ҚАУЛЫ
2023 жылы 10 қазан 6001-23-00-6ап/433 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Ж.Өміралиев, Ғ.Ө.Әлжанов болып,
талап қоюшы Ж[...], жаупкерлердің өкілдері А[...], А[...], С[...], мудделі тулғаның өкілі Е[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Ж[...] жауапкерлер Ж[...] су ауылдық округі әкіміне, «Жетісай ауданының адами әлеуметтік дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне Ж[...] су ауылдық округі әкімінің шешімдерін заңсыз деп танып, күшін жою, сәйкестендіру құжаттарын жарамсыз деп танып, тіркелуінің күшін жою, меншік құқығын тану туралы шешім шығаруды міндеттеу туралы талап қоюы туралы әкімшілік ісі бойынша
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотының 2022 жылғы 3 тамыздағы шешіміне және Түркістан облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқысының 2022 жылдағы 23 қарашадағы қаулысына жауапкер «Жетісай ауданының адами әлеуметтік дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және мүдделі тұлға Жетісай ауданы әкімінің кассациялық шағымдарың қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотының 2022 жылғы 3 тамыздағы шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылған, яғни бірінші сатыдағы сот Ж[...] су ауылдық округі Баққоныс елді мекенінде орналасқан Ж[...] атындағы мектепке қатысты қабылданған әкімнің 2003 жылы 16 маусымдағы №35 шешімін заңсыз деп танып, күшін жойған;
Ж[...] су ауылдық округі Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан «№114» орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – №114 мектеп) қатысты қабылданған әкімінің 2003 жылғы 13 маусымдағы №33 шешімін заңсыз деп танып, күшін жойған; Ж[...] су ауылдық округі Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан №114 мектепке қатысты қабылданған әкімнің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №67 шешімін заңсыз деп танып, күшін жойған;
Ж[...] қатысты Әкімнің 2021 жылғы 6 тамыздағы №146 жер учаскесіне құқықтық табыстаудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жойған;
Әкімнің 2003 жылғы 16 маусымдағы №35 шешім арқылы Ж[...] атындағы мектептің жер учаскесіне 2003 жылғы 27 қыркүйекте №52 ретпен тіркелген меншік құқығын тіркеудің күшін жойған;
Әкімінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №67 шешімімен ММ-не №114 мектептің жер учаскесіне 2021 жылғы 16 тамызда тіркелген меншік құқығын тіркеудің күшін жойған;
Әкімге, Ж[...] су ауылдық округіне, Баққоныс ауылында орналасқан ескі мектепке және Ж[...] су ауылдық округі Әл-Фараби ауылында орналасқан 140 орындық жатақхана орналасқан жер учаскесіне Ж[...] меншік құқық табыстау туралы шешім қабылдау міндеттелген. Талап қоюшының қалған талаптар қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 2022 жылғы 23 қараша қаулысымен шешім өзгеріссіз, жауапкерлер және мүдделі тұлғының апелляциялық шағымдары және Жетісай ауданы прокурорының өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған.
Жауапкер «Жетісай ауданының адами әлеуметтік дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және мүдделі тұлға Жетісай аудан әкімінің шағымдарында жергілікті соттардың сот актілерін күшін жойып, талап қоюшының арызын қанағаттандырудан бас тартуды сұраған.
Тараптардың түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын және апелляциялық шағымында көрсетілген уәждері зерттеп, алқа келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша осындай заң бұзышылықтар орын алған.
ӘРПК 154-бабының 1-тармағына сәйкес, соттың шешімі заңды және негізді болуға тиіс.
Талап қоюшы Ж[...] Жетісай ауданы, Ж[...] су ауылдық округі әкіміне Баққоныс ауылында орналасқан ескі мектеп ғимараты мен ӘлФараби ауылында орналасқан 140 орындық жатақхана мен ескі мектептің ғимаратына қатысты «А[...]» ӨК-нің арасында жасалған 26.11.1999 жылғы №7 санды сатып алу, сату келісім шарты уәкілетті органда (2021 жылы 21 шілдеде жылжымайтын мүлікке меншік құқығы) тіркеуден өтуіне байланысты, мектептердің жер учаскелерін өзінің атына бекітіп беруді сұраған.
Талап қоюшының өтінішінде көрсетілген мән-жайлар, Жетісай ауданының жер комиссиясында алқалы түрде жан-жақты қаралып, комиссиясының 2021 жылғы 4 шілдедегі №24-25 санды «теріс» хаттамалық қорытынды берілген.
Себебі, Ж[...] сұралып отырған жер телімдері «Ж[...]» атындағы жалпы орта мектебінің және Д[...] атындағы №28 жалпы орта мектебінің пайдалануындағы мемлекетке тиесілі жер телімдері болуына байланысты, сондай-ақ аудандық сәулет және құрылыс бөлімі тарапынан сұралып отырған жердің схемасы сызылып, келісілмеуіне байланысты.
Нәтижесінде, Ж[...] жер учаскесін бекітіп беруден бас тарту туралы Ж[...] су ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы №146 шешімі қабылданып, өтініші қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот алқасы жауапкер Ж[...] су ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы №146 өтінішті қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімі заңға сайкес қабылданған деген тұжырымға келді.
Себебі, дауланып отырған мектептердің жер учаскелері талап қоюшы сұраған уақытында бос болмаған. Оларды мектептерді пайдалану ұшің «Жетісай ауданының адами әлеуметтік дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңмен белгіленген тәртіпте тапсырылған. Мекеменің құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткен.
Керісінше, талап қоюшының мектеп ғимараттарына құжаттары мемлекеттік тіркеуден тек 22 жылдан кейін тіркелген. Мүлік талап қоюшының меншігіне немесе қолдануына өтпеген, иелік етілмеген.
Сонымен қатар, Мақтаарал аудандық сотының 2003 жылғы 29 тамыздағы №2-381-03 шешімімен Ж[...] су [...] орналасқан 1972-73 жылдары салынған №25 орта мектептің және №2-374-03 шешімімен Ж[...] су [...] аулында орналасқан 1978-84 жылдары салынған №114 орта мектептердің мемлекеттік қабылдау актісі болу фактісі анықталған.
Ж[...] су ауылдық округі әкімінің 2003 жылы 16 маусымдағы № 35 санды шешімінен Баққоныс елді мекенінде орналасқан «Ж[...] атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын жер учаскесімен тұрақты пайдалану құқығымен бекітіліп берілген.
Баққоныс елді мекенінде орналасқан «Ж[...] атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 2003 жылғы 29 тамыздағы № 2-381-03 санды сот шешімі және 2003 жылғы 16 маусымдағы № 35 санды әкім шешімі негізінде 2003 жылғы 27 қыркүйекте кадастрлық номері № [...] санды тіркеуден өткен. Көрсетілген жайлар негізінде жауапкер ауыл әкімі жер учаскелерін талап қоюшыға беруден бас тартуы заңды болып табылады.
Сонымен қатар, жергілікті соттар кооперативтің мүліктерін, соның ішінде екі мектеп, 1999 жылғы 5 тамызда жергілікті атқарушылық органдарына өткеніне және мемлекеттік тіркеуінде тұрғаны тиісті назар аударылмаған.
«Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 6 Нормативтік қаулысының (ары қарай - Нормативтік қаулы) 8 тармағына сәйкес, бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушылардың) меншік құқығының туындауы, сондай-ақ аралас жер учаскелерінің шекарасын бұзу туралы дауды шешкен кезде сот Жер кодексінің 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алуы керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда, тараптардың әрқайсысының жерге құқықтарының туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.
Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесін пайдалану және оған билік ету үшін нақтылы (жергілікті жердегi) шекарасын белгілеу және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу қажет.
Белгілі бір жер учаскесіне немесе учаскенің бөлігіне тең құқықтар болған жағдайда, соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда, талап қоюшының [...] жылғы 13 маусымдағы №33 және 16 маусымдағы №35 мектептерге жер учаскелерін беру туралы шешімдері де заңды болып табылады. Өйткені, ол шешімдерді шығару кезінде әкім тарапынаң ешқандай заңнама бұзылмаған.
Осындай жағдайда, мектептердін жер учаскелеріне құқық беру құжаттары заңмен белгіленген тәртіпте күші жойылмағандығын ескере отырып, Ж[...] су ауылдық округі әкімнің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 67 және мектептің жер учаскесіне 2021 жылғы 16 тамызда тіркелген меншік құқығын тіркеуіне дау айту туралы талаптары қанағаттандыруғада негіз жоқ.
Жауапкерлер дау айтып отырған шешімдерін шығарған кезінде заң аясында әрекет жасаған.
ӘРПК-нің 5 бабы екінші бөлігіне сайкес, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Дау айтып отырылған жергілікті соттардың актілерін қабылдау кезінде заңның көрсетілген қағидаттары сақталмаған. Білім беру мекемесінің құқықтарын бұзылуына жол берілген және қоғамның мүддесіне залал келген.
ӘРПК-нің 10 бабына сайкес, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. Егер әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы болса, жарамды деп есептеледі.
Сонымен қатар, Жетісай аудандық соты 2023 жылы 11 шілдеде №514423-00-2/292 азаматтық ісі қарастырып «Жетісай ауданының адами әлеуметтік дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ж[...] сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы қанағаттандырған. «А[...]» өндірістік кооперативі мен Ж[...] арасындағы 1999 жылы 26 қарашада жасалған №7 сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылып, күші жойылған.
Сот алқасы бұл мән-жайды да назарға алады.
Осыған байланысты, бірінші сатыдағы сот шешімі және апеляциялық сатының қаулысы күші жойылып, талаптарды толық мөлшерінде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығару қажет. ӘРПК-тің 169-бабы және АПК-тің 451-бабы екінші бөлігінің 8- тармақшасына сәйкес, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жетісай аудындық сотының 2022 жылғы 3 тамыздағы шешімінің және Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 2022 жылғы 23 қараша қаулысының күшін жойып, талап қоюшы Ж[...] талаптарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдансын.
Жауапкер «Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және мүдделі тұлға Жетісай ауданы әкімінің кассациялық шағымдары қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші С.Баймаханов Судьялар Е.Өміралиев Ғ.Әлжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.