ҚАУЛЫ
2025 жылғы 28 тамыз 6003-25-00-4к/22 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында:
төрағалық етуші судья Е.М.Нұралиев
судьялар Л.Е.Кудекова, Ш.С.Манжуева болып
мүдделі тұлға жеке кәсіпкер С.Б.Жабагибаевтың өкілдері К.Е.Атайбекова мен С.Т.Лесбаеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы – жеке кәсіпкер Назарова Замира Юсуповнаның (бұдан әрі – ЖК Назарова) жауапкерлер «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент),
мүдделі тұлғалар ретінде – Шымкент қаласы білім басқармасының «Абраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін, Шымкент қаласы білім басқармасының «№135 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін, Шымкент қаласы білім басқармасының «57 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін, жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичті (бұдан әрі – ЖК Жабагибаев), жеке кәсіпкер Карибаева Айгуль Жумагазыкызын (бұдан әрі – ЖК Карибаева) тарта отырып,
-камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы;
қорытындылар туралы хаттамаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы;
конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға міндеттеу туралы;
қызмет көрсету туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік ісімен,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 тамыздағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысына талап қоюшының, мүдделі тұлға ЖК Карибаеваның келтірген кассациялық шағымдары бойынша қарап, төмендегіні
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы бірінші сатыдағы сотқа арыз түсіріп, онда жауапкерлерге қатысты жағарыдағы талаптарымен жүгінген. Оның негізі ретінде өлшем шарттардың салыстырмалы мәнін қолдану кезінде ЖК Жабагибаев пен ЖК Карибаеваға аспаздардың жұмыс өтілі бойынша конкурстық балдар негізсіз берілгенін көрсеткен.
Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 тамыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
2024 жылғы 16 мамырдағы №790000000-КпОПО-32-287402 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның дара кәсіпкер Карибаева Айгуль Жумагазыкызына қатысты бөлігі, 2024 жылғы 22 мамырдағы №790000000-КпОПО-32-289287, №790000000-КпОПО-32-289262 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың дара кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичке қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күштері жойылған.
2024 жылғы 16 маусымдағы №11981345-ОК1, 2024 жылғы 27 маусымдағы №11977311-ОК1, №11937745-ОК1 конкурстардың қорытындылар туралы хаттамалары заңсыз деп танылып, күштері жойылған. «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі №11981345-ОК1, №11977311-ОК1, №11937745-ОК1 конкурстардың қорытындыларын қайта қарауға міндеттелген.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Абраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичтің арасында жасалған 2024 жылғы 4 шілдедегі №48, Шымкент қаласы білім басқармасының «№135 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичтің арасында жасалған 2024 жылғы 5 шілдедегі №17, Шымкент қаласы білім басқармасының «57 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер Карибаева Айгуль Жумагазыкызының арасында жасалған 2024 жылғы 24 маусымдағы №32 қызмет көрсету туралы шарттар жарамсыз деп танылған.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың осы шешімі өзгертілген.
Шешімнің жеке кәсіпкер Назарова Зарина Юсуповнаның талап қоюын қанағаттандыру жөніндегі:
2024 жылғы 22 мамырдағы №790000000-КпОПО-32-289262, №790000000-КпОПО-32-289287 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичке қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күштері жойылған;
2024 жылғы 27 маусымдағы №11937745-ОК1 №11977311-ОК1, конкурстардың қорытындылары туралы хаттамалар заңсыз деп танылып, күштері жойылған;
«Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін №11977311-ОК1, №11937745-ОК1 конкурстардың қорытындыларын қайта қарауға міндеттеу туралы бөлігінің күші жойылған;
Шымкент қаласы білім басқармасының «Абраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичтің арасында жасалған 2024 жылғы 4 шілдедегі №48, Шымкент қаласы білім басқармасының «№135 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер Жабагибаев Султанмахмут Бейсенбаевичтің арасында жасалған 2024 жылғы 5 шілдедегі №17 қызмет көрсету туралы шарттар жарамсыз деп танылсын, - деген бөлігінің күші жойылған.
Шешімнің бұл бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы апелляцияда жаңа шешім шығарылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы ЖК Назарова өзінің кассациялық шағымында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жоюды және Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 тамыздағы шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
ЖК Карибаева өзінің кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған жоғарыдағы сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, өзіне қатысты бөлігінің күшін жойып, талап қоюшы ЖК Назарованың ЖК Карибаеваға қатысты бөлігінде талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына тиісті түрде хабарланған тараптар келмеді, алайда бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабы бірінші бөлігінің негізінде істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Кассациялық сот, мүдделі тұлға, жеке кәсіпкер С.Б.Жабагибаевтың өкілдері К.Е.Атайбекова мен С.Т.Лесбаеваның шағымдармен келіспеген түсінігін тыңдап, шағымдардын уәждері мен іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігі бойынша, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, Шымкент қаласы білім басқармасының «Абраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі», «№135 жалпы орта білім беретін мектебі» және «57 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) тапсырысы бойынша, «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдар әрі – ұйымдастырушы) №11981345-ОК1, №11977311-ОК1, №11937745-ОК1 оқушыларды тамақтандыру қызметін сатып алу жөнінде электронды ашық конкурстарды өткізген.
2024 жылғы 27 сәуірдегі №11981345-ОК1, №11977311-ОК1, №11937745-ОК1 қорытындылар туралы хаттамаларға сәйкес, конкурстардың жеңімпазы болып ЖК Назарова айқындалған.
Департаментің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2024 жылғы 16 мамырдағы №790000000КпОПО-32-287402 хабарламасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші ЖК Карибаеваға 22 балл берілген.
Сол Департаменттің 2024 жылғы 22 мамырдағы №790000000-КпОПО32-289262 хабарламасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші ЖК Жабагибаевқа 22 балл берілген.
Департаменттің 2024 жылғы 22 мамырдағы №790000000-КпОПО-32289287 хабарламасына сәйкес ЖК Жабагибаевқа 22 балл берілген.
Ұйымдастырушы Департаменттің хабарламаларымен келіспей, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляциялық департаментіне (бұдан әрі – Апелляциялық департамент) қарсылық жолданып, оның 2024 жылғы 14 маусымдағы №12984 қарсылық қарау нәтижелері бойынша қорытындысымен қарсылық ішінара қанағаттандырылған.
Осыған байланысты, ұйымдастырушы конкурстар бойынша екінші қорытындылар туралы хаттамаларды жариялаған. №11981345-ОК1 конкурсы бойынша 2024 жылғы 17 маусымдағы қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес, ЖК Карибаева жеңімпаз атанып, ал талап қоюшы екінші орын алған.
№11937745-ОК1 конкурсы бойынша 2024 жылғы 27 маусымдағы қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес, ЖК Жабагибаев жеңімпаз атанып, ал, талап қоюшы екінші орын алған.
№11977311-ОК1 конкурсы бойынша 2024 жылғы 27 маусымдағы қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес, ЖК Жабагибаев жеңімпаз атанып, ал талап қоюшы екінші орын алған.
Конкурстардың нәтижелерінде:
№87 жалпы орта білім беретін мектеп пен ЖК Жабагибаевтың арасында 2024 жылғы 4 шілдедегі №48;
№135 жалпы орта білім беретін мектеп пен ЖК Жабагибаевтың арасында 2024 жылғы 5 шілдедегі №17;
№57 жалпы орта білім беретін мектеп пен ЖК Карибаеваның арасында 2024 жылғы 24 маусымдағы №32 қызмет көрсету туралы шарттар жасалған.
Талап қоюшы тарапынан Апелляциялық департаменттің жоғарыдағы қорытындылары дауланбаған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігі 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 64-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8- қосымшалардағы өлшемшарттарға сәйкес балл қояды. Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Осы қағиданың 7-қосымшасында көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау өлшемшарттары көзделген.
Оның ішінде:
1.Қызмет көрсету нарығында соңғы 7 жылдағы жұмыс тәжірибесі бойынша мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан, басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 12 айға 1 балдан;
2.Аспаз біліктілігі (қоғамдық тамақтандыру саласында) берілген арнайы орта білімі (2007 жылғы 27 шілдеге дейін білімі туралы құжатты алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар аспаздың болуы бойынша арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл), арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл), арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл);
3.Аспаздың жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес (4 балдан аспайды, 1 аспазға 1 балл;
4.Диетология саласында медициналық білімі мен біліктілігі және (немесе) диетология саласында біліктілігін арттырудан (қайта даярлаудан) өткен медициналық білімі бар диетологтың немесе диеталық бикенің болған жағдайда 1 балл;
5.Қоғамдық тамақтану саласында жоғары, орта - техникалық білімі бар технологтың немесе техник – технологтың болуы (2 балдан аспайды).
Ескертпе:
1-тармақ бойынша конкурс өткізілетін тиісті аймақта ағымдағы жылдың өткен 7 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы:
орта мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындаудың әрбір айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының көшірмелерімен расталады.
Шартта (қосымша келісімде) көрсетілген жазғы каникул айларында (маусым-тамыз айлары) қызметтер ұсынылған жағдайда, осы айлар үшін көрсетілген қызметтер актілері мен шот-фактуралар қосымша ұсынылады;
конкурс өткізілетін тиісті аймақта басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша:
көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде – бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындалуының әрбір айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелерімен;
басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде әлеуетті өнім берушінің атына берілген объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялықэпидемиологиялық қорытындыны қоса бере отырып, қоғамдық тамақтану объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерімен (жекеменшік, (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару және т.б. (жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар және т.б. қосымша қоса берілсін) расталады.
Бұл ретте, бір мезгілде бірнеше орта білім беру ұйымдарында және (немесе) қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсету кезінде деректер жинақталмайды. Бір кезең ішінде орта білім беру ұйымында және қоғамдық тамақтандыру саласында бір мезгілде қызмет көрсеткені туралы растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда орта білім беру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Орта білім беру ұйымындағы және қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмыс тәжірибесін жинақтауға жол берілмейді.
–2, 4, 5-тармақтары бойынша әлеуетті өнім беруші өтінім берген сәтте ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек қызметін, "Білім туралы" ҚР Заңына сәйкес кәсіптік білімі туралы құжаттарды, разрядын растайтын, сондай-ақ маманның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде тиісті балдар қойылады. Құжаттар құжаттардың түпнұсқаларынан (телнұсқаларынан) электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.
Аспаз біліктілігі бар білімі болған жағдайда аспаздың біліктілігін (разрядын) арттыру уәкілетті орган белгілеген үлгідегі электрондық көшірмесі құжатпен расталады.
Медициналық білімі болған жағдайда, диетология саласында біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау уәкілетті орган белгілеген үлгідегі құжаттың электрондық көшірмесімен расталады. 3-тармақ бойынша жұмыс өтілі болған кезде қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірменің немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтердің электрондық көшірмесі және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі болып табылады. Бұл ретте қызметкердің еңбек өтілі соңғы бес жылда ескеріледі.
Бір қызметкер бірнеше лауазымдарды қоса атқарған жағдайда балдар өлшемшарттардың біреуі бойынша ғана қойылады.
Әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп жарияланған және (немесе) шартқа сәйкес ағымдағы конкурсты өткізу кезеңінде қызмет көрсететін және (немесе) басқа ұйымда қызметін жүзеге асыратын бұрын өткізілген конкурстарда әлеуетті өнім беруші ұсынған аспаздардың болуы туралы мәліметтерді ұсынған кезде конкурстық комиссия балл қоймайды. Қызметкерлер туралы мәліметтерді тексеруді конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда жүзеге асырады.
Орындаушыға әрбір сипаттамалар мен қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
Қағиданың 72-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Сотта сатып алу порталын зерделеу барысында №57 мектеп бойынша ЖК Карибаева еңбек ресурстарын растау үшін, аспазшылар ретінде І.Тастанбек, В.Садыкова, Б.Баймбетов, А.Арапбай, С.Абдуллаева жайлы мәлімдеп, оларды аспазшы ретінде жұмысқа қабылдағанын растайтын бұйрықтарын және зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің төленгендігі жөніндегі ақпаратты ұсынған.
Конкурсқа ұсынылған құжаттарға сәйкес, аталған аспазшылар І.Тастанбек, В.Садыкова, Б.Баймбетов А.Арапбай - ЖК Карибаевада 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, ал С.Абдуллаева 2024 жылдың наурыз айынан бастап аспаз қызметін атқарған, оны растайтын құжат ретінде жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтар бар.
ЖК Карибаева жұмысшылар І.Тастанбек, В.Садыкова, Б.Баймбетов А.Арапбайға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 2024 жылдың 29 қаңтарында, яғни бір күнде, 2023 жылдың толық 12 айына, ай сайынға төленетін зейнетақы төлемдерін төлеген және 2024 жылдың қаңтар айына мұндай төлемді 2024 жылдың 23 ақпанында төлеген.
Сонымен қатар, ЖК Карибаева аспазшы ретінде ұсынған С.Абдуллаеваға қатысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдынғы жылдары төленген зейнетақы төлемдерін растайтын үзіндісін ғана ұсынған, оған қоса Қағида талап еткендей, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірін таңдап, яғни, осы жұмысшының соңғы 5 жылда аспазшы мамандығы бойынша жұмыс істегендігін дәлелдейтін құжатты, ұсынбаған.
Соттың сұратуына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 21 қарашасында берген жауап хатына сәйкес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алынған мәліметтерде ЖК Карибаеваның аспазшылары – І.Тастанбек, В.Садыкова, Б.Баймбетов А.Арапбаймен жұмыс беруші ЖК Карибаева 2023 жылдың 3 қаңтарында еңбек шарттарын жасап, оларды «enbek.kz» порталында 2024 жылдың 6 ақпанында тіркеген, ал С.Абдуллаевамен 2024 жылдың 1 наурызында жасаған еңбек шартын 2024 жылдың 11 сәуірінде тіркеген.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шілдедегі №540 қаулысы 6- тармағына сәйкес), жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс сомасына Әлеуметтік кодекстің 251бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 9-тармағы бойынша жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей аударылады. Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілер үшін жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударылады. Осыған байланысты бірінші сатыдағы сот зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды кеш аудару кезінде аспаздың жұмыс өтілі ескерілмеуі тиіс, өйткені бұл қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзу болып табылады деген дұрыс тұжырымға келген.
Себебі, ЖК Карибаева тарапынан құқықты теріс пайдалану әрекеті орын алған, аспазшы жұмысшыларына қатысты еңбек шарттарың бір жылдан аса мерзім өткенен кейін ғана уәкілетті органның «enbek.kz» порталында тіркегендігі, жұмысшының бір жылдық зейнетақы аударылымын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір күнде аударуы, аспаз өлшемшарты бойынша, еңбек өтіліміне қатысты қосымша балл жинау мақсатында ғана жасалынған әрекет деп танылуы қажет.
Анықталған мән-жайлар талап қоюшының және де конкурсқа қатысқан басқа да әлеуетті өнімберушілердің құқықтыры мен мүдделеріне әсер ететіндіктен, алқа, бірінші сатыдағы сотпен талап қоюшы ЖК Карибаеваның №57 мектепке қатысты конкурстың дауланған хабарламасын және қорытынды хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жою, конкурс нәтижелерін қайта қарауды міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырылуға жататындығы жөніндегі тұжырым негізді. Сондықтан, дау айтылған сот шешімінің бұл бөлігі өзгеріссіз қалдырғаны заңды.
Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттың ЖК Жабагибаевтің ұсынған аспаздары Б.Гук, А.Исланкин, Д.Мұхтар, М.Мурзакулов, Ә.Дидарбек, Т.Нишамбаев және А.Жүнісовтің аспаз ретінде жұмыс атқарған 1 жылдық еңбек өтілімі расталмайтындығы жөніндегі тұжырымы қате екендігін іс бойынша расталған.
Өйткені, сот отырысында мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында, №135 мектеп бойынша ЖК Жабагибаев еңбек ресурстарын растау үшін аспазшылар ретінде М.Мурзакулов, Ә.Дидарбек, Т.Нишамбаев және А.Жүнісов жайлы мәлімдеп, аспаз ретінде жұмысқа қабылдағанын растайтын бұйрықтарын және зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің төленгендігі жөніндегі ақпаратты ұсынған.
Ұсынылған құжаттарға сәйкес, аталған жұмысшы - аспаздар ЖК Жабагибаевта 2023 жылдың қаңтар айынан бастап аспаз қызметін атқарады, оны растайтын құжат ретінде жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтардың үзіндісі бар.
ЖК Жабагибаевтан аспаздар М.Мурзакулов, Ә.Дидарбек, Т.Нишамбаев және А.Жүнісовқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 2023 жылдың 23 тамызында, сол жылдың наурыз айы мен тамыз айы араларында ай сайынғы төленетін зейнетақы төлемдері аударылған және 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың наурыз айын қоса отырып ай сайынғы зейнетақы төлемдері төленіп тұрған, яғни бір жылдық зейнетақы төлемдері толық төленген.
Апелляциялық алқаның сұрауына байланысты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 25 қарашасында берген жауап хатына сайкес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алынған мәліметтерінде ЖК Жабагибаевтың аспазшылары – М.Мурзакулов, Ә.Дидарбек, Т.Нишамбаев және А.Жүнісовпен жұмыс беруші ЖК Жабагибаев 2023 жылдың 1 қаңтарында еңбек шарттарын түзіп, оларды «enbek.kz» порталында 2023 жылдың 19 қыркүйегінде тіркеген.
ЖК Жабагибаев тарапынан алқа отырысына аталған жұмысшыларға қатысты 2023-2024 жылдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200 нысан) қабылданғандығы жөнінде хабарламалар ұсынылған.
Сотта анықталғандай, ЖК Жабагибаев конкурстық құжаттамаға жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, соның ішінде келісім шарттары мен атқарған жұмыстарын қабылдау актілері мен түбіртектерін ұсынған.
Осыған орай, конкурстық комиссия әлеуетті өнім беруші ЖК Жабагибаевтың көрсетілген аумақта мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі соңғы 7 жыл ішінде - әр 8 айға 1 балдан жұмыс тәжірибесі кезінде қызмет көрсетілген барлық айлардың сандарын біріктіру арқылы дұрыс есептеп, соңғыға жұмыс тәжірбиесі өлшемшарты бойынша дұрыс 5 балл берген. Сойтып, №11977311-ОК1 (№135 мектеп) конкурстың комиссиясы дауланған қорытынды хаттамасымен ЖК Жабагибаевқа – 22 балл дұрыс берілген. №87 мектеп бойынша ЖК Жабагибаев еңбек ресурстарын растау үшін аспазшылар ретінде Б.Абдураимова, Б.Гук, А.Исланкин және Д.Мұхтар жайлы мәлімдеп, аспаз ретінде жұмысқа қабылдағанын растайтын бұйрықтарын және зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің төленгендігі жөніндегі ақпаратты ұсынған. Онда аталған жұмысшы - аспаздар ЖК Жабагибаевта 2023 жылдың қаңтар айынан бастап аспаз қызметін атқаратындығын растайтын құжат ретінде жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтардың үзіндісі ұсынылған.
ЖК Жабагибаевтан аспаздар Б.Гук, А.Исланкин және Д.Мұхтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 2023 жылдың 23 тамызында 2023 жылдың наурыз айы мен тамыз айларына ай сайынға төленетін зейнетақы төлемдері төленген және 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың наурыз айын қосып ай сайынғы төленетін зейнетақы төлемдері төленіп отырған,яғни 1 жылдық төлемақы толық төленген.
Апелляциялық алқаның сұратуына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 19 қарашасында берген жауап хатына сай еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алынған мәліметтерінде ЖК Жабагибаевтың аспазшылары – Б.Абдураимова, Б.Гук, А.Исланкин, Д.Мұхтармен жұмыс беруші ДК Жабагибаев 2023 жылдың 1 қаңтарында еңбек шарттарын түзіп, оларды «enbek.kz» порталында 2023 жылдың 19 қыркүйегінде тіркеген. ЖК Жабагибаев тарапынан алқа отырысына аталған жұмысшыларға қатысты 2023-2024 жылдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200 нысан) қабылданғандығы жөнінде хабарламалар ұсынылған.
Сот отырысында зерделенген дәлелдемелермен ДК Жабагибаевтың аспазшы Б.Гук, А.Исланкин және Д.Мұхтарға қатысты ұсынған мәліметтердің дұрыстығы расталып, оларға қатысты конкурстық комиссиямен аспаздың болуы және аспаздың еңбек өтілі бойынша өлшемшарттарымен конкурстық балдың дұрыс есептелгендігі анықталды. Сонымен қатар, аспаз Б.Абдураимованың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзіндісіне қарағанда, ол анықтама 2024 жылғы 6 қаңтарда алынған, ол жерде зейнетақы аударымдары 2024 жылғы 15 наурызға дейін аударылғаны көрсетілген.
Зерделенген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтеріне сай, Б.Абдураймова зейнетақы шотына 2023 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына және 2024 жылдың қаңтар айына ЖК Жабагибаевтан зейнетақы аударылымдары түспеген, 2024 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларына зейнетақы аударылымы 2024 жылдың 11 қыркүйегінде ғана аударылғандығы анықталған.
Бұл жәйт ЖК Жабагибаевтың Қағидада көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес келмейтіндігінің дәлелі бола алмайды, себебі, соңғы конкурстық құжаттамада Б.Абдураимованың жеке куәлігін, аспаз біліктілігі бар дипломын, және аспазшы ретінде жұмыс істейтіндігін дәлелдейтін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35 тармағына сай келетін бұйрықтың үзіндісін ұсынған.
Бұл түста, Б.Абдураимоваға қатысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының үзіндісіндегі көрсетілген мәлімет дұрыс емес. Қағиданың 7 қосымшасында көрсетілген аспаздын жұмыс өтіліміне берілетін конкурстық балға ғана әсер етеді.
Демек, ЖК Жабагибаевтың конкурсқа аспаз Б.Абдураимованың бір жылдық еңбек өтілін растайтын Қағидада көрсетілген құжаттардың (дәлелдемелердің) ұсынбағандығы, осы азпаз бойынша конкурстық комиссиямен еңбек өтілі бойынша 1 балл негізсіз берілгендігі анықталды.
Өз кезегінде, ЖК Жабагибаевқа осы конкурс бойынша ұсынған жұмысшы Б.Абдураимованың бір жылдық аспаз ретіндегі еңбек өтілімін растамағандықтан, конкурс қорытындысы бойынша 22 балдың орнына 21 балл есептеліп берілуге жатады.
Осы конкурстың дауланған 2024 жылғы 27 маусымдағы қорытынды хаттамасымен ЖК Назарова – 22 балмен 2 орынға ие болған. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 бабының 1 тармағының 27) тармақшасына сай, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 21 қарашасында соттың сұрауына берген жауап хатына сай Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің Еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесінде бүгінге күнге ЖК Назарованың жұмыс беруші ретінде еңбек шарттары тіркелмегендігін хабарлаған.
Демек, ЖК Назарова №№57, 87, 135 мектептер бойынша конкурсқа аспазшы мамандарын және де басқа мамандарды ұсынбаған деп бағалануы тиіс.
Сонымен қатар, ЖК Назарованың №№87,135 метептер бойынша өткізілген конкурстарға ұсынған аспазшылары басқа мекемелерде жұмыс істейтіндігі анықталған.
№11937745-ОК1 (№87 мектеп) конкурс бойынша ұсынылған:
Г.Жақанова 2000 жылдың 30 қарашасынан бастап 2024 жылдың қыркүйек айына дейін Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «К.Сатпаев атындағы №10 мектеп-гимназия интернаты» КММ-де жұмыс істеген, 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап «Қарқын-2030» ЖШС-де жұмыс істейді;
А.Ибраимова 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 1 маусымына дейін Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданының Күркелес ауыл округі Еңкес ауылы Фирдауси №6 мекен-жайда орналасқан ЖШС «Ұлар-777» балабақшасында жұмыс істеген;
М.Тоқсанбаева 2018 жылдың 6 желтоқсанынан бастап бүгінге күнге дейін Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданы ЖШС «Түймеқыз» балабақшасында жұмыс істейді;
Б.Кадирова 2021 жылдың 23 тамызынан бастап бүгінге күнге дейін Түркістан облысы білім басқармасы Түлкібас ауданына қарасты ЖШС «Зарина» балабақшасында жұмыс істейді;
№11977311-ОК1 (№135 мектеп) конкурс бойынша ұсынылған:
Г.Досмаханбетова 2023 жылдың 13 қазанынан бастап бүгінге күнге дейін Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданы ЖШС «Аружан -2020» бабабақшасында жұмыс істейді;
Г.Шадиева 2012 жылдың 5 қазанынан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаш ауданының бөлімінің «К.Сатпаев атындағы №10 мектеп-гимназия интернаты» КММ-де жұмыс істеген;
Р.Умарова 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы білім басқармасы Денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы» МКК-де жұмыс істейді;
Т.Айтбаева 2011 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданы ЖШС «Гүлжан-ана» бөбекжайбалабақшасында жұмыс істейді.
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаның 4-тармағына сәйкес «Диетология саласында медициналық білімі мен біліктілігі және (немесе) диетология саласында біліктілігін арттырудан (қайта даярлаудан) өткен медициналық білімі бар диетологтың немесе диеталық бикенің болуы (1 балдан аспайды)» - олшемшарты бойынша баллдар медициналық білімі болған жағдайда, диетология саласында біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау уәкілетті орган белгілеген құжаттың электрондық көшірмесімен ұсынған жағдайда беріледі.
«Диеталық бике» немесе «диетолог» лауазымына орналасу үшін және біліктілік куәлігін алу үшін Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасының (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №72 бұйрығымен бекітілген) 6-параграфының (диеталық бике) 186-тармағына біліктілік қойылатын талаптарға сәйкес «мейірбикеісі», «емдеу ісі», «акушерлік іс» немесе «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімінің болуы керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ303/2020 бұйрығының 2 тармағы 2 тармақшасына сай біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны.
Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Кодекстің 221бабының 6-тармағына сәйкес танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады делінген. Конкурстық өтінім құрамында ЖК Назарова диетолог Д.Т.Кулманованы (№87 мектеп) және А.М. Пакисбаеваны (№135 мектеп) ұсынған.
Бұл ретте, «Маман» оқу-өндірістік орталығы Д.Т. Құлманова мен А. М. Пакисбаеваның атына «Диетология» мамандығы бойынша курстарда оқығаны туралы берген 14.05.2021ж. №34698 және 22.08.2022ж. №34708 куәліктері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес келмейді.
«Маман» оқу-өндірістік орталығы аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген. Сондықтан, аталған ұйым «диетология» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыруды жүзеге асыруға құқылы емес, ал берілген жоғарыда көрсетілген куәліктер біліктілікті арттырудың бар екендігін растайтын құжаттар ретінде қабылдануға жатпайды.
Осыған байланысты, ЖК Назарованың диетолог немесе диеталық бикесі болғаны үшін конкурстық комиссиямен 0 балл беруі тиіс болған.
Сонымен қатар, ЖК Назарованың конкурстық өтінімінде технологы жоқ екені анықталды. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаның 5 тармағына сәйкес, баллдар қоғамдық тамақтану саласында мамандағы жоғары, орта-техникалық білімі бар технологтың немесе техник-технологтың болуы үшін қойылады (2 балдана аспайды) делінген.
ЖК Назарованың технолог ретінде ұсынылған А.Б.Мадьярова (№87 мектеп) біліктілік туралы мәліметтерде және қоса берілген құжаттарда технолог ретінде емес, өндіріс меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданған.
Конкурстық өтінімде білімі мен біліктілігі қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшартының 7-қосымшасының 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін технолог Э.Ешаева (№87 мектеп) да дұрыс ұсынылмаған. Бакалавр дипломы 6В07250-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы білім беру бағдарламасы» бойынша «Техника және технологиялар бакалавры» дәрежесін берген, яғни Қағидадағы талап етілген қоғамдық тамақтандыруға жатпайды. Біліктілікті арттыруға арналған 17.10.2022 жылғы №34712 куәлігі «Маман» оқу-өндірістік орталығының қоғамдық тамақтандыру технологиясы Қоғамдық тамақтандыру саласындағы жоғары, орта–техникалық білімді растайтын құжат ретінде есептелмейді.
Демек, Э.Ешаеваның білімі технологтың талабына сәйкес келмейді.
Технолог ретінде ұсынылған Р.Омаркулова (135 мектеп) біліктілік туралы мәліметтерде және қоса берілген құжаттарда технолог емес, өндіріс меңгерушісі ретінде көрсетілген. Конкурстық өтінімде білімі мен біліктілігі қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшартының 7-қосымшасының 5- тармағының талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтану саласындағы техниктехнолог сұратылған.
Сондай-ақ Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін технолог ретінде Н.Нурманова (135 мектеп) да ұсынылған. Дипломы ЖБ 30.06.2001ж. №0226446 «Консервілер және тамақ концентраттары технологиясы» мамандығы бойынша берілген. Осыған байланысты Н.Нурманованың білімі технологтың талабына сәйкес келмейді. Демек, ЖК Назарова конкурстық өтінімінде технологы жоқ және конкурстық комиссия оған көрсетілген өлшемшарт бойынша 2 балды негізсіз берген.
ЖК Назарова Қағиданың 72-тармағының 1) тармақшасында талабына талабына сай конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен осы конкурстарға қатысуға жіберілмеуі қажет, конкурсқа қатысушы, конкурс жеңімпазы ретінде таныла алмайды. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, кассациялық сот, апелляциялық соттын қаулысын заңды және негізді деп санайды, өйткені ол сотта анықталған нақты мән-жайлар мен заңдылық, әділеттілік принциптері ескеріле отырып қабылданған.
Талап қоюшы ЖК Назарованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуга жатады, себебі оның апелляциялық сот қаулысының күшін жою жөніндегі уәждері негізсіз. Апелляциялық соттың қаулысында бірінші сатыдағы соттың жіберген кемшіліктеріне дұрыс құқықтық баға беріліп, ол заңды түрде өзгертілген, ол жөнінде дауланып отырған 2024 жылғы 5 желтоқсандағы сот актісінде толық баяндалған.
Мүдделі тұлға ЖК Карибаеваның кассациялық шағымын зерделеген сот, оны қанағаттандыруға еш негіз таппады. Шағым иесі бірінші сатыдағы соттың өзіне қатысты бөлігін даулаған. Алайда апелляциялық сот бұл тұжырымдарды тексерудін нәтижесінде, төменгі соттың шешімін жартылай негізсіз деп тауып, оны өзгерткен. Мундай жағдайда аталған кассациялық шағым қанағаттандыруға жатпайды, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілуіне байланысты, соңғы нұсқасында заңды деп табылғандықтан ешбір өзгертілуге тиіс емес. Осы орайда мүдделі тұлғаның кассациялық шағымы да қанағаттандырылмайды.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 тамыздағы шешімі өзгертілген бөлігінде күшінде қалдырылсын.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы желтоқсандағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.
Талап қоюшы ЖК Назарованың, мүдделі тұлға ЖК Карибаеваның кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Е. Нуралиев Судьялар Л. Кудекова
Ш.Манжуева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.