КСАД РК - Постановление от 05.02.2026 по делу 6003-25-00-4к/2555 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 5 ақпан № 6003-25-00-4к/2555 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М. Манабаева,

судьялар - Н.Нуралыева, Е. Тулеев,

аудармашы Р. Шайхы, талап қоюшы Диана Жайдаровна Нурмуханова (бұдан әрі - Д. Нурмуханова), мүдделі тұлға «UNIWEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бүдан әрі - «UNIWEST» ЖШС) өкілі Н.Гусмановтың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшылар Диана Жайдаровна Нурмуханова мен Бекболат Ерланович Нурмуханов «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне дау айту туралы талап арызы бойынша,

мүдделі тұлға: «UNIWEST» ЖШС,

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 маусымдағы қабылданған шешіміне, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысына мүдделі тұлғаның кассациялық шағымы бойынша түскен әкімшілік істі қарап

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшылар сотқа жүгініп, онда жазатайым оқиғаны арнайы тергеп - тексеру комиссиясының актісін және бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 маусымдағы шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылған, яғни: 2025 жылғы 26 қаңтарда «UNIWEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Е.Е.Нурмухановтың қайтыс болуымен аяқталған жазатайым оқиға туралы арнайы тергеп-тексеру актісінің 6.2-тармағы және қорытындының қарар бөлігінің 1-тармағы заңсыз деп танылсын және күші жойылсын. Жауапкер «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесіне арнайы тексеру актісіне және қорытындысына жұмыс берушінің кінә дәрежесі - 70%, қызметкердің кінә дәрежесі - 30% деп көрсете отырып, тиісті өзгерістер енгізуге міндеттелсін. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылсын.

2025 жылғы 11 қыркүйектегі Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылған.

Кассациялық шағымда мүдделі тұлға төменгі саты соттарының сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Жаупкердің тиісті түрде хабарланған өкілі белгісіз себеппен кассациялық соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы істі қарауға кедергі болмайды. Шағым уәждерін толық қолдаған мүдделі тұлғаның түсінігін және сот актілерімен келіскен талап коюшыны тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.

ӘРПК 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Істің егжей-тегжейлі мән-жайлары, соттардың негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген.Соттардың қорытындылары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және материалдық кұқық нормаларына негізделген.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Мүдделі тұлғаның сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 маусымдағы шешімі, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсың.

Мүдделі тұлға «UNIWEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М.Манабаева

Төрағалық етуші

Судьялар

Н.Нуралыева

Е. Тулеев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.