Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/890 (Гражданское)

№ 6003-25-00-2к/890 Қ А У Л Ы

2025 жылғы 3 қараша Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Айкенова, Д.Д. Махметова, прокурор Н.Молдахметовтың,

талап қоюшының өкілі А.Садыковтың,

жауапкердің өкілдері М.М.Билялдың, А.Б.Құраловтың қатысуларымен, бейнеконференц байланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы Азамат Маратович Султамуратовтың жауапкер «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Астана қаласының полиция Департаменті» мемлекеттік мекемесіне жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талабы бойынша қабылданған

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 қарашадағы шешіміне, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен электронды азаматтық істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 қарашадағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Алқа қаулысымен аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспей, олардын күшін жоюды сұраған, өзінің әрекеттері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Занының (бұдан әрі - Заң) 80-бабы 2-1тармағында көрсетілген теріс қылықтарға жатпайтынын, қызметтік тергеу жүргізу және оны белгілі бір лауазымды адамға жүктеу туралы бұйрық шығарылмағанын, яғни жұмыстан шығару тәртібі сақталмағанын, тіркелген бейнежазбалар зерттелмегенін, бірақ сот бейнежазбаны зерттеген сыңай танытып, шешімге кіргізгенін көрсеткен.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардын түсініктерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі негіздерге байланысты сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттар Заң талаптарын дұрыс қолданып, іс үшін маңызы бар мәнжайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып,

тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге сот заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.

Анықталғандай, талап қоюшы А.Султамуратов 2013 жылғы 26 тамыздан 2024 жылғы 18 маусымға дейінгі кезеңде ішкі істер органында, соңғы лауазымы «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Астана қаласының полиция Департаменті» мемлекеттік мекемесінде патрульдік полиция полкінің саптық бөлімшелері қызметінің инспекторы болып істеген (бұдан әрі-ІІО).

Жауапкердің 2024 жылғы 17 маусымдағы бұйрығымен талап қоюшы Заңның 80 бабы 1 тармағы 13) тармақшасының негізінде Қарулы күштерінің резервіне босатылған.

Талап қоюшыны қызметтен босатуға келесі негіздер себеп болған:

Қызметтік тергеу материалдарынан 2024 жылғы 10-нан 11-не қараған ақпан аралығында «601» борттық нөмірі бар автопатрульде полиция капитаны А.М.Султамуратов пен полиция аға лейтенанты Р.Байдильдиннің жұмысқа кіріскені көрінеді. Таңғы сағат 05:00 шамасында аталған инспекторлар патрульдеу кезінде мас күйінде көлік құралын басқару күдігі бойынша мемлекеттік нөмірі 552 ACL 01, маркасы «Chevrolet Nexia» көлік құралын тоқтатқан. Инспектор Е.Толегеннің өтініші бойынша медициналық куәландырудан жүргізуші А.Ушбаевқа ұқсамайтын, басқа адам өткен.

Осыған орай, ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Е.Толеген, А.Султамуратов және Р.Байдильдин жүргізуші А.Ушбаевты әкімшілік жауаптылықтан алып кеткен.

Астана қаласы ПД №35 тәртіптік комиссиясының шешімімен қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, өзінің мүддесін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдаланғаны үшін, сондай-ақ шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін Астана қаласы ПП полкі қызметінің инспекторы, полиция капитаны А.М.Султамуратовты жұмыстан шығаруға қаулы етілген: («Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50 бабы 1 тармағы 4 тармақшасы), «Құқық қорғау қызметі» туралы Заңның 16 бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы №81 «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы» Жарлығының талаптарын бұзу.

Демек, Департамент тарапынан Заңның 80-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы талап қоюшыға қатысты негізді қолданылып, тәртіптік жаза ретінде атқарып жүрген лауазымынан және ішкі істер органдарынан теріс қылықпен дұрыс шығарылған.

Істің мұндай тұрғысында, Заңның 57-бабына сай Департаментпен талап қоюшымен жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты, ауырлығы мен оқиғаның мән-жайлары нақты анықталып, тиісінше қызметкердің кінәлілік дәрежесі дұрыс бағаланған.

Өз кезегінде, талап қоюшы АПК-нің 72-бабына сәйкес Департаменттің уәждерін теріске шығаратын нақты дәлелдемелерді сотқа ұсынған жоқ. Шағымда көрсетілген мән-жайлар шешімнін заңдылығына әсері жоқ.

Анықталған мән-жайларға байланысты кассациялық сот бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы түйіндерімен келіседі.

Шағым уәждері соттардың тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, шағымдалған сот актілерінін күшін жойылуына немесе өзгертілуіне әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзылу деректері анықталған жоқ.

Сондықтан сот актіері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 қарашадағы шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова

судьялар А.К.Айкенова

Д.Д. Махметова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.