№6001-24-00-6ап/2738
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 27 ақпан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып,
жауапкердің өкілі К.К.Сарсенбаевтың қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Бейнеу мехтранссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент), «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы бөлімі), «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Әкім аппараты), «AIS BOTTLERS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - «AIS BOTTLERS» ШЖС) 2024 жылғы 11 сәуірдегі №471010000-4-6-282567 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны талап қоюшыға қатысты бөлігінде заңсыз деп танып, күшін жою, 2024 жылғы 4 мамырдағы №11569943-ОК1 санды қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп танып, күшін жою және 2024 жылғы 15 мамырдағы жасақталған мемлекеттік сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 8 тамыздағы қаулысына талап қоюшының өкілі А.С. Оразбаевтың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Серіктестік жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
2024 жылғы 11 сәуірдегі Департаментпен шығарылған №471010000-4-6282567 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама талап қоюшының «Трактор тіркемесімен» материалдық ресурстарына қатысты бөлігінде заңсыз деп танылып, күші жойылған. Талап қоюшының қалған бөлігіндегі талаптары қанағаттандырудан бас тартылған.
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, тиісті түрде хабарланған тараптардың сотқа келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында өтетіні туралы уақытылы хабарланған тараптардың сот отырысына техникалық байланыс арқылы қатысуға рұқсат беру туралы өтінішхаттары қанағаттандырусыз қалдырылады.
Сот алқасы кассациялық шағым бойынша іс құжаттарын зерттеп, жауапкер өкілінің пікірін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Соттармен анықталғандай, Әкім аппараты (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) тапсырысы негізінде Қаржы басқармасы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) №11569943-ОК1 «Қауіпті емес қалдықтарды/мүліктерді/материалдарды шығару (жинау) бойынша қызметтер (№67807156-ОК1 лот) бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жари~ялаған.~~
Аталған конкурсқа қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер ретінде «Бейнеу мехтранссервис», «Максима Азия ЕНХ» ЖШС, «Самрук-М» ЖШС, «Стройматериалы Мангистау» ЖШС, «AIS BOTTLERS» ЖШС, Тазалық-С» ЖШС, «T&S Construction» ЖШС-гі конкурстық өтінімдерін ұсынған.
2024 жылғы 18 наурыздағы №11569943-ОК-1 қорытындылар туралы хаттамасына сай, барлық әлеуетті өнім берушілер өткізіліп, нәтижесінде «САМРУК-М» ЖШС-гі жеңімпаз, ал екінші болып талап қоюшы танылған.
Талап қоюшы мен конкурсқа қатысқан басқа да әлеуетті өнім берушілер аталған конкурстық комиссияның қорытындылар туралы хаттамасымен келіспеу туралы шағымы негізінде Департаментпен камералдық бақылау жүргізіліп, әлеуетті өнім берушілер «САМРУК-М» ЖШС, «МАКСИМА АЗИЯ ЕНХ» ЖШС және талап қоюшының конкурсқа ұсынылған материалдық және еңбек ресурстарының конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін анықтап, ол бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ұйымдастырушыға жолдаған.
Талап қоюшы мен конкурсқа қатысқан басқа да әлеуетті өнім берушілер даулап отырған хабарламасымен келіспеу туралы шағымы 2024 жылғы 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетімен (бұдан әрі - Комитет) қанағаттандырусыз қалдырылған.
Ұйымдастырушы осы Департаменттің хабарламасы негізінде дауланып отырған 2024 жылғы 4 мамырдағы қорытындылар туралы хаттама жасақтап, конкурс нәтижелері қайта қаралып, конкурсқа қатысуға жіберілген «САМРУК-М» ЖШС, «МАКСИМА АЗИЯ ЕНХ» ЖШС және талап қоюшының өтінімдерін қабылдамай, конкурстан шеттетіліп, нәтижесінде «AIS BOTTLERS» ЖШС-гі жеңімпаз, ал екінші орын алған әлеуетті өнім беруші «Стройматериалы Мангистау» ЖШС-гі таныған.
Бұл нәтижелерімен келіспей талап қоюшы сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар талап қоюды ішінара қанағаттандырып, талап қоюшымен конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттары саны мен модельі жағынан 11-қосымшаға 3 дана тракторы және артығымен 4 дана трактор прицепын тіркеуіне байланысты, талап қоюшының конкурстық өтінімдері заңға сәйкес келеді деген тұжырымға келген.
Себебі, талап қоюшымен 717RABD және R782RABD тіркеу нөмірі бойынша құралдардың техникалық тіркеу куәлігінде «Прицеп тракторный» моделі деп көрсетілгені және ол «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2024 жылғы 24 маусымдағы №01-23-465 санды анықтамасымен расталған.
Сондықтан талап қоюдың бұл бөлігі бойынша Департаменттің нұсқамасын ішінара бұзуымен сот алқасы келіседі.
Сонымен қатар, 7-қосымшадағы «Фронтальный погрузчик» материалдық ресурсы бойынша талап қоюшының ұсынған «Экскаватор погрузчигі» талаптарға сай келмейтіні, ол «Фронтальды погрузчикке» жатпайтыны, ал Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңн~ың 22-бабының 1-тармағына сай, өтінімдегі ерекшеліктер бо~~ лған жағдайда, ұйымдастырушыға алдын-ала талқылау үшін өтінім білдірмегендіктен, Нұсқаманың бұл бөлігі заң талаптарына сәйкес келеді деген соттардың тұжырымы заңды болып табылады.
Бұдан бөлек, конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасындағы еңбек ресурсы бойынша кемінде 25 жұмысшы болуы керек деген шартты талап қоюшымен сақталмаған, өйткені талап қоюшымен жұмыс ресурсы ретінде көрсеткен 25 жұмысшы бұл талап қоюшының штаттық кестесіндегі барлық қызметкерлер екені, ал өтінім бойынша тек жұмысшылар саны 25 болуы қажет болған, сол себептен талап қоюшымен еңбек ресурсы бойынша 7- қосымша талаптары бұзылғаны деп анықталған.
Бұл жағдайда соттардың талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымы заңды болып табылады. Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды. Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 8 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының өкілі А.С. Оразбаевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Көшірмесі дұрыс. Судья Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.