№6001-24-00-6ап/1302
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 11 ақпан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып, жауапкердің өкілі Д[...] қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы М[...] жауапкерлер Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Жетісай ауданы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бөліміне, «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» мемлекеттік мекемесіне, «Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жер кадастры бөлімі), «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жер қатынастар бөлімі) әрекеттерді заңсыз деп тану, жерге орналастыру жобасы мен электрондық картасының күшін жою, жер телімін бастапқы сызба бойынша орналастыруды міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 наурыздағы қаулысына мүдделі тұлға А[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Жер кадастры бөлімі мен Жер қатынастар бөлімінің әрекеттері заңсыз деп танылған;
А[...] атындағы кадастрлық номері [...] санды көлемі 2,0 га. жер телімінің жерге орналастыру жобасы мен электрондық картасының күші жойылған;
[...] Мақтаарал ауданы әкімінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1132 қаулысымен берілген жалпы ауданы 2,0 га жер теліміне бастапқы сызба бойынша орналастыруды Жер кадастры бөлімі мен Жер қатынастар бөліміне міндеттелген. Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы сот отырысына қатысқан тараптың пікірін тыңдап, кассациялық шағымның уәждері мен іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілген.
Іс материалдарын анықталғандай, 2004 жылғы 14 қазандағы Мақтаарал аудан әкімінің қаулысына сәйкес, талап қоюшы М[...] ауданның арнайы жер қорынан 2,0 га суармалы жер «Атамекен» ауылдық округі аймағынан уақытша ортақ үлестік пайдалану құқығымен бөлініп берілген.
Мақтаарал аудандық жер комиссиясының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 14 қорытындысына сай, ауданның арнайы жер қорынан ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін 2,0 га суармалы егістік жер 46 жылға жалға берілген.
Қаулыға ажырамас қосымшасы болып саналатын, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетімен А.[...] га, [...] га және А[...] - 2,0 га жер телімдерін пайдалану жоспарының сызбасы жасалған.
А[...] арнайы жер қорынан белгіленген нормаға сәйкес 2,0 га жер беріліп, кадастрлық №[...] пайдалану акті рәсімделіп, жер теліміне пайдалану шарты жасалған.
Талап қоюшы талап қою арызында қаулы негізінде берілген жалпы ауданы 2,0 га жер теліміне А[...] жер телімі қате орналасқанын, осыған байланысты өзіне тиесілі жер теліміне тиісті сәйкестендіру құжаттарын ала алмай жүргенін көрсеткен.
Жергілікті соттар, талап қоюды ішінара қанағаттандырып, даулы жер учаскесі [...] жылдан бері заңды түрде иеленіп отырғаны, А[...] жері Атамекен ауылдық округі аймағында орналасудың орнына М[...] жер учаскесіне заңсыз орналасқанын көрсеткен.
Яғни, соттар талап қоюшының құқығы бұзылуы мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік корпорацияның жеркадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз етпегендігінен орын алған деген тұжырымға келген.
Сот алқасы, бұл тұжырыммен келіспей, келесі мәліметтерге назар аударады.
Іс материалдарынан анықталғандай, Түркістан облысы, [...] жылғы 23 желтоқсандағы мәліметінен [...] жылдан бастап Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде тұрмайтыны анықталған.
2023 жылғы 26 сәуірінде [...] даулы жер учаскесі оған керек емес туралы қолхат жазған. Бұл қолхаттың көшірмесі іс материалдарына тіркелген.
Осыған қоса, 2023 жылғы 13 мамырында талап қоюшы нотариалды түрде Жетісай ауданы Әкіміне 2004 жылғы 14 қазандағы Мақтаарал аудан әкімі қаулысының күшін жоюды сұрап, жер учаскесі қажет болмауына байланысты талап қоюшы жер учаскесін өз еркіммен жер қорына қайтарған.
2023 жылғы 22 мамырында Жетісай ауданы әкімдігімен жер учаскесі арнайы жер қорына алынғаны туралы №421 қаулы қабылданған.
Алайда бұл қаулы іс материалдарына тіркелмеген.
Кейін, 2023 жылғы 19 маусымдағы [...]-[...] санды өтінішіне сәйкес 2023 жылғы 26 маусымында Жетісай ауданы әкімдігімен 2023 жылғы 22 мамырында қабылданған қаулының күші жойылған.
Бұл құжаттарда іске тіркелмеген.
Жергілікті соттарымен бұл фактілер назарға алынбаған, олар зерттелмеген және оларға баға берілмеген.
Бұл жағдайда апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюға, іс апелляциялық сатыдағы сотқа апелляциялық шағымды негізінен қарауға жіберілуге жатады.
Іс жаңадан қарауға жолдануына байланысты кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 наурыздағы қаулысының күші жойылсын.
Әкімшілік іс Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына жаңадан қарауға жолдансын. Мүдделі тұлға А[...] кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.