2026 жылғы 22 сәуір №6003-25-00-2к/4980 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,
талап қоюшының өкілі Қ[...], жауапкердің өкілі А[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының жауапкер Т[...] қарызды, қарызды кепіл мүлкінен өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
«Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - акционерлік қоғам, банк) жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, банктің пайдасына жауапкер Т[...] 2022 жылғы 4 мамырдағы №FT4/2022/F/L/002571 банктік қарыз шарты бойынша 14 062 237 теңге қарызды, 2023 жылғы 29 маусымдағы №FT4/2023/F/L/008124 банктік қарыз шарты бойынша 10 496 511 теңге, 736 762 теңге мемлекеттік баж шығыны өндірілген.
Талап қоюдың №FT4/2022/F/L/002571 шарт бойынша 14 062 237 теңге қарызын осы шарт бойынша кепілдегі тұрғын үйден өндіру туралы бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымда акционерлік қоғам бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормаларын дұрыс
қолданбағанын көрсете келе, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, облыстық соттың қаулысының күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Кассациялық сот мәжілісінде тараптарға дауды бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алатындары түсіндірілді.
Сот отырысында тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу туралы өтініш түсті.
Іс жүргізу тоқтатылмай, соттың іс жүргізуінде болған іс тараптардың өтінішімен дау медиация тәртібімен шешілді.
Тараптар өзара келісімге келді және дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге қолдарын қойды.
Дауды медиация тәртібімен шешу туралы қол қойылған келісімді дәлелдеп, тараптар осы негізде кассациялық соттың келісімді бекітуін және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуын сұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 48-бабының 1-бөлігіне сай, тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.
Сот тараптарға, осы татуласу келісімін бекітсе, АПК-нің 277 бабы 6) тармағына сәйкес, іс тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізудің қысқартылатындығын және АПК-нің 278-бабының 2 тармағына сәйкес, іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігін түсіндірді.
Сот тараптар медиация рәсімін өткізу туралы екі жақты келісімге келгендігін, бұл іс-әрекет заңға қайшы келмейтіндігін, басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтынын анықтап, медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуге жатады деп санайды.
АПК-нің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес осы Кодекстің 277бабының 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот қаулыда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді. Сондықтан, талап қоюшыға Түркістан облысы Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан 813 728 теңге, Астана қаласы Сарыарқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан 1 966 теңге төленген мемлекеттік баждар қайтарылуға жатады.
АПК-нің 277, 278, 451-бабы 2-бөлігі 6) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімінің және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.
Талап қоюшы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы, БСН [...], 2026 жылғы 13 қаңтар №182-18-Т сенімхат негізінде ісәрекет етуші Ж[...] пен жауапкер Т[...] ЖСН [...] арасындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім келесі шарттарда бекітілсін:
Ж[...] Т[...] 2022 жылғы 4 мамырдағы №FT4/2022/F/L/002571 және 2023 жылғы 29 маусымдағы №FT4/2023/F/L/008124 банктік қарыз шарттары бойынша берешек сомасы 17 770 889 (он жеті миллион жеті жүз жетпіс мың сегіз жүз сексен тоғыз) теңге мөлшерінде және толық көлемде талап қоюды мойындайды.
Ж[...] Т[...] қарызды (берешек сомасын) келесі тәртіппен өтеуге міндеттелсін: - бастапқы төлем 2026 жылы 21 сәуірде 2 000 000 теңге сомасында төленді;
2026 жылғы 25 мамырда 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 маусым 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 шілдеде 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 тамызда 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 қыркүйекте 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 қазанда 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 қарашада 493 636 теңге сомасында;
2026 жылғы 25 желтоқсанда 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 қаңтарда 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 ақпанда 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 Наурызда 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 сәуірде 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 мамырда 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 маусым 493 636 теңге сомасында;
2027 жылғы 25 шілдеде 493 636 теңге сомасында; - 2027 жылғы 25 тамызда 493 636 теңге сомасында; - 2027 жылғы 25 қыркүйекте 493 636 теңге сомасында; - 2027 жылғы 25 қазанда 493 636 теңге сомасында; - 2027 жылғы 25 қарашада 493 636 теңге сомасында; - 2027 жылғы 25 желтоқсанда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 қаңтарда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 ақпанда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 Наурызда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 сәуірде 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 мамырда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 маусым 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 шілдеде 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 тамызда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 қыркүйекте 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 қазанда 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 қарашада 493 636 теңге сомасында; - 2028 жылғы 25 желтоқсанда 493 636 теңге сомасында; - 2029 жылғы 25 қаңтарда 493 636 теңге сомасында; - 2029 жылғы 25 ақпанда 493 636 теңге сомасында; - 2029 жылғы 25 Наурызда 493 636 теңге сомасында; - 2029 жылғы 25 сәуірде 493 628,75 теңге сомасында.
Осы келісімде көзделген міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған, оның ішінде тізімде көзделген 5 (бес) күнтізбелік күннен астам мерзімге белгіленген төлемдер кестесін бұзған жағдайда, ескертусіз талап қоюшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте мәжбүрлеп орындау жөнінде шаралар қолданып, қарызды кепілге қойылған жауапкер Т[...] меншік құқығындағы, алаңы 222,3 ш. м., жер телімі 0,1000 га, Түркістан облысы, [...] тұрғын үйден өндірілсін.
Жауапкер сот шешімі бойынша жеке сот орындаушысының шығындары мен қызметіне ақы төлеуді дербес жүргізеді.
Сот тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277 және 278-баптарына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтату салдары түсіндірілсін. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
Талап қоюшы «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының пайдасынаТүркістан облысы Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасынан 813 728 (сегіз жүз он үш мың жеті жүз жиырма сегіз) теңге, Астана қаласы Сарыарқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан 1 966 (бір мың тоғыз жүз алпыс алты) теңге төленген мемлекеттік баждар қайтарылсын.
Төрағалық етуші, судья
А.Даненова
М.Ибрагимова
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.