№6001-23-00-6ап/1412 №6001-23-00-6ап/1412 (2)
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 2 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова, жауапкердің өкілі А[...],
мүдделі тұлғаның өкілі Д[...] қатысуыларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкер Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылы 12 сәуірдегі №66 және 2022 жылы 19 мамырдағы №54 шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы ұйғарымына;
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысына талап қоюшының өкілі М[...] келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымымен Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің М[...] жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімге 3-жылға жер пайдалану құқығымен берілген 2019 жылы 23 тамыздағы № 154 санды шешімі заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы кері қайтарылған.
Осы соттың 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Осы соттың 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымдарда соттар іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы тараптардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Соттармен анықталғандай, 2019 жылғы 23 тамыздағы №154 санды шешімімен М[...] Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылынан жалпы ауданы 0,06000 га жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімге 3 (үш) жылға жер пайдалану құқығымен бөлініп берілген.
2019 жылғы 28 қазандағы №194 санды «Жетісай ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-мен М[...] арасында жер телімін жалға беру шарты түзіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен.
2021 жылғы 12 сәуірдегі № 66 санды шешімі негізінде, А[...] өтініші негізінде жүргізу жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 16 шілдедегі №3/1621 санды шешімі негізінде Жаңа ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінде орналасқан жалпы ауданы 0,2100 га жер учаскесі тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін А[...] жеке меншік құқығымен бекітіп берілген.
2022 жылғы 19 мамырдағы №54 санды шешіммен М[...] берілген жер учаскесінің пайдалану мерзімі уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 1 жылға ұзартылған.
Сонымен бірге, Мақтаарал аудандық мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жүргізу жөніндегі комиссияның 2007 жылы 16 шілдедегі №3/1622 шешімімен Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ елді мекенінде орналасқан жалпы ауданы 0,1240 га жер телімі талап қоюшы А[...] анасы А[...] атына жария етілген. А[...] 2010 жылғы 28 мамырда қайтыс болған. Мұра қалдырушының балалары мұрагерден қалған мүлікті мұра ретінде қабылдамаған. Округ әкімі А[...] атына жер учаскесі жария етілгеніне қарамастан, А[...] жалпы ауданы 0,2100 га жер учаскесі, М[...] жалпы ауданы 0,06000 га жер учаскесін заңсыз бөліп бергенін көрсетіп, талап қоюшы даулы шешімдердің күшін жоюды сұраған.
Соттар, М[...] қатысты 2019 жылғы 23 тамыздағы №154 санды шешімді даулау туралы талап қоюды ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне сәйкес кері қайтарып, іс бойынша талап қоюшы әкімшілік рәсімге қатысушы болып табылмайды деп көрсеткен.
Сонымен қатар, М[...] берілген жер учаскесінің пайдалану мерзімін ұзарту туралы және А[...] жалпы ауданы 0,2100 га жер учаскесі табысталғаны туралы округ әкімінің шешімдерін даулау туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, жалпы ауданы 0,1240 га жер учаскесі А[...] атына рәсімделгені, бұл жер телімі талап қоюшының атына тиісті түрде тіркеуден өтпеген, яғни бұл мүлікке А[...] меншік құқығы пайда болмағанын көрсеткен. Сондықтан округ әкімімен М[...] даулы 0,06000 га жер учаскесі табысталған кезде, бұл жер учаскесі бос болғаны деген дұрыс тұжырымға келген.
Бұндай жағдайда, округ әкімінің жер учаскелерін табыстау туралы шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде және талаптарына сәйкес қабылданған.
Кассациялық шағымдар өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымдарда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды. Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 наурыздағы ұйғарымы;
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының өкілі М[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.