сұрайды.
Жауапкерлердің өкілдерінен сот отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысу туралы өтінішхаттар келіп түсті. Алайда аталған өтінішхаттар қанағаттандыруға жатпайды, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке қатысумен қарауға тағайындалған, бұл туралы іске қатысушылардың барлығы алдын ала хабардар етілген. Көрсетілген мән-жай сот отырысын кассациялық сатыдағы сотта өткізу нысанын өзгертуге негіз болып табылмайды. Осыған байланысты іс олардың қатысуынсыз қаралды.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілінен істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш келіп түсті.
Іске бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда қарауға қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және өткізу нысаны туралы тиісті түрде хабардар етілгеніне қарамастан, сот отырысына келмеді, келмеу себептері туралы сотқа хабарламады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер ӘРПК-де өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сай заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Мұндай бұзушылықтарға төмен тұрған соттар жол берген.
Анықталған мән-жайлардан көрінгендей, Түркістан қаласы әкімінің 2007 жылғы 1 тамыздағы №4523 қаулысымен Б[...] жеке тұрғын үй құрылысы үшін Түркістан қаласы, [...] мекенжайында орналасқан, алаңы 0,1 га жер учаскесі жеке меншік құқығымен берілген.
Аталған жер учаскесіне Түркістан қаласы, [...] мекенжайы көрсетіле отырып, [...] кадастрлық нөмірі берілген. Жер учаскесіне акт рәсімделіп, мемлекеттік тіркеу 2023 жылғы 7 наурызда жүзеге асырылған.
Жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 шешімімен Түркістан қаласы, [...] мекенжайында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі Н[...] атына заңдастырылған.
Н[...] аталған мекенжайдағы тұрғын үйге [...] жылғы 16 маусымда техникалық паспорт берілген. Жер учаскесіне [...] кадастрлық нөмірі беріліп, жер учаскесіне акт рәсімделген, мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 8 ақпанда жүзеге асырылған.
Н[...] қайтыс болуына байланысты тұрғын үй мен жер учаскесі мұрагерлік тәртіппен (2010 жылғы 26 наурыздағы №2439 куәлік) жұбайы Б[...], қыздары Р[...] мен Р[...] өткен, мемлекеттік тіркеу 2010 жылғы 29 наурызда жүзеге асырылған. Жер учаскесіне [...] кадастрлық нөмірі беріліп, жер учаскесіне акт рәсімделген, мемлекеттік тіркеу 2010 жылғы 20 шілдеде жүзеге асырылған.
Кейіннен 2022 жылғы 25 қарашадағы №5565 сыйға тарту шарты негізінде Р[...] мен Р[...] өздеріне тиесілі тұрғын үй мен жер учаскесінің 2/3 үлесін аналары Б[...] сыйға тартқан. Жер учаскесіне [...] кадастрлық нөмірі беріліп, жер учаскесіне акт рәсімделген, Б[...] атына мемлекеттік тіркеу 2023 жылғы 6 наурызда жүзеге асырылған.
Б[...] 2024 жылғы 20 тамыздағы №3359 сатып алу-сату шарты негізінде тұрғын үй мен жер учаскесін Ж[...] сатқан.
2024 жылғы 19 қыркүйекте Б[...] Н[...] жер учаскесін 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімі негізінде беру заңсыз болып табылатынын көрсетіп, Департаментке жүгінген. Ол аталған жария етуді өткізу жөніндегі шешімнің заңдылығына тексеру жүргізуді және бұзушылықтар анықталған жағдайда сотқа жүгінуді сұраған.
Департамент 2024 жылғы 19 қарашадағы №ЖТ-2024-05367919 хатымен Б[...] төмендегіні хабарлаған:
өтінішті қарау шеңберінде құзыреті шегінде әкімдіктен, мемлекеттік архивтен және полиция басқармасынан мәліметтер сұратылған;
мемлекеттік архивтен алынған жауапқа сәйкес, 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның шешімі архивке тапсырылмаған. 2007 жылға арналған №11 жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімдерін тіркеу журналы Түркістан қаласының полиция басқармасына жолданған және осы уақытқа дейін қайтарылмаған; - осы факт бойынша шаралар қабылдау үшін Түркістан қаласының полиция басқармасына хат жолданған;
АПК-нің 8-бабының бірінші бөлігіне, 23-бабының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 167бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі №6 «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының (бұдан әрі – ЖС НҚ) 8-тармағына сілтеме жасай отырып, Департамент жер даулары тек сот тәртібімен шешілетінін көрсетіп, құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын түсіндірген.
Төмен тұрған соттар істі қарау кезінде және 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімін даулау бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, төмендегіні көрсеткен:
Н[...], ал кейіннен Б[...] атына жылжымайтын мүлікке құқық заңда белгіленген тәртіппен Б[...] құқығынан бұрын рәсімделіп, тіркелген;
бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 118-бабының және аталған ЖС НҚ-ның 8-тармағының ережелеріне сәйкес Н[...] (Б[...]) басымдық береді, өйткені олардың меншік құқығы бұрын туындаған;
дауланып отырған жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімнің заңсыздығы дәлелденбеген, Н[...] пен Б[...]
құқықтарына қатысты құқықтардың басымдығы қағидаты қолданылған, заңнаманың барлық күмәндері, қайшылықтары және көмескіліктер олардың пайдасына түсіндірілген (ӘРПК-нің 12-бабы).
Талап қоюды ішінара қанағаттандырып, Б[...]-ның 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №ЖТ-2024-05367919 өтініші бойынша жер учаскесін беру заңдылығына тексеру жүргізуден бас тарту жөніндегі Департаменттің әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде төмен тұрған соттар төмендегіні көрсеткен:
Департамент тарапынан оның қызметі туралы Ереженің 13, 14, 15тармақтарының талаптары бұзылған, Б[...] 2024 жылғы 19 қыркүйектегі өтініші бойынша тиісті тексеру жүргізілмеген;
Департамент жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жер қатынастары саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жою жөніндегі мемлекеттік бақылау бойынша өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындамаған.
ҚР АК-нің 118-бабының 2-тармағына сай, егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде – жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.
ЖС НҚ-ның 7, 8-тармақтарына сәйкес, АК-нің 118-бабының 1, 2- тармақтарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы АК-де және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заң) көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Егер АК-де және Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заңда өзгеше белгіленбесе, жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқық ауыртпалықтары) мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды, өзгереді және тоқтатылады.
Сол бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушыларының) меншік құқығының туындағаны, сондай-ақ аралас жер учаскелері шекарасының бұзылғаны туралы дауды шешкен кезде соттар Жер кодексінің 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алу керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда тараптардың әрқайсысында жерге құқықтардың туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.
Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесін пайдалану және оған билік ету үшін оның нақтылы (белгілі бір жердегi) шекарасын белгілеу және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу қажет.
Сол бір жер учаскесіне немесе учаскенің бір бөлігіне мәні тең құқықтар болған жағдайда соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.
Кассациялық сот іс материалдары мен мән-жайларды зерттеп, кассациялық шағымдардың дәлелдерін зерделеп, сот отырысына қатысушыларды тыңдап, төмендегідей қорытындыларға келеді.
Анықталған мән-жайлардан Б[...] 2007 жылғы 1 тамыздағы қаулы негізінде Түркістан қаласы, [...] мекенжайында орналасқан жер учаскесі берілгені анықталған. Алайда, оны тиісінше ресімдеу және мемлекеттік тіркеу тек 2023 жылғы 7 наурызда жүзеге асырылған.
Н[...] өз кезегінде даулы жылжымайтын мүлікке құқықты 2007 жылғы 28 мамырдағы жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімі негізінде алған, тұрғын үйге техникалық паспорт берілген, жер учаскесіне 19307-037-2122 кадастрлық нөмірі беріліп, жер учаскесіне акт рәсімделген, мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 8 ақпанда жүзеге асырылған.
Яғни, Н[...] даулы жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттардың толық жиынтығы болған, тиісті мемлекеттік тіркеу жүргізілген.
Кейіннен, 2010 жылы көрсетілген құқық Н[...] оның жұбайы Б[...] және балалары Р[...] мен Р[...] ортақ үлестік меншік құқығымен өткен, ал 2023 жылы Б[...] жеке меншігіне берілген.
Б[...] 2024 жылғы 20 тамыздағы сатып алу-сату шарты негізінде тұрғын үй мен жер учаскесін Ж[...] өткізген.
Құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген Б[...] Н[...] берілген жер учаскесі бұрын өзіне тиесілі болғанын, жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның оны басқа тұлғаға беруге құқығы болмағанын, өз құқығы бұрын туындағанын көрсеткен.
Алайда, сотта талап қоюшының келтірген уәждері объективті түрде расталмаған, осы бөлікте мәлімделген талаптардың негізділігін дәлелдейтін дәлелдемелер ұсынылмаған.
Төмен тұрған соттар бұл бөлікте Н[...], кейіннен Б[...] атына жылжымайтын мүлікке құқық заңда белгіленген тәртіппен Б[...] құқығынан бұрын ресімделіп, тіркелгенін дұрыс көрсеткен. Жоғарыда келтірілген мән-жайлар ҚР АК-нің 118-бабының және ЖС НҚ-ның 8-тармағының ережелеріне сәйкес Н[...] (Б[...]) басымдық береді, өйткені олардың меншік құқығы бұрын туындаған.
Дауланып отырған жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімнің заңсыздығын дәлелдейтін дәлелдемелер ұсынылмаған, қалыптасқан жағдайда
Н[...] (Б[...]) құқықтық ұстанымы заңдылық пен әділдік қағидаттарына сәйкес келеді, олардың әрекеттерінде адал емес мінез-құлық белгілері анықталмайды.
Даулы жер учаскесіне үміткер бола отырып, талап қоюшы өзінде басым құқықтың туындағанын растайтын негізді және даусыз дәлелдемелер келтірмеген, бұл мәселеде қандай да бір күмән немесе қайшылықтар жоқ, сондықтан ӘРПК-нің 12-бабының ережелерін қолдану дұрыс болып табылады.
Талап қоюшы келтірген уәждер төмен тұрған соттармен тексерілген және негізсіз деп дұрыс танылған, олардың негіздемелері мен терістеулері сот актілерінде толық баяндалған, оларды қайта келтіру талап етілмейді. Талап қоюшы көрсеткен мән-жайлар төмен тұрған соттардың қорытындыларын жоққа шығармайды, осыған байланысты талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдыруға жатады. Алайда, Б[...] 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №ЖТ-[...] өтініші бойынша тексеру жүргізуден бас тарту жөніндегі Департаменттің әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде талап қоюды қанағаттандыру дұрыс емес, бұл іс бойынша нақты мән-жайларға қайшы келеді. Іс материалдарынан талап қоюшы аталған өтінішінде 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімінің заңдылығын тексеруді сұрағаны көрінеді. Департамент өз кезегінде бұл өтінішті қарау нәтижелері туралы Б[...] 2024 жылғы 19 қарашадағы хатпен хабардар еткен.
Қаралып отырған жағдайда сот осы әкімшілік іс шеңберінде 2007 жылғы 28 мамырдағы №22575 жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімінің заңдылығын тексеріп, Б[...] уәждері мен тұжырымдарына құқықтық баға берген.
Қалыптасқан жағдайда Департаменттің әрекеттерін заңсыз деп тану және тексеру жүргізу құқықтық салдарға әкеп соқпайды, өйткені уәкілетті орган бұл бөлікте соттың қорытындыларын қайта бағалауға құқылы емес. Дауланып отырған заңдастыру туралы шешімнің заңдылығына қатысты сот өзінің құқықтық ұстанымын білдірген.
Осы жағдайда бір жер учаскесіне қатысты тең мәнді құқықтар болған кезде Б[...] пен Б[...] арасындағы құқық туралы дау тек сот тәртібімен шешілуге тиіс болған.
Бұл ретте, Департамент іс жүзінде тексеру жүргізуден бас тартпаған, 2024 жылғы 19 қарашадағы жауабында анықталған мән-жайларды баяндап, АПК-нің 8-бабының бірінші бөлігіне және ЖС НҚ-ның 8-тармағына сілтеме жасай отырып, құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді дұрыс ұсынған.
Осылайша, кассациялық сот сот актілерін өзгерту қажет деген қорытындыға келеді, яғни талап қоюды ішінара қанағаттандыру және Департаменттің әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде МАӘС-тің шешімі мен ӘІжСА-ның қаулысының күші жойылуға жатады, осы бөлікте талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдануға тиіс.
Төмен тұрған соттар бұл бөлікте материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзған, олардың қорытындылары істің нақты мәнжайларына сәйкес келмейді, осыған байланысты Департаменттің кассациялық шағымы қанағаттандыруға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 тамыздағы қаулысы өзгертілсін.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Б[...] 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №ЖТ-2024-05367919 өтініші бойынша тексеру жүргізуден бас тарту жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде сот актілерінің күші жойылып, осы бөлікте талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдансын.
Қалған бөлігінде сот актілері күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Б[...] өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Д. Әбдіғалиев
Судьялар
Г. Ыдырысова
М. Қасымов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.