6001-25-00-3гп-173
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 21 тамыз Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа төрағасы Н.К.Шәріпов,
судьялар Г.Қ.Жүсіпбекова, Н.О.Сисенова,
ашық сот отырысында бейнеконференцбайланыс арқылы талап қоюшы «С[...]» шаруа қожалығы (бұдан әрі – «С[...]» ШҚ) жауапкер «О[...]» фермерлік қожалығынан (бұдан әрі – «О[...]» ФҚ) заңсыз иеленген малды қайтаруды міндеттеу туралы талап қоюмен қозғалған электрондық азаматтық іс бойынша жауапкер «О[...]» ФҚ-ның өкілі С[...] мемлекеттік бажды қайтару туралы келтірген арызын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
«С[...]» ШҚ сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, талап қою ішінара қанағаттандырылып, «О[...]» ФҚ-нан «С[...]» ШҚ-ның пайдасына қазақы жылқы тұқымынан әр түрлі жастағы 280 бас жылқы қайтарылған.
«О[...]» ФҚ-нан «С[...]» ШҚ-ның пайдасына 1 229 668 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен іс бойынша шығарған бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту жөніндегі апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, осы бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
«С[...]» ШҚ-нан мемлекет кірісіне 614 834 теңге мемлекеттік баж және «О[...]» ФҚ-ның пайдасына 5 000 000 теңге өкілдің көмегіне төленген шығыс ақысы өндірілген.
Арызда жауапкер «О[...]» ФҚ-ның өкілі С[...] заң талаптарына қайшы қателесіп төлеген 614 834 тенге мемлекеттік бажды соңғыға қайтару туралы қосымша қаулы қабылдауды сұраған.
Сот алқасы іске қатысатын барлық тұлғаларды сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар еткен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 445-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, арыздың уәждерін талқылап, келесі тұжырымға келді.
АПК-тің 452-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады.
АПК-тің 236-бабының 1-бөлігінің 3) тармағына сәйкес іс бойынша шешiм шығарған сот егер сот шығыстары туралы мәселенi шешпесе қосымша шешiм шығара алады.
Жоғарғы Соттың қаулысының уәждеу бөлігінде АПК-нің 109-бабының 3-бөлігіне сай, істі кассациялық сатыдағы соттың қарауы үшін өтініш берген кезде «О[...]» ФҚ-ның өкілі С[...] мемлекет кірісіне 614 834 теңге мемлекеттік баж төлеген, бірақ ол «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысының 4-тармағына қайшы келетіндіктен алқа, заң талабына сай 614 834 теңге мемлекеттік баж «С[...]» ШҚ-нан мемлекет кірісіне өндірілуге жатады деп көрсетілген.
А[...].С[...] артық төлеген 614 834 тенге мемлекеттік бажды соңғыға қайтару мәселесі сот актісінде көрсетілмеген.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 108бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк баждың артық төленген сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтаруға жатады.
Осыған орай сот алқасы С[...] арызын қанағаттандыруға заңды негіздер бар деп есептейді.
АПК-нің 452-бабының 2-бөлігін, 236-бабының 1-бөлігін, Салық кодексінің 108-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
«О[...]» ФҚ-ның өкілі адвокат С[...] арызы қанағаттандырылсын.
С[...] артық төлеген 614 834 (алты жүз он төрт мың сегізжүз отыз төрт) тенге мемлекеттік баж соңғының пайдасына мемлекет кірісінен қайтарылсын.
Төрағалық етуші
Н.К.Шәріпов
Г.Қ.Жүсіпбекова
Судьялар
Н.О.Сисенова
Көшірмесі дұрыс. Судья Г.Қ.Жүсіпбекова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.