Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 24.02.2026 по делу 6003-26-00-2к/134 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 24 ақпан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотының судьясы А.К.Есдаулетов, талап қоюшы И[...] заңды күшіне енген сот актісіне берген кассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Кентау қалалық сотының 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен талап қоюшы И[...] жауапкерлер А[...] мен А[...] келтірілген материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшымен аталған сот актілеріне кассациялық шағым берілген. Кассациялық шағым төмендегі негіздерге байланысты қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 431-бабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық шағым берілуі мүмкін.

Апелляциялық саты сотының қаулысы 2025 жылғы 20 маусымда заңды күшіне енген, оған кассациялық шағым ол заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткеннен кейін (2025 жылғы 20 желтоқсан), 2026 жылғы 20 ақпанда берілген.

Шағымға процестік мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептері көрсетіле отырып, оны қалпына келтіру жайлы өтініш тіркелмеген.

Сондықтан кассациялық шағым АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 3) тармағының талабына сәйкес келмегендіктен, оны қабылдауға процестік мүмкіндік жоқ.

Сонымен бірге, АПК-нің 441-бабының 5-бөлігінің талабы бойынша кассациялық шағымға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат тіркелмеген.

Мемлекеттік баж төленуі тиіс реквизиттер: Бенефициар «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша басқармасы». БСН: [...], КБК: 108126, Алушы банк: «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі, ЖСК - KZ[...], БСК KKMFKZ2A, КБе: 11, салық органның коды: 6203, төлем мақсатының коды: 911.

Аталған кемшіліктерге байланысты бұған дейін кассациялық шағым қайтарылған, бірақ олар жойылмаған.

АПК-нің 441,442-баптарын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

И[...] Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы қайтарылсын. Кассациялық шағымды қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған кезде ол жалпы негiздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.

Судья А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.