6кг-12-21
Қ А У Л Ы
2021 жылғы 24 маусым Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - судья А.Д. Рахметулин,
судьялар М.Т. Балкен, Ж.Б. Ермағамбетова,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...], əкімшілік іс жүргізутоқтатылған тұлға Т[...]
қатысуларымен,
ашық сот отырысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК)175-бабы1бөлігінің 1) тармақшасы бойынша Т[...] қатысты,
Атырау қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2021 жылғы 19 қаңтардағы жəне Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021жылғы 9 ақпандағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы бойынша келіп түскен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық тəртіппен қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Атырау қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша Т[...] қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның əрекетінің құрамында əкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы қаулысымен сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурор орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде жəне қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тəртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды сұраған.
Наразылықты қуаттаған прокурордың, Т[...] түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, мамандандырылған сот алқасы наразылықтан мынадай негіздер бойынша бас тартуға жатады деп есептейді.
ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тəртіппенқайта қарауға:
қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
қабылданған қаулы соттардың, уəкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Аталған негіздер осы іс бойынша анықталмаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құжаттарына сəйкес, 2020 жылғы 4 тамызда Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы (бұдан əрі - Прокуратура) Атырау облысы бойынша Экология департаментіне (бұдан əрі - Департамент) заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізген.
Ұсынуда Прокуратура «BC[...]» ЖШС-нің қызметін жүзуге асыру барысында қоршаған ортаға эмиссияларға тиісті рұқсатсыз пайдаланылған суды уақытша өткізілген құбыр арқылы іргелес жерге ағызу фактісін көрсетіп, заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың ӘҚБтК-нің 328-бабында көрсетілген жауаптылығын шешуді ұсынған. Ұсынуда «BC[...]» ЖШС-нің тапсырыс берушісі ретінде - «KUS[...]» ЖШС-гі (бұдан əрі - ЖШС) көрсетілген.
Сонымен қатар, тексеруді тағайындау туралы 2020 жылғы 4 желтоқсандағы акті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында тіркелген.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Тексеруді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу жəне олардың күшін жою, тексеру жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу жəне тексеру жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, жəне олардың нəтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларының 11-тармағына сəйкес уəкілетті органның қызметкері ЭАЕҚ-ты алған жəне тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерін, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерін тіркеу рəсіміне ұсынған сəттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей: - тексеру актілерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сəйкестігін тексереді;
- тексеру актілерін тіркеуден бас тартуға негіз болмаған жағдайда жүйеде тіркейді жəне қағаз үлгілеріне нысан бойынша мөртабан қойылады.
Іс материалдары прокуратураның уəкілетті органы тексеруді тағайындау туралы актінің заңдылығын тексеріп, тексеру актісін тіркеуден бас тарту үшін негіз белгілемегенін растайды.
Бұдан басқа, іс материалдары Департаменттің тексеру нəтижелері туралы акт бойынша сарқынды суларды ағызумен экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтағанын дəлелдейді. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес бақылау жəне қадағалау органы мұндай жағдайларда кəсіпкерлік
Кодекстің 144-бабының тəртібімен жоспардан тыс тексеруді дербес тағайындауға құқылы.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты алқа іс бойынша Т[...] кінəсі толық дəлелін таппады деген тұжырымға келді. Сондықтан алқа наразылықты қанағаттандыру үшін айрықша негіздердің жоқ екені анықтады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 839-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын жəне 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,
Атырау қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2021 жылғы 19 қаңтардағы жəне Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы Т[...] қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша қаулылары өзгеріссіз, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші А. Рахметулин
Судьялар Ж. Ермағамбетова
М. Балкен
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.