КСАД РК - Постановление от 11.08.2025 по делу 6003-25-00-4к/76 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 11 тамыз 6003-25-00-4к/76 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья Д.Ә.Әбдіғалиев,

судьялар – М.А.Қасымов, Г.М.Ыдырысова,

жауапкерлердің өкілдері А.А.Мыңжасаров және Ш.С.Хамитованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Карлыгаш Газизовна Карагойшиеваның жауапкер Орал қаласының әкіміне 2024 жылғы 9 маусымдағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның № 11 хаттамалық шешімінің бір бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі шешіміне, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысына талап қоюшы К.Г.Карагойшиеваның берген кассациялық шағымы бойынша әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

К.Г.Карагойшиева 2024 жылғы 9 маусымдағы Орал қаласы бойынша төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) № 11 хаттамалық шешімінің өзіне қатысты бөлігін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

2024 жылғы 12 қыркүйектегі сот шешімімен әкімшілік талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың аталған шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

К.Г.Карагойшиева кассациялық шағымында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанын, сот қорытындысының істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсете отырып, шығарылған сот актілерінің

күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрайды.

Тиісті түрде хабарланған талап қоюшы және оның өкілі кассациялық сатыдағы сотқа келмеді, бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Іс материалдарын зерделеп, шағымның дәлелдерін зерделеп, жауапкерлер өкілдерінің қарсылықтарын тыңдай отырып, кассациялық сот шағымды келесі негіздер бойынша қанағаттандыру мүмкін емес деп санайды.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кассациялық шағым беру және және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларымен айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер АПК-нің 427-бабында көзделген, заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы болып табылады.

Мұндай заңбұзушылықтарға соттар жол берген жоқ.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 7 шешімімен су тасқынына байланысты жергілікті жерде табиғи төтенше жағдай жарияланған.

Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 197-ө бұйрығымен Орал қаласында төтенше жағдайдың салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілді.

Су тасқынынан зардап шеккен талап қоюшы К.Г.Карагойшиева меншік құқығымен тиесілі №256 жер учаскесі, 2024 жылғы 22 сәуірде Орал қаласындағы «Нұрлы Жол» бағбандық серіктестігінде, яғни төтенше жағдай жарияланғаннан кейін өз атына тіркелген.

2024 жылдың маусымында К.Г.Карагойшиева Комиссия төрағасының атына табиғи төтенше жағдай салдарынан келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қоюмен жүгінді. Талап қоюында ол жер учаскесінде су тасқынынан зардап шеккен құрылысы аяқталмаған үй бар екенін және басқа тұрғын үй жоқ екенін көрсеткен.

Комиссияның 2024 жылғы 9 маусымдағы № 11 хаттамалық шешімімен К.Г.Карагойшиеваның меншігінде басқа тұрғын үйдің болуына байланысты

тұрғын үй беру туралы өтініші қанағаттандырудан бас тартылды. Сонымен қатар, тұрғын үй беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға тағы бір негіз, төтенше жағдай жарияланған кезде жер телімі оның қызы С.М.Тугановаға тиесілі екендігі негіз болды.

Төменгі сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде, төтенше жағдай жарияланған кезде жер учаскесі талап қоюшының меншігінде болмағанын және тұрғын үйдің құрылысы аяқталмағандықтан талап қоюшының аталған жер учаскесінде тұрақты немесе уақытша (маусымдық) тұру фактісі расталмағанын негізге алған.

Шағымда К.Г.Карагойшиева бақша учаскесін сатып алғанын және оған өз қаражатына тұрғын үй салғанын көрсетеді. Куәгерлер бұл фактіні растай алады, сонымен қатар құрылыс материалдарын сатып алған түбіртектер мен чектер де бар.

Кассациялық сот бұл дәлелдерді келесі себептер бойынша негізсіз деп санайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан жеке тұлғаларға келтірілген зиянды (залалды) өтеудің негіздері мен тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188V 3PK Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тарауында және Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – «Төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысымен көзделген.

К.Г.Карагойшиева табиғи төтенше жағдай кезінде су тасқыны салдарынан мүлік зақымданғаннан кейін жер учаскесін алған, ол бұл фактіні жоққа шығармайды.

Жер учаскесі мен құрылыс материалдары өз қаражаты есебінен сатып алынды деген дәлелді назарға алуға болмайды, өйткені «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 7-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен расталады.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1- бабының 26) тармақшасына сәйкес табиғи немесе техногендік

сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зиян (нұқсан) келтірілген жеке тұлға зардап шегуші болып табылады.

Осылайша, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зиян (нұқсан) шеккен тұлға талап қоюшы бола алмайды, өйткені ол су тасқыны кезенінде жер учаскесінің және құрылыс материалдарының меншік иесі болмағандықтан, тиісінше зардап шегішу деп танылуы мүмкін емес.

Сипатталған мән-жайлар бойынша соттар қабылдаған сот актілері заңды және негізді болып табылады, сондықтан кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі шешімі, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Карлыгаш Газизовна Карагойшиеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Д. Әбдіғалиев

Судьялар

М. Қасымов

Г. Ыдырысова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.