КСАД РК - Постановление от 19.11.2025 по делу 6003-25-00-4к/2268 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 19 қараша № 6003-25-00-4к/2268 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші– судья М.А.Туғанбаев.

судьялар – Л.Е.Каирбаева, М.А.Манабаева болып,

жауапкер Р.Дүрменовтың қатысуымен ашық сот отырысында

талап қоюшы Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «С.Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дүрменовке нұсқаманы заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы бойынша қабылданған,

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 және 13 қаңтардағы ұйғарымдарына Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымдарына жауапкердің кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап.

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 9 қазандағы шешімімен талап қоюшының талап қоюы қанағаттандырылған.

Жауапкер сот шешімімен келіспей 2024 жылғы 23 желтоқсанда апелляциялық шағым берген. Өз кезегінде, 2024 жылғы 24 желтоқсандағы сот ұйғарымымен апелляциялық шағым кері қайтарылған.

Жауапкер Р.Дүрменов соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы апелляциялық шағымды қайтару туралы ұйғарымымен келіспей,оған жекеше шағым келтірген.

Өз кезегінде, соттың 2025 жылғы 6 қаңтардағы ұйғарымымен жауапкердің жекеше шағымы қозғаусыз қалдырылып, шағымданушыға жекеше шағым беруге жоғары тұрған органның уәжді келісуі жоқ болғандықтан, соны түзету үшін 2025 жылдың 13 қаңтарына дейін мерзім берілген.

2025 жылғы 13 қаңтардағы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен жауапкер Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дүрменовтің келтірген жекеше шағымы– кері қайтарылған.

Сондай-ақ 2024 жылы 27 желтоқсанда жауапкер сотқа мерзімді қалпына келтіру туралы арызбен қоса сот шешіміне апелляциялық шағымды қайта ұсынған. 2025 жылғы 13 қаңтардағы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен жауапкер Мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дүрменовтің Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылы 9 қазанындағы шешіміне апелляциялық шағым беру үшін өткізіп алған процестік мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаты қанағаттандырылудан бас тартылып апелляциялық шағымы кері қайтарылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымдармен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымыдары 2025 жылғы 8 және 13 қаңтардан өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, апелляциялық шағым беру үшін мерзімді қалпына келтіруді және істі іс жүзінде қарауға жіберуді сұраған.

Талап қоюшы және мүдделі тұлға өкілдерінің кассациялық шағымның уәждерін қолдайтындығы туралы түсінігін, жауапкер өкілінің шағымға қарсы пікірін тыңдап, іс материалдарын және кассациялық шағымда келтірілген уәждерді зерделеп, сот төмендегі тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі–АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілген.

Әкімшілік іс құжаттарына қарағанда, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 9 қазандағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.

Шағым келтірілген сот шешімі түпкілікті нысанда 2024 жылы 20 қазанда «Төрелік» ақпараттық жүйесіне (әрі қарай - Төрелік) енгізілген және

шешімнің қарар бөлігінде апелляциялық шағым шешім түпкілікті нысанда дайын болған күннен екі ай ішінде берілуі мүмкін екені түсіндірілген. Яғни, сот шешіміне шағым жасау 2024 жылы 20 желтоқсанды қоса есептегендегі мерзімде аяқталған.

Осы шешімге жауапкер заңмен белгіленген мерзімде, яғни 2024 жылғы 1 қарашада апелляциялық шағым жіберген. Алайда, ол бойынша процессуалдық шешім іс жүзінде екі айдан кейін қабылданған.

АПК-нің 126-бабының 3-бөлігінің күші бойынша, сот өткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті, егер ол осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімді өткізіп алды, сот актілеріне шағымдану үшін, прокурордан өтініш немесе протест түсіру кезінде сот заңды бұзған жағдайда немесе сот актілері қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік беруін шектеген жағдайда (сот актісінің көшірмесін іске қатысушыға уақытында жеткізбеу; сот актісі адамның білетін тіліне аударылмаған болса, сот жүргізу тіліне беймәлімдігі; құқықтық мұрагерлікті дұрыс рәсімдемеу), сондай-ақ шағымды уақытында беруге, прокурордан өтініш немесе протест

Осыған байланысты бірінші деңгейлі соттың сот шешімін қалпына келтіру мерзімін қалпына келтіруге негіз жоқ деген қорытындысымен кассациялық сот келіспейді.

Анықталған жағдайларға сәйкес, АПК-нің 126-бабының 3-бөліміне сәйкес сот сот актісіне шағымдану үшін жіберілген мерзімді қалпына келтіруге міндетті болды.

Сонымен қатар, кассациялық сот формалды негіздерге байланысты апелляциялық шағымды қозғалыссыз қалдыру және 2024 жылғы 1 қарашада жауапкер тарапынан берілген апелляциялық шағымды қайтару туралы соттардың тұжырымымен келісе алмайды.

Кассациялық сот төменгі деңгейдегі соттар «сот актісіне шағымдану еркіндігі» сот жүргізу принциптерінің бірін бұзды деп есептейді, бұл іс қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектеді, сондықтан сот шешімдерінің күші жоюлуға, ал апелляциялық шағымды беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтініші қаңағатандырылуға жатады.

АПК-нің 451-бабының бірінші бөлімің 7) тармақшасына сәйкес, кассациялық шағымды, протесті қарау нәтижесінде кассациялық инстанция соты қаулы шығарады және бірінші және апелляциялық инстанция соттарының процестік мерзімдерді қалпына келтіру мәселелері бойынша шешімдерін жояды және істі апелляциялық шағымды қарау үшін апелляциялық сатыдағы сотына жолдайды.

Қарсы тараптың кассациялық шағымы ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 7) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 және 13 қаңтардағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымдарының күші жойылсын.

Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дүрменовке апелляциялық шағым беру мерзімі қанағаттандырылып, Түркістан облыстық әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына қайта қарауға жолдансын. Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші М.Туғанбаев

Судьялар Л. Каирбаева М.Манабаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.