№6003-25-00-2к/4093
ҰЙҒАРЫМ
2026 жылғы 17 наурыз Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:
төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов талап қоюшы Ермек Еркинович Абдрешовтың жауапкер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесінен моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап қоюы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 12 шілдедегі шешімі мен Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2026 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен Е.Е.Абдрешовтың кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтіріліп, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы өзгертілген.
Алайда, аталған қаулының қарар бөлігінде Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқа қаулысының жылы «2025 жыл» деп қате жазылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 235-бабына сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды түзете алады. Сот шешімдегі қате жазуларды түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға құқылы. АПК-нің 235-бабын басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2026 жылғы 19 қаңтардағы қаулысының қарар бөлігіне түзету еңгізілсін.
Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқа қаулысының қате жазылған жылы 2025 жылдың орнына «2023 жыл» деп түзетілсін.
Төрағалық етуші Г.Джаппарова
Судьялар А.Есдаулетов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.