ВС РК - Определение от 13.01.2020 по делу 6001-19-00-3Г/8539 (Гражданское)

6001-19-00-3г/8539

ҰЙҒАРЫМ

2020 жылғы 13 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова арыз беруші С[...] қаласының әкімдігі, «НұрСұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешіміне және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің және «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ :

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арыз беруші істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438 - бабын басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья Ш.Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.