Қ А У Л Ы
2026 жылғы 11 маусым №6003-26-00-2к/2133 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,
талап қоюшының өкілі Т[...], жауапкерлердің өкілі А[...],
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкерлер С[...], С[...], Д[...], Түркістан облысы нотариаттық округінің нотариустары К[...] мен Н[...], даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Түркістан облысы білім басқармасының «Сайрам ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шартты бұзу туралы келісімді және сатып алу – сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына жауапкерлердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде, жауапкерлердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
Н.Жумагулова
Н.Косанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.