ВС РК - Постановление от 12.05.2022 по делу 6001-22-00-3гп/149 (Гражданское)

6001-22-00-3гп/149

ҚАУЛЫ

2022 жылғы 12 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: алқа төрағасы Н.К.Шәріпов,

судьялар М.Т.Балкен, Ш.С.Иманиязова, талап қоюшының өкілі Д[...] қатысуымен мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Қ[...] жауапкерлер Н[...], Н[...], Н[...], С[...], И[...], Н[...], Н[...] тұрғын үйден еріксіз түрде шығару және жер учаскесін босату туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы қаулысына талап қоюшының өкілі Д[...] келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Қ[...] сотқа жүгініп, жоғарыда аталған жауапкерлерді тұрғын үйден еріксіз түрде шығару және жер учаскесін босату туралы талап қою арызын берген.

Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2021 жылғы 7 сәуірдегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ораңғай ауылдық округі, Бостандық ауылы, Тоған көшесі, № 5 тұрғын үйден және осы мекенжайдағы № 5 А жер учаскесінен жауапкерлер еріксіз түрде шығарылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Талап қоюшының өкілі Д[...] өтінішхатында іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулымен келіспей, сот алқасының тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Даулы тұрғын үй жауапкер Н[...] отбасына уақытша тұруға берілгенін, қазіргі таңда олардың үйде тұруға құқықтық негіздері жоқ екенін алға тартқан.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) өтінішхат уәждерін талқылап, іс бойынша талап қоюшы өкілінің өтінішхат уәждерін қолдаған түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, мынадай тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға апелляциялық сатыдағы сот жол берген.

АПК-нің 427-бабының 4-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес, егер судья шешімге қол қоймаған жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.

Іс құжаттарына қарағанда, апелляциялық тәртіппен қабылданған 2021 жылғы 15 маусымдағы сот қаулысында, оның қарар бөлігінің түпнұсқасында іске қатысқан баяндамашы судьяның қолы қойылмаған.

Апелляциялық сатыдағы сот тарапынан процестік құқық нормаларының бұзылуына жол берілгендіктен апелляциялық тәртіппен қабылданған сот қаулысын заңды және негізді деп тануға болмайды.

Істің мұндай тұрғысында сот қаулысының күші жойылуға, ал іс апелляциялық сатыдағы сотқа қайта қарауға жолдануға жатады.

Істі қайта қараған кезде сот тараптардың уәждерін жан-жақты тексеріп, іс бойынша жиналған дәлелдемелерге заң тұрғысынан баға беріп, заңды және негізді шешім қабылдауға тиіс.

АПК-нің 126-бабының 2-бөлігіне сай, егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.

Өтінішхат алғашқы рет дер кезінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда берілген, алайда кемшіліктерді жою үшін кейін қайтарылған. Процестік мерзім дәлелді себептермен өткізіп алынғандықтан, сот актісіне кассациялық тәртіппен өтінішхат беру мерзімі талап қоюшының өтініші бойынша қайта қалпына келтірілуге жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Өткізіп алынған процестік мерзім қалпына келтірілсін.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы қаулысының күші жойылсын.

Азаматтық іс Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жіберілсін.

Талап қоюшы өкілінің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Н. Шәріпов

Судьялар М. Балкен

Ш. Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.