ВС РК - Определение от 11.08.2021 по делу 6001-21-00-3гп/297 (Гражданское)

6001-21-00-3гп/297

ҰЙҒАРЫМ

2021 жылғы 11 тамыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

судьялар М.Ж.Бектұрғановтың, Ш.Т.Даниярованың,

талап қоюшы Ш[...],

жауапкердің өкілі К[...] қатысуларымен ашық сот отырысында мобильді бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы Ш[...] жауапкер «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына бұйрықты заңсыз, келісім шартты жарамсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақы өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша талап қоюшының судья М.Т.Таймерденовке қарсылық білдіру туралы арызын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Ш[...] талап қою арызымен сотқа жүгініп, онда «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Университет / жұмыс беруші) 2020 жылғы 27 ақпандағы № 349-жқ бұйрығын заңсыз, 2020 жылғы 20 ақпандағы келісім шартын жарамсыз деп тануды, химиялық фармацевтика пәндер кафедрасының доценті лауазымына қайта орналастыруды, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін 2 026 920 теңге орташа жалақысы және 10 000000 теңге моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының 2020 жылғы 02 қыркүйектегі шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған:

  • Университеттің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 349-жқ бұйрығы, 2020 жылғы 20 ақпандағы қосымша келісім шарты заңсыз деп танылған; - К. Ш[...] құрылымдық бөлімшесіне доцент лауазымына қайта орналастырылған;

  • жауапкерден амалсыз бос жүрген уақыт үшін 2 071 515 теңге жалақы, 50 000 теңге моральдық зиянның өтемақысы өндірілген;

  • шешімнің Ш[...] жұмысқа қайта орналастыру және үш айдан аспайтын жалақыны өндіру туралы бөлігі дереу орындауға жолданған;

  • талаптың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған;

  • жауапкерден мемлекет пайдасына 20 715 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Университет өтінішхатында іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс айқындалмай, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, даулы сот актілерінің күшін жойып, Ш[...] талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Өтінішхатты қарау барысында талап қоюшыдан төрағалық етуші М.Т.Таймерденовке қатысты қарсылық білдіру туралы арызы сотқа келіп түскен.

Арызда Ш[...] сот құрамына сенімсіздігін танытып, істің бір жақты қаралғанын көрсеткен.

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Судьялар азаматтық істерді өздеріне сырттан кез келген ықпал ету болмайтын жағдайларда қарайды және шешеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 38-бабы судьяларға қарсылық білдіру негіздерінің толық тізбесін қамтиды және кеңейтілген түсінік беруге жатпайды.

Алайда, судья М.Т.Таймерденовтің істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі екендігін дәлелдейтін құжаттар, сонымен қатар оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайларды талапкерлер сотқа ұсынған жоқ.

Осыған байланысты, талап қоюшы Ш[...] сот құрамына қарсылық білдіру туралы арыз қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-нің 38, 40, 41 - баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :

Талап қоюшының судья М.Т.Таймерденовке қарсылық білдіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Ұйғарым шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

Судьялар М. Бектұрғанов Ш.Даниярова

Көшірмесі дұрыс

Судья М. Бектұрғанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.