ҚАУЛЫ
2025 жылғы 25 желтоқсан №6003-25-00-2к/4520 Астана қаласы
Азаматттық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев, талап қоюшының өкілі Қ.Мылтықбаевтың, жауапкердің өкілі Т.Калыбековтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер Болат Сапарович Менлибековке, Турганкул Ибрагимоваға, Молдир Сапарқызы Сапароваға қарыз соманы өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
«Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-серіктестік) жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына ортақтасқан түрде 24 513 796 теңге қарыз сомасы мен үлестік тәртіпте өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге, мемлекеттік баж 735 414 теңге, нотариалдық қызметке жұмсалған шығын 56 620 теңге өндірілген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы қаулысымен шешім өзгертіліп, жауапкерлер Б.Менлибековтен, Т.Ибрагимовадан, М.Сапаровадан талап қоюшы серіктестіктің пайдасына ортақтасқан түрде өндірілген 24 513 796 теңге қарыз сомасы 21 213 796 теңгеге дейін, мемлекеттік баж 735 414 теңгеден 212 138 теңгеге дейін төмендетілген.
Шешімнің жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге өндірілген бөлігінің күші жойылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертіп, өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге мөлшердегі сот шығынын өндіру бөлігінде бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды, төленуге тиіс мемлекеттік баж сомасы 636 414 теңге деп
белгілеп, артық төленген 99 000 теңге (735 141 – 636 414) мөлшердегі мемлекеттік баж қайтаруға жатады деп тануды сұраған. Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Серіктестік пен Б.Менлибеков, Т.Ибрагимова, М.Сапарова арасында 2024 жылғы 26 қыркүйектегі шартқа (әрі қарай-қарыз шарты) сәйкес, талап қоюшы жауапкерлерге 36 ай мерзімге жеке қажеттілік мақсатында шағын несие берген.
Несиенің қайтарымын қамтамасыз ету мақсаиында серіктестік пен Б.Менлибеков, Т.Ибрагимова, М.Сапарова арасында 2024 жылғы 26 қыркүйекте жылжымайтын мүлікті кепілге беру және 2024 жылғы 4 желтоқсанда жылжымайтын мүлікті қайта кепілге беру шарттары жасалған.
Жоғарыда аталған шарттың талаптарына сәйкес, негізгі борыш пен сыйақы сомасы уақтылы төленбеген жағдайда, қарыз алушы несие берушіге мерзімі өткен әрбір тоқсан күні ішінде, негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек сомасының 0,5 пайызы мөлшерінде, тоқсан күні өткеннен кейін өткен әрбір күні үшін 0,03 пайызы мөлшерінде, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуге міндеттенді. Алайда, жауапкерлер қарыз шарты бойынша алған міндеттемелерін орындамаған.
Талап қоюшы міндеттемені орындауды талап етіп, жауапкерге сотқа дейінгі дауды реттеу мақсатында хат жолдаған. Жауапкермен бұл талап ескерусіз қалдырылған.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды толық қанағаттандырған.
Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшы тарапынан ұсынылған 2025 жылғы 22 қазандағы анықтамасына сәйкес жауапкер Б.Менлибековтің осы күнге қарызы 20 313 796 теңге, жауапкермен 2025 жылғы 8 мамырда 300 000 теңге, 30 мамырда - 2 000 000 теңге, 24 шілдеде - 1 000 000 теңге, 28 шілдеде - 500 000 теңге, 11 тамызда - 200 000 теңге, 14 тамызда - 200 000 теңге өтелгенін, алайда, бірінші сатыдағы сотпен 2025 жылғы 25 шілдеде шешім қабылдағанда, шешім шыққан күнге дейінгі төленген 3 300 000 теңге ескерілмей, жалпы қарыз сомасынан шегерілмегенін анықтап, сот шешімін өзгертіп, өндірілген 24 513 796 теңге қарыз сомасы 21 213 796 теңгеге дейін төмендетілген.
Тараптар сот актілерінің бұл бөлігіне кассациялық шағым бермеген.
Сонымен қатар, апелляциялық сатыдағы сот шешімнің жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге өндірілген бөлігінің күші жойылған. Себебі, талап қоюшының сұрап отырған заң көмегі үшін төленген 2 451 380 теңге, 2025 жылғы 29 сәуірдегі №88 төлем тапсырмасымен ЖК «Мустафаева»-ға аударылған. Алайда, іске серіктестіктің берген сенімхаты негізінде ЖК «Мустафаева» емес, А.Мамыров қатысқан. ЖК «Мустафаева»-ның 2025 жылғы 4 наурыздағы №4 бұйрығы бойынша заңгер болып қызмет жасайтыны туралы құжатты және серіктестік пен ЖК «Мустафаева» арасындағы келісім сотқа ұсынбаған.
Істің мұндай тұрғысында, апелляциялық сатыдағы сот бұл сот шығындарын өндіруге жатпайтыны туралы дұрыс тұжырымға келген. Себебі, талап қоюшымен сот шығындарын өндіруге негіз болатын жеткілікті құжаттарды сотқа берілмеген.
Апелляциялық сатыдағы сотпен жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына ортақтасқан түрде өндірілген 24 513 796 теңге қарыз сомасы 21 213 796 теңгеге дейін төмендетілгендіктен мемлекеттік баж 735 414 теңгеден 212 138 теңгеге дейін азайтылған. Осы бөлігінде алқа қателікке жол берген.
Серіктестік 2024 жылғы 30 сәуірде сотқа талап қоюмен жүгінгенде жауапкерлердің қарызы 24 513 796 теңгені құраған, 2025 жылғы 25 шілдеде шешім шығарылғанға дейін 3 300 000 теңге қарызы төленген, яғни серіктестік сотқа талап қоюымен жүгінгеннен кейін қарыз жауапкерлермен ішінара төленген жағдайда, талап қоюшының мемлекеттік бажға төленген сот шығындары жауапкерден толық өндірілуге тиіс. Бұл ретте, 735 414 теңге үлестік тәртіпте әр жауапкерден талап қоюшының пайдасына 245 138 теңгеден өндірілуге жатады. Себебі, АПК-нің 109-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығындарын басқа тараптан алып береді.
АПК-нің 427-бабы 6-бөлігіне сәйкес, сот шығындарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
Көрсетілгендердің негізінде қаулы күшінде, кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Қаулының жауапкерлер Болат Сапарович Менлибековтен, Турганкул Ибрагимовадан, Молдир Сапарқызы Сапаровадан талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына
өндірілген мемлекеттік баж 735 414 (жеті жүз отыз бес мың төрт жүз он төрт) теңгеден 212 138 (екі жүз он екі мың бір жүз отыз сегіз) теңгеге дейін төмендетілсін деген бөлігінің күші жойылсын.
Жауапкерлер Болат Сапарович Менлибеков, Турганкул Ибрагимова және Молдир Сапарқызы Сапарованың әрқасысынан үлестік тәртіпте 245 138 (екі жүз қырық бес мың бір жүз отыз сегіз) теңге өндірілсін.
Талап қоюшының кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.