6001-23-00-3г/1549
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 10 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы М[...] жауапкер Д[...] тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі шешімін және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 5 қазандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Д[...] өкілі - К[...] өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
М[...] сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, онда Жамбыл облысы, [...] мекенжайда орналасқан тұрғын үй өзіне атасынан өсиет арқылы берілгенін, қазіргі уақытта аталған үйде атасының азаматтық некеде болган әйелі Д[...] тұрып жатқанын, ерікті түрде босатпай отырғанын көрсеткен.
Жамбыл облысы Шу аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкер отбасымен басқа тұрғын жай берілмей үйден еріксіз түрде мәжбүрлеп шығарылған.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 5 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхат иесі сот актілерімен келіспейтіндігін, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраган.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірініші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Жамбыл облысы ІІІу аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.