Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 11.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/2133 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 11 маусым №6003-26-00-2к/2133 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшының өкілі Т[...],

жауапкерлердің өкілі А[...],

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкерлер С[...], С[...], Д[...], Түркістан облысы нотариаттық округінің нотариустары К[...] мен Н[...], даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Түркістан облысы білім басқармасының «Сайрам ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыйға тарту шартын бұзу туралы келісімді және сатып алу - сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына жауапкерлердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

2022 жылғы 14 сәуірдегі сыйға тарту шартына сәйкес жауапкер С[...] өзіне тиесілі Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылы, Т[...] көшесінде орналасқан №1 тұрғын үйді жер телімімен (бұдан әрі – тұрғын үй) немересі 2020 жылғы 27 наурызда туған Д[...] сыйға тартқан (бұдан әрі – сыйға тарту шарты).

2024 жылғы 1 шілдедегі жауапкерлер С[...] мен кәмелетке толмаған Д[...] атынан әрекет етуші Д[...] арасында жасалған шартпен тұрғын үйді сыйға тарту шарты бұзылған (бұдан әрі - сыйға тарту шартын бұзу туралы келісім).

Талап қоюшы Т[...] сотқа кәмелетке толмаған Д[...] мүддесінде талап қоюмен жүгініп, оны жолдасы Д[...] араларында ұрыс-керіс туындап, некені бұзу мәселесі қаралып жатқан кезде жауапкерлер тұрғын үйді ұлына сыйға тарту шартын бұзу туралы келісімді өзінің және қорғаншылық функцияларды жүзеге асыратын органның келісімінсіз жасап, артынша осы тұрғын үйді сатып алу - сату шартын жасағандарымен негіздеген.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 20 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 18 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сот қағидаларымен мәні бойынша қарау үшін апеляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылданған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі талап қою қанағаттандырылған.

Д[...] атынан заңды өкілі ретінде әрекет етуші әкесі Д[...] пен С[...] араларында жасалған 2024 жылғы 1 шілдедегі сыйға тарту шартын бұзып, тараптарды бастапқы қалпына келтіру туралы келісімі және С[...] мен С[...] араларында жасалған тұрғын үйді сатып алу -сату туралы 2024 жылғы 5 шілдеде жасалған шарты жарамсыз деп танылған.

Жауапкерлер кассациялық шағымында жергілікті соттардың істің мән - жайын толық анықтамай, заң нормаларын қате қолданғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды.

Жауапкерлердің өкілінің кассациялық шағымды қолдаған пікірін, талап қоюшының өкілінің қарсылығын тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, кассациялық сот төменгі тұжырымдарға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі- АПК) 438 - бабының 5 - бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427 - бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434 - бабының 1- бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылыққа жол берілмеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 158бабының 1-тармағына, 159-бабының 1-тармағына сай, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле маңызсыз болады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 128-бабының 2-тармағына сәйкес қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз қорғаншы қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, осы мүлікті жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға, ал қамқоршы оларды жасасуға келісім беруге құқылы емес.

-дағы №31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің 36-тармағына сәйкес, кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын

кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет.

Д[...] пен С[...] жауапкер С[...] балалары, Д[...] - немересі. Д[...] пен Т[...] араларында 2018 жылғы 5 сәуірде неке тіркелген. Осы некеден олардың ортақ 2018 жылғы 19 ақпанда туған қызы С[...], 2020 жылғы 27 наурызда туған ұлы Д[...] және 2021 жылғы 30 қарашада туған қызы С[...] есімді балалары бар.

2022 жылғы 14 сәуірдегі сыйға тарту шартына сәйкес, жауапкер С[...] өзіне тиесілі тұрғын үйді жер телімімен немересі Д[...] сыйға тартқан. Кәмелетке толмаған Д[...] атынан әкесі Д[...] өкілдік етіп, шартқа қол қойған, оны нотариус куәландырған.

2024 жылғы 1 шілдедегі жауапкерлер С[...] мен Д[...] арасында жасалған шарт негізінде тұрғын үйді сыйға тарту шарты бұзылған.

2024 жылғы 5 шілдедегі сатып алу - сату шартына сай жауапкер С[...] тұрғын үйді қызы С[...] 25 000 000 теңгеге сатқан.

Сайрам аудандық сотының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен ерлізайыптылар Д[...] пен Т[...] арасындағы неке бұзылған.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен С[...] талап қоюы қанағаттандырылып, Т[...] кәмелетке толмаған балаларымен тұрғын үйден мәжбүрлеп шығарылған. Сотта жауапкерлер С[...] мен Д[...] сыйға тарту шартын бұзу туралы келісімді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның және кәмелетке толмаған Д[...] анасының келісімінсіз жасағаны анықталған.

Осы орайда, сот даулы келісімді жасау кезінде Д[...] атаанасының ажырасу кезеңінде болғанын, осы кезде талап қоюшы Т[...] жауапкерлермен даулы тұрғын үйде бір отбасында бірге өмір сүргенін, яғни бұл мән-жайды жауапкерлер білгенін ескеріп, жауапкерлердің тұрғын үйді сыйға тарту шартын бұзуы, содан кейін тұрғын үйді жақын туысының атына шығаруы даулы мәмілелердің заң талаптарына және адалдық пен әдiлдік қағидаттарына қайшы мәмілелер ретінде көрсетеді деп танып, талап қоюды қанағаттандырған.

Төменгі сатыда тұрған соттардың бұл тұжырымдары істі мән-жайларына және заң талаптарына сай келеді. Іс бойынша маңызы бар дәлелдемелер істі қарау барысында тексерілген, оларға соттармен дұрыс баға берілген, тиісті заң нормалары дұрыс қолданылған.

Кассациялық шағымда келтірілген уәждер дәлелдемелерді қайта бағалауға бағытталған, шағымдалған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ.

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде, жауапкерлердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Ғ.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

Н.Жумагулова

Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.