6001-24-00-3гп/176
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 24 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында
төрағалық етуші – алқа төрағасы Ш[...], судьялар Е.Ж. Айтжанов, Г.Қ. Жүсіпбекова,
талап қоюшылар Д[...], П[...] өкілі Б[...],
жауапкерлер С[...], С[...], О[...] өкілі С[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы Д[...], П[...] және П[...] жауапкерлер Б[...], Б[...], Я[...], П[...], П[...], С[...], С[...], Р[...], К[...], Т[...], Т[...], Б[...] және О[...] сатып алу-сату шарттарын және айырбас шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған,
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысына жауапкерлер С[...], С[...] және О[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатын азаматтық іс материалдарын зерделеу арқылы қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Д[...], П[...] және П[...] сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген.
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Осы соттың 2023 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымымен азаматтық іс бойынша Б[...] қатысты бөлігі қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Келесі шарттар жарамсыз деп танылған:
2006 жылғы 4 сәуірдегі Б[...] мен Я[...] арасындағы Түркістан облысы, [...] мекенжайында орналасқан пәтерді (бұдан әрі – даулы № [...] пәтер) сатып алусату;
2011 жылғы 8 ақпандағы Я[...] мен ерлі-зайыптылар П[...] және П[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді айырбастау;
2014 жылғы 9 маусымдағы П[...] және П[...] мен ерлі-зайыптылар С[...] және С[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату;
2005 жылғы 23 қарашадағы Б[...] мен ерлі-зайыптылар К[...] және Р[...] арасындағы Түркістан облысы, [...] мекенжайында орналасқан пәтерді (бұдан әрі – даулы № [...] пәтер) сатып алу-сату;
2009 жылғы 19 мамырдағы К[...] және Р[...] мен ерлізайыптылар Т[...] және Т[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату;
2011 жылғы 2 маусымдағы Т[...] және Т[...] мен Б[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату;
2015 жылғы 30 қаңтардағы Б[...] мен О[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату.
Жауапкерлердің өкілі С[...] өтінішхатында іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулымен келіспей, сот алқасының тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Өтінішхат уәждерінде талап қоюшылардың іс бойынша уәждерін қанағаттандыруға негіз болатын жайттардың табылмағанын, Б[...] үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылмағанын, талап қоюшылардың 1994 жылдан 2019 жылға дейін, яғни 25 жыл Қазақстан Республикасында тұрмағанын және даулы пәтерлердің тағдырына қызығушылық танытпағандарын мәлімдеген. Сот алқасы іс бойынша жауапкерлердің өкілінің өтінішхатты қолдаған түсінігін, талап қоюшылардың өкілінің дауланған сот актісін күшінде қалдыру туралы пікірін тыңдап, өтінішхаттың уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға апелляциялық сатыдағы сот тарапынан жол берілген.
Азаматтық іс құжаттарынан анықталғандай, 1992 жылғы жазда А.П[...] мемлекетіне кетіп, 1994 жылғы 16 маусымда анасы Д[...] мен қызы К.П[...] мемлекетіне шақыртып, 2019 жылға дейін сонда тұрған.
Д[...] 1992 жылғы 29 тамыздағы жекешелендіру шарты негізінде даулы № [...] пәтердің меншік иесі болған.
Жоғарыда аталған шарттардың негізінде 2014 жылғы 9 маусымда даулы № [...] пәтер ерлі-зайыптылар С[...] меншігіне тіркелген.
Өз кезегінде, П[...] 1992 жылғы 29 тамыздағы жекешелендіру шарты негізінде даулы № [...] пәтердің меншік иесі болған.
Қазіргі таңда даулы № [...] пәтер жоғарыда аталған шарттардың негізінде 2015 жылғы 30 қаңтардан О[...] меншігінде.
Кентау қалалық сотының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі шешімімен Б[...] мен Д[...] және П[...] арасындағы даулы №№ 40, [...] пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жарамды деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылып, аталған шарттар жарамды деп танылған.
Осы соттың 2021 жылғы 8 желтоқсандағы ұйғарымымен Д[...] жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты 2005 жылғы 2 қыркүйектегі шешімін қайта қарау туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, мәселені жаңадан қарауға берген.
Бұдан әрі бірінші сатыдағы соттың 2022 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымымен азаматтық іс Б[...] қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.
Өз кезегінде апелляциялық сатыдағы сот 2022 жылғы 2 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын өзгеріссіз қалдырған. Д[...] Кентау қаласының Полиция департаментіне Б[...] қатысты даулы пәтерді алаяқтық жолмен алып қойғандығы туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс соңғының қайтыс болуына, аталған қылмыстық әрекеттің жасалғанынан 10 жыл өткендіктен және жұбайы Б[...] кінәсі болмауына байланысты Қылмыстық процесстік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 4) тармағына сәйкес 2021 жылғы 12 маусымдағы қаулымен өндірістен тоқтатылған.
Тараптар арасындағы дау талап қоюшылардың пікірінше Б[...] өзіне деген сенімін пайдаланып, пәтерлерді алаяқтық жолмен алып басқа тұлғаларға аударғандықтан және өздеріне заңды түрде тиесілі мүлікті пайдалана алмай, мүліктік құқығы бұзылғандықтан туындаған.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюдың ескіру мерзімін қолданып, даулы пәтерлердің қазіргі иелерін адал сатып алушы деп танып, дауланып отырған шарттарды жарамсыз деп тануға құқықтық негіз жоқ деп, талап қоюды дұрыс қанағаттандырусыз қалдырған.
Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша анықталған жайттарды назарға алмай, талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымға келген.
Алайда, апелляциялық сот алқасының мұндай тұжырымымен келісуге болмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 177-179-баптарына сәйкес талап қою мерзімін қолданған, бұл заңға сәйкес талапты қанағаттандырудан бас тартуға дербес негіз болып табылады.
Талап қою мерзімі - мүдделі тұлға өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алатын мерзім болып табылмайды. Талап қою мерзімі, бұл құқығы бұзылған адамды сот қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi кезең болып табылады. Мерзімді өткізіп алу, егер мүдделі тарап оны мәлімдеген болса, соттың талап қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
АПК-нің 15-бабына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Істің мұндай тұрғысында, талап қоюшылардың сатып алу-сату шарттарын және айырбас шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы негізсіз.
Cебебі, талап қоюшылар талап қою мерзімін өткізіп алған. Сонымен қатар, тергеушінің қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысында талап қоюшы пәтер кілтін өзі Б[...] бергені және ұзақ жылдан бері даулы пәтерлердің тағдырына қызығушылық танытпағаны, сондай-ақ, осы күнге дейін күтіп ұстау жұмыстарын жүргізбегені анықталған.
Даулы пәтерлерді сатып алған жауапкерлер, яғни Я[...], П[...] пен П[...], С[...] пен С[...], [...] мен К[...], Т[...] мен Т[...], Б[...] және О[...] адал алушылар болып табылады.
Ал, Д[...] қылмыстық қудалау органдарына жазған арызы бойынша тергеп-тексеру органымен олардың Б[...] сыбайласып, аталған пәтерлерді иеліктен айыруға әрекет жасады деген уәждері алқамен анықталмады.
Талап қоюшы пәтерді иеліктен шығаруға өзі үлес қосқандықтан, бұл жағдайда АК-нің 261-бабының нормаларын қолдануға негіз жоқ. Осыған орай, сот алқасы талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандыруға заңды негіздер жоқ деген тұжырымға келеді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, апелляциялық сот алқасының бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған сот актіcі жойылуға жатады.
Сонымен қатар, АПК-нің 109-бабына сәйкес кассациялық сатыдағы өтінішхат беру кезінде талап қоюшы Д[...] жауапкер С[...] пайдасына 46 968 теңге, талап қоюшы П[...] жауапкер О[...] пайдасына 29 488 теңге сомасында төленген мемлекеттік баж өндіріп алуға жатады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) 108-бабында белгіленген тәртіппен С[...] 46 967 (қырық алты мың тоғыз жүз алпыс жеті) теңге, О[...] 29 488 (жиырма тоғыз мың төрт жүз сексен сегіз) теңге артық төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.
АПК-нің, 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын, Салық кодексінің 108 бабын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Д[...] жауапкер С[...] пайдасына 46 968 (қырық алты мың тоғыз жүз алпыс сегіз) теңге, талап қоюшы П[...] жауапкер О[...] пайдасына 29 488 (жиырма тоғыз мың төрт жүз сексен сегіз) теңге мемлекеттік баж ретінде төленген сот шығысы өндірілсін.
С[...] 46 967 (қырық алты мың тоғыз жүз алпыс жеті) теңге, О[...] 29 488 (жиырма тоғыз мың төрт жүз сексен сегіз) теңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 108бабына сәйкес артық төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.
Жауапкерлер С[...], С[...] және О[...] өкілі С[...] өтiнiшхаты қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші:
Н.К. Ш[...] Айтжанов Г.Қ. Жүсіпбекова
Судьялар
Көшірмесі дұрыс: Судья
Е.Ж. Айтжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.