№6001-24-00-6ап/1008
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 5 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова, жауапкердің өкілі Н.Ә.Пашеновтың қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Нургали Катымханович Халыковтың жауапкерлер Тараз қаласы әкіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолданымды қарау бойынша жауаптарын заңсыз деп тану, мейрамхана салу құрылыс жұмыстарын тоқтату, қаулыны заңсыз деп танып күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы ұйғарымы мен Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Н.К.Халыков жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы ұйғарымымен талап қою кері қайтарылған.
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен, жауапкер өкілінің пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
ӘРПК-тің 136-бабының бесінші бөлігінің талабына сай құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.
Іс материалдарын анықталғандай, Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 16 қазандағы №3592 қаулысымен К.А. Искаковаға тұрғын үйдің құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін Тараз қаласы, Асқаров көшесі, №190 мекенжайда орналасқан көлемі 0,0807 гектар жер телімінің нақты көлемін бекіту жолымен нысаналы мақсаты үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде өзгертілген.
Бұл қаулымен келіспей, талап қоюшы сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар, талап қоюды кері қайтарып, талап қоюшы аталған әкімшілік акт бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы болып табылмайды, себебі даулы қаулы мүдделі тұлға К.А. Искакованың атына қабылданған деп көрсеткен.
Осыған қоса, бұл бір жылдық мерзім түпкілікті болып табылады және ол қалпына келтіруге жатпайды. Сондықтан осы мерзімінің өтуі талап қоюды беруге арналған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз болып табылады деп дұрыс тұжырымға келген.
ӘРПК-нің 138 бабы екінші тармағы 15) тармақшасына сәйкес, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 7 тамыздағы №ЖТ-2023-0135726611/1 және 2023 жылғы 31 тамыздағы №ЖТ-2023-01540427 жолдаманы қарау бойынша жауаптары әкімшілік акт болып табылмайтындықтан, құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы талабы жария-құқықтық қатынастарға жатпайтындықтан, бұл бөлігінде талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды. Соттардың бұл тұжырымы іс материалдарымен негізделген. Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 5 желтоқсан 2023 жылғы ұйғарымы мен Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Нургали Катымханович Халыковтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.