Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 15.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/453 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 15 қазан №6003-25-00-2К/453 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші А.Тоқсанбаев, судьялар А.Даненова, М.Ибрагимова, талап қоюшының өкілі Т.Умиржановтың, жауапкердің өкілі Т.Мырзамбетовтің қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Роза Жубаткановна Серикбаеваның жауапкер Ержан Нұрланұлы Мирамовтан автокөлікті қайтаруды міндеттеу туралы талап қоюымен қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Р.Серикбаева жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгініп, оны мұраға мүліктік емес құқық беретін куәлік бойынша өзінің атына аударуға жататын автокөлікті жауапкер заңсыз ұстап отырғанымен негіздеген.

Қызылорда қалалық сотының 2024 жылғы 4 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкер Е.Мирамовтан талап қоюшы Р.Серикбаеваға «KIA Optimа» маркалы, 2015 жылғы шығарылған қара түсті, VIN5XXGR4A63FG517671 автокөлік қайтарылған және талап қоюшының пайдасына 66 500 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымымен сот шешімінің күші жойылып, азаматтық іс бірінші сатыдағы сот қағидалары негізінде мәні бойынша қарау үшін іс жүргізуіне қабылданып, 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен талап қоюшы Р.Серикбаеваның жауапкер Е.Мирамовтан автокөлікті қайтаруды міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, қайтыс болған ұлы С.Раскулов пен Е.Мирамовтың арасында жазбаша автокөлікті сатып алу-сату мәмілесі жасалмағанын, 2023 жылғы шілдеде автокөлікке қатысты меншік құқығы С.Раскуловқа тіркелмегендіктен басқа адамның иелігіне беру құқығы болмағанын, автокөлікке қатысты құжаттар өзінде сақталуда, автокөлік мұраға құқық туралы куәлігіне сәйкес өзіне тиесілі болуы тиіс екенін көрсетіп, апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымының және қаулысының күшін жоюды сұраған.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждерін және іс құжаттарын зерделеп, келесі негіздерге байланысты апелляциялық сатыдағы соттың актілері өзгеріссіз қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Іс құжаттарына сәйкес, даулы «KIA Optimа» маркалы, 2015 жылғы шығарылған қара түсті, VIN5XXGR4A63FG517671 автокөлігі 2023 жылғы 13 наурыздағы ИМ №4055603/100323/1000992 декларация негізінде Грузия Республикасы, Тбилиси қаласынан автокөліктің алғашқы шығындары төленіп Қазақстан Республикасына кіргізілген.

Даулы автокөлік декларация бойынша талап қоюшы Р.Серикбаеваның ұлы С.Раскуловтың атына рәсімделген.

С.Раскулов 2023 жылғы 2 қыркүйекте қайтыс болған.

Жеке нотариус А.Маралбековамен С.Раскуловтың анасы Р.Серикбаеваға 2024 жылғы 12 қаңтардағы №40 тізімінде тіркелген №22 мұраға құқық туралы куәлік берілген.

Осы куәлікке сәйкес мұраға қалатын мүлікке 2023 жылы 13 наурыздағы ИМ №4055603/100323/1000992 декларация негізінде кірген автокөлікке қатысты барлық кеден төлемдерін, салық және автокөлікке техникалық тіркеу куәлігін алу үшін төленетін барлық төлемдерді төлеуден тұратыны және оның Қызылорда облыстық полиция департаментінде техникалық құжат алу үшін міндетті түрде қайта тіркелуге жататыны көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 188бабы 1-тармағына сәйкес, меншік иесі өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.

АК-нің 260-бабына сай, меншік иесі өзгенің заңсыз иелігінен өз мүлкін талап етуге құқылы.

Талап қоюшы өзінің талап қоюын, заң бойынша мұраға құқық беретін куәлікке сәйкес автокөлік өзінің атына рәсімделгенімен негіздеген.

Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысын талап қоюшы Р.Серикованың ұлы С.Раскулов тірі кезінде даулы автокөлікті сатуға ниеті болғанын, өз қалауымен, өз меншігіндегі мүлікке билік ету құқығын жүзеге асырып, 2023 жылы бөліп төлеу арқылы автокөлікті сатып алу-сату туралы ауызша келісімге келгенімен негіздеген.

С.Раскулов даулы автокөлікті 6 650 000 теңгеге досы А.Бостановтың жиені Е.Мирамовқа сатып, 4 200 000 теңгесін алғанын талап қоюшы жоққа шығармайды.

Заңды күшіне енген Қызылорда қалалық сотының 2024 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен А.Бостановтан талап қоюшы Р.Серикбаеваның пайдасына автокөлік құнының қалған бөлігі 2 650 000 теңге өндірілген.

Талап қоюшы Р.Серікпаеваның бұл әрекеті ұлы С.Раскуловтың мүліктік емес құқықтарының аясында жасалған.

Одан бөлек, 2025 жылғы 1 қазанда заңды күшіне енген Қызылорда қалалық сотының 2025 жылғы 3 шілдедегі шешімімен А.Бостанов пен С.Раскуловтың арасында даулы көлік құралын сатып алу-сату шарты 2023 жылғы 10 шілдеде жасалды деп танылған.

Мұндай жағдайда, талап қоюшының жауапкерден автокөлікті қайтару туралы талап қоюы апелляциялық сатыдағы сотымен дұрыс негізсіз деп танылған, себебі талап қоюшының бұл автокөлікке меншік құқығы тіркелмеген.

Апелляциялық сатыдағы сотпен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған.

АПК-нің 429-бабының 7-бөлігіне сәйкес, осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот шешімінің күші жойылып, азаматтық іс бірінші сатыдағы сот қағидалары негізінде мәні бойынша қарау үшін іс жүргізуіне қабылдау туралы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болмайды, сондықтан кассациялық тәртіпте алқа ұйғарымына берілген шағым қарауға жатпайды. Алқа қаулысына берілген кассациялық шағым уәждерін тексеру аясында сот алқа ұйғарымы процестік құқық нормаларына сәйкес қабылданған деп санайды.

Кассациялық шағымның уəждері сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

А.Тоқсанбаев

Төрағалық етуші

Судьялар

А.Даненова

М.Ибрагимова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.