ВС РК - Постановление от 13.01.2023 по делу 6001-22-00-6ап/1525 (Административное)

6001-22-00-6ап/1525

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 13 қаңтар Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Н.Ү.Қайыпжан, судьялар – Г.Б.Дуйсенбаев, Б.Т.Нажмиденов болып, жауапкер Қ[...],

мүдделі тұлға өкілі К[...] қатысуларымен,

К[...] жеке сот орындаушысы (бұдан әрі – ЖСО) Қ[...] әрекетіне дау айту туралы талап қоюы бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымына, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы сотқа жауапкердің 2017 жылғы 17 қарашадағы автокөлікті сауда-саттыққа шығару туралы қаулысының күшін жоюды, 2017 жылғы 30 қарашада өткізілген электрондық аукционды заңсыз деп танып, электрондық аукцион қорытындысы хаттамасының күшін жою туралы талап қоюмен жүгінген.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен күшінде қалдырылған Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымымен осы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін көзделген мерзім өтіп кетуіне және мерзімді қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырудан бас тартылуына байланысты талап қою қайтарылған.

К[...] кассациялық шағымында жергілікті соттардың тұжырымдарымен келіспей, олардың күшін материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына орай жоюды сұраған.

Талап қоюшы істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар бола отырып, кассациялық сатының сот отырысына келмеді.

Аталған тұлғаның Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының 1-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 418бабының екінші бөлігіне сәйкес келмеуі істі қарауға кедергі келтірмейді, осыған байланысты сот алқасы істі оның қатысуынсыз қарауды есептейді.

Сот алқасы, шағымның уәждеріне қарсы жауапкердің түсіндірмелерін тыңдап, сот актілерімен келісетіндігі туралы мүдделі тұлға өкілінің пікірімен танысып, іс құжаттарын, шағым уәждерін зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, АПК-нің қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Соттармен анықталған мән-жайларға қарағанда, автокөлікке тыйым салу туралы, оны сауда-саттыққа шығару туралы қаулы көшірмелері, сондайақ мүлікті бағалау есебінің көшірмесі 2017 жылы К[...] тіркелген (Арал ауданы, Сексеуіл кенті, 50 жылдық Қазақстан көшесі №4) мекенжайы бойынша жолданып, табысталған.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 29-бабында атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептелетіндігі көрсетілген.

Сол себепті жергілікті соттардың К[...] көрсетілген заң нормасына сәйкес мекен-жайы ауысқандығы туралы ЖСО-ың хабардар ету тиіс болғандығы туралы тұжырымдары дұрыс. ӘРПК-нің 136-бабының 4-бөлігінде сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа берілетіндігі қарастырылған.

Осы мерзім алдын алатын мерзім болып табылады, оны өткізіп алу

шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

2017 жылы қолданыстағы болған АПК-нің 29-тарауында да шағым келтіру үшін берілген мерзім түпкілікті екендігі көрсетілген.

Яғни, К[...] сотқа жүгіну үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алған, ал онымен мерзім дәлелді себептерге байланысты өткізіп алынғандығы анықталмаған, сондықтан жергілікті соттардың осы тұжырымдары негізді.

Сот алқасы, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидаттарына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан, шағымдалған сот актілерінің күштерін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымы мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы К[...] кассациялық шағымы

қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Н. Қайыпжан

Г. Дүйсенбаев

Судьялар

Б. Нажмиденов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.