ВС РК - Постановление от 30.01.2024 по делу 6001-23-00-6ап/1603 (Административное)

№6001-23-00-6ап/1603

ҚАУЛЫ

2024 жылы 30 қантар Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Н.Ү. Қайыпжан, судьялар - Б.Т.Нажмиденов, Ж.Б.Ермағамбетова болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры М[...],

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Ә[...] қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №59032D200193 хабарламасын заңсыз деп танып, күшін жою, 2020 жылғы 30 қаңтардағы түбіртекпен төленген 200000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі ұйғарымына, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы ұйғарымына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы Б[...] сотқа «Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне жоғарыдағы аталған талап қою арызымен жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының екінші бөлігінің 15)-тармақшасына сәйкес талап қою арызы қайтарылған. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Соттардың материалдық және процессуалдық құқығының нормаларын бұзғанын көрсете отырып, кассациялық шағымда талап қоюшы іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды, істі мәні бойынша бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Жауапкер өкілінің қарсылықтарын, ұйғарымды өзгеріссіз қалдыру керек деп есептеген прокурордың қорытындысын тыңдап, істің материалдарын зерттеп, шағымның уәждерін талқылап, сот алқасы келесі қорытындыларға келеді. ӘРПК - нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік істер бойынша кассациялық шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК - нің 438 - бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс материалдарына сәйкес, Басқарма талапкердің атына 2019 жылғы 24 желтоқсанда камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзұшылықтарды жою туралы хабарлама шығарған. Хабарламаға сәйкес жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбау фактісі анықталып, бұзушылық сомасы 936 240 теңге көрсетілген.

Хабарламаны орындау үшін талап қоюшы 2020 жылдың 30 қаңтарында 936 240 теңге мөлшерінде салық сомасын есептей отырып, декларацияны тапсырған, салық берешегінің 200 000 теңгесін бюджетке төлеген.

Осылайша, талап қоюшыға 2020 жылдың 30 қаңтарында хабарлама шығару туралы белгілі болғаны іс материалдарымен расталған.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, сот алқасы талап қоюшы сотқа процестік мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын қандай да бір дәлелдемелерді ұсынбағандықтан, Б[...] талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деген соттардың тұжырымын дұрыс деп есептеп, ӘРПК-тің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылғаны негізді деп санайды.

Сондықтан ұйғарымдардың күшін жоюға, кассациялық шағымды

қанағаттандыруға негіздер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 178-бабының нормаларын даулы құқықтық қатынастарға қолдану туралы кассациялық шағымның дәлелдері есепке алынбайды. Әкімшілік актілерге шағымданудың іс жүргізу мерзімдері 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа еңгізілген ӘРПК-мен белгіленген.

Хабарлама беру кезінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның ережелерін бұзғаны туралы шағым уәждері де назарға алынбайды, себебі талап қоюшының талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішінде мұндай уәждер келтірілмеген.

ӘРПК - нің 169 - бабының бірінші бөлігін, АПК - нің 451 - бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі ұйғарымы, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы ұйғарымы күшінде, талап қоюшы Б[...] қассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Н. Қайыпжан Судьи Б. Нажмиденов Ж. Ермагамбетова Көшірмесі дұрыс Судья Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.