№6001-22-00-6ап/1632
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 16 наурыз Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар - Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы И[...] жауапкерлер Түркістан облыс Сауран ауданы әкімдігінің Иассы ауылдық округ әкіміне, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының «Түркістан қалалық тіркеу және жер кадастры бөліміне», «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына, «Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін табыстау туралы шешімін заңсыз деп танып күшін жоюды, жер учаскесіне орналастыру арқылы сәйкестендіріп енгізуді міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымына талап қоюшының өкілі [...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 9 ақпандағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Иассы ауылдық округ әкімінің Р[...] қатысты шығарылған жер учаскесін табыстау туралы 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №3645 санды шешімі заңсыз деп танылып күші жойылған.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы «Түркістан қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі» кадастр номері [...] санды сәйкестендіру актісі берілген жер учаскесін нақты орналасқан жері бойынша Түркістан қаласы, [...] мекен жайға автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне сәйкестендіріп енгізу міндеттелген. Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы шешімнің күші жойылып, талап қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138 - бабының екінші бөлігі 15) тармақшасына сай кері қайтарылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында іс бойынша апелляциялық сот алқасы материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, апелляциялық сот алқасының ұйғарымының күшін жойып, бірінші сатыдағы шешімді қалпына келтіруді сұраған.
ӘРПК-нің 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілген.
Іс материалдарын анықталғандай, Түркістан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №831 санды қаулысына сай А[...] Түркістан қаласы, Отырар, 1 квартал, 9 көше, 8 мекен жайынан тұрғын үй құрылысы үшін кадастр номері [...] жер учаскесіне жеке меншік берілген.
2013 жылғы 9 желтоқсандағы жер телімін сату-сатып алу келісім шартына сәйкес А[...] аталған жер учаскесін И[...] сатқан. Жер учаскенің мекен жайы кейін Түркістан қаласы, [...] деп өзгертілген.
Сонымен қатар, 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №3645 санды Иассы ауылдық округі әкімі шешіміне сай Р[...] тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Түркістан қаласы, Иассы ауылы, Орталық елді мекенінен кадастр номері [...] жер учаскесі берілген. Аталған шешім мұрағатқа сақтауға өткізілмеген. Бұл шешімге сай, Р[...] 2018 жылы жер кадастр ісі жасақталған, жер теліміне «Түркістан қаласы, [...]» деген мекен жай берілген.
Бірінші сатыдағы сот Түркістан қаласы, [...] жер учаскесіне сәйкестендіру актісін 2013 жылы талап қоюшы бірінші болып жасатқанын, ал Р[...] тек 2018 жылы алғанын, Әділет басқармасына меншік құқығын И[...] 2013 жылы тіркелгенін анықтап, Иассы ауылдық округ әкімінің Р[...] қатысты шығарылған жер учаскесін табыстау туралы 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №3645 санды шешімін заңсыз деп танып, күшін жойған.
Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сотың шешімімен келіспей, төмендегідей тұжырымға келген. Заңды күшіне енген Түркістан қалалық сотының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі шешімімен «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Жер инспекциясы) талап арызы бойынша Р[...] тиесілі даулы жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 1-тармағының талаптары сақтала отырып табысталғаны анықталған. С[...] ауылдық округі әкімнің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №3645 шешімі жарамсыз деп тану туралы талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған.
Аталған азаматтық істен анықталғандай, Жер инспекциясының сотқа жүгінуіне талап қоюшы И[...] өтініші негіз болған. Яғни талап қоюшыға оның құқықтарының бұзылғаны туралы 2021 жылдың 16 маусымында белгілі болған.
Бұл жағдайда апелляциялық сот алқасы ӘРПК-нің 138 - бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сай, талап қоюды кері қайтару туралы тұжырымға келген.
Бұл тұжырымын талап қоюшы ӘРПК-нің 136-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа талап арыз берудің бір айлық мерзімін дәлелсіз өткізіп алған деп негіздеген.
Апеляциялық сот алқасының бұл тұжырымы негізсіз болып табылады.
ӘРПК-нің 143-бабының бірінші бөлігі 2) тармақшасына сай алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
ӘРПК-нің 1- бабының үшінші бөлігіне сәйкес егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
АПК-нің 126-бабының жетінші бөлігіне сәйкес процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Яғни, қолданыстағы процессуалдық заңнамасының жоғарыда аталған нормаларының талаптарынан бірінші сатыдағы соттың талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы шешімін жоғары сатыдағы сотпен қайта қарауға болмайтындығы анықталады.
Сонымен қатар, АПК-нің 424-бабында апелляциялық сатыдағы сот істі қысқарту немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар шығара отырып, бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоя алатын негіздердің толық тізбесі көзделген.
Көрсетілген нормалармен, сондай-ақ ӘРПК-нің нормаларымен апелляциялық сатысынан процестік мерзімін өткізіп алуына байланысты талап қоюды кері қайтару көзделмеген.
Алайда, апелляциялық сот алқасы талап қоюды кері қайтарып, процессуалдық заңының нормаларын бұзып, өз құзыретінің шегінен тыс шыққан.
Сонымен қатар апелляцияық сот алқасы даулы қаулысында:
-АПК-нің 76-бабының 2-бөлігіне сәйкес, соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді;
ӘРПК-нің 84-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жойған кезде әкімшілік рәсімге қатысушының сенім құқығын қорғау қағидаты назарға алынады;
бірінші сатыдағы сотта іс үшін маңызы бар мән-жайлардың ауқымы дұрыс айқындамаған, қолдануға жататын заңды, материалдық және процестік құқық нормаларының дұрыс қолданбаған деп көрсеткен.
Бұл мән-жайлар да талап қоюды қайтаруға негіз бола алмайды.
Апелляциялық саты сотының талап қоюды қайтара отырып дәлелдемелер мен бірінші саты сотының қолданған заңдарына құқықтық баға беріп, іс жүзінде дауды негізінен қарауы негізсіз болып табылады. Апелляциялық сатыдағы сот жол берген бұзушылықтарды кассациялық іс жүргізу шеңберінде жоюға болмайтынын назарға ала отырып, шағымданатын сот актісінің істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолдауға жатады. Апелляциялық сот алқасы істі қараудың толықтығы мен объективтілігін, процесуалдық құқығы нормаларының, әкімшілік сот ісін жүргізудің ӘРПК-нің 7, 8, 13, 16-баптарында белгіленген негізгі қағидаттарының толық орындалуын қамтамасыз етпегендіктен, осы іс бойынша шағым беріліп отырған сот актісінің күшін жоюға, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа құрамда қарауға жіберілуге жатады. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымның күші жойылсын. Іс Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына басқа құрамда жаңадан қарауға жолдансын.
Талап қоюшының өкілі [...] кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.