6003-25-00-2к/5207
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 28 сәуір Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор М[...],
талап қоюшының өкілі С[...], жауапкер Ұ[...] және оның өкілдері О[...], К[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) жауапкерлер Ұ[...], Шымкент қаласы әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қаулыны, жалға беру үлгілік шартын, объектіні пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер Ұ[...] Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Соттың осы күнгі ұйғарымымен талап қоюдың Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №663 қаулысымен 1.17 бөлігін жарамсыз деп тану туралы талабы өндірістен тоқтатылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен шешімнің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.
«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Ұ[...] арасында жасалған 2020 жылғы 2 қарашадағы №001/1376 жалға беру келісім шарты, 2024 жылғы 30 сәуірдегі №1919 жеке меншік иесінің өз еркімен салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі жарамсыз деп танылған.
Жауапкер Ұ[...] кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Кассациялық сот, іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, қаулыны күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі
- АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп
соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Апелляциялық сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (әрі қарай-Жер кодексі) 22бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сай, жер учаскесiне меншiк құқығы меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Аталған баптың 3-тармағында жер учаскесiне меншiк құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерге байланысты туындайтындығы көрсетілген.
Іс құжаттарына қарағанда, Шымкент қаласының халық депутаттарының Еңбекші аудандық советі атқару комитетінің 1992 жылғы 20 ақпандағы №209 шешіміне сәйкес, У[...] жеке тұрғын үй құрылысы үшін Шымкент қаласы, Самал шағын ауданында орналасқан №523 жер учаскесі (бұдан әрі – 523 жер учаскесі) бөлінген.
Н[...] К[...] 2011 жылғы 14 наурызда, жауапкер Ұ[...] әкесі У[...] қалған [...] учаскесіне, заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікпен мүліктік емес құқықтар мен міндеттер берілген.
Шымкент қаласы әкімінің даулы қаулысымен жауапкер Ұ[...] Шымкент қаласы, Солтүстік-батыс бөлігі нөмірсіз мекенжайдағы, алаңы 0,10 га. жер учаскесіне, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 4 жыл 11 айға уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы табысталған.
Яғни, заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікте көрсетілмеген мүлдем басқа аумақта орналасқан басқа жер учаскесіне құқық берілген.
«Шымкент қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Ұ[...] арасында 2020 жылғы 2 қарашадағы №001/1376 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың үлгілік шарты жасалып, кадастрлық №[...] сәйкестендіру актісі рәсімделген.
Жер кодексінің 44-1 бабының 8 тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.
Арнайы есепке қою кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорациядан сұратылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге.
Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжейтегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады (жауапкердің даулы жер учаскесіне құқықтары пайда болған кездегі редакция).
Алайда, жоғарыда көрсетілген заң талаптарын бұза отырып, Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №663 қаулысының 1.17 тармағы негізінде Н,Ұ[...] жер учаскесін табысталып, 2020 жылғы 2 қарашада жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың үлгілік шарты жасалған.
Осылайша әкімінің қаулысының негізінде жасалған 2020 жылғы 2 қарашадағы жалға беру келісім шарты Жер кодексінің 44-1-бабының 8- тармағының талаптары бұзыла отырып берілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 157бабының 1-тармағына сәйкес, мәміле сот оны осындай деп (дауланатын мәміле) тануына байланысты осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңнамалық актілерде тікелей көзделген негіздер бойынша жарамсыз болады.
АК-нің 158-бабының 1-тармағына сай, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
АК-нің 261-бабының 1-тармағына сай, егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан өтеулі түрде алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi
мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы сот іс құжаттарға тіркелген дәлелдемелер жиынтығына құқықтық баға беріп, талап қоюшының талаптарын негізді екендігі және қанағаттандырылуға жататыны туралы дұрыс қорытындыға келген.
Мәні бойынша заңды күшіне енген дұрыс сот актісінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылуға жатпайды.
Жауапкердің іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі, дауланып отырған сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер Ұ[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: А.О.Тогумбетова
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.