Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 29.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/3156 (Гражданское)

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2025 жылға 29 желтоқсан № 6003-25-00-2к/3156 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында: төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.Б.Тоқсанбаев, А.А.Даненова,

талап қоюшы Эльбрус Шамилович Махмудовтың жауапкерлер Зоя Шамиловна Махмудованың, Түркістан облысының нотариаттық округінің нотариусы Батырхан Кожахметович Кудайбергеновке, үшінші тұлға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Созақ аудандық бөліміне заң бойынша мұраға құқық туралы берілген куәліктерді жарамсыз деп тану туралы электрондық азаматтық ісі бойынша кассациялық соттың қабылдаған қаулысын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысы іс бойынша күшінде қалдырылды. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Көрсетілген қаулының қарар бөлігінде «Түркістан облысының Созақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімі» деп артық жазылған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 235-бабы 2-бөліміне сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады. АПК-нің 452-бабы 2-бөлімін басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың осы іс бойынша 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қабылданған қаулысының қарар бөлігіндегі «Түркістан облысының Созақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімі» деген сөздер алынып тасталсын.

Төрағалық етуші судья Бастаубаев Г.Б. Судьялар Токсанбаев А.Б. Даненова А.А.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.