Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/726 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 3 желтоқсан №6003-25-00-2к/726 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Абдыкулова, судьялар А.Даненова, А.Тоқсанбаев,

талап қоюшы Ж.Ескалиев, оның өкілі Л.Аманкосова, жауапкер Р.Тлекбаев, үшінші тұлғаның өкілі Н.Көңілқостың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Женис Ниялович Ескалиевтің жауапкер Ринат Берекетұлы Тілекбаевқа, жеке нотариус Ару Ергоджаевна Керпиковаға, «Маңғыстау облысы бойынша әділет департаменті» мемлекеттік мекемесіне қарыз ақшаны кепілге қойылған мүліктен өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысына талап

АНЫҚТАДЫ:

Ж.Ескалиев сотқа жауапкер Р.Тілекбаевтан қарыз ақшаны, тұрақсыздық айыпақыны өндіру және қарызды кепілге салынған мүліктен өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Жауапкер Р.Тілекбаевтан талап қоюшы Ж.Ескалиевтің пайдасына 8 400 000 теңге қарызы, 84 000 теңге мемлекеттік бажға, 300 000 теңге өкіл көмегіне, 30 000 теңге бағалау есебіне жұмсалған шығындар өндірілген.

Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Талап қоюшы кассациялық шағымында, жергілікті соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанына байланысты сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды толық қанағаттандыруды сұраған. Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 272бабына сәйкес, міндеттеме міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттармен талаптар болмаған жағдайда

іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

АК-нің 349-бабы 1-тармағына сәйкес, міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсінілетіндігі көрсетілген.

АК-нің 353-бабы 1-бөлігіне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс.

Алайда АК-нің 725-1-бабы 1-тармағына сәйкес, қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының мынадай ерекшеліктері бар:

  1. тектік белгілерімен айқындалған, оның ішінде төлемнің кейінге қалдырылуы және бөліп төленуі арқылы берілген ақша немесе заттар қарыз шартының нысанасы болып табылады;

  2. дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз шарты бойынша қарыз алушы ретінде әрекет етеді;

  3. қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі;

  4. қарыз шартында осы баптың 3-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес есептелген, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде қамтылуға тиіс;

  5. қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жүз пайыздан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды;

  6. қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспайды;

  7. қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды;

  8. қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;

  9. қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды;

Егер нысанасы тектік белгілерімен айқындалған заттар болып табылатын қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы жүзеге асырылған, ал сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың), комиссиялардың және қарыз шартында көзделген өзге төлемдердің төленуі мен мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, осындай шартқа осы тармақтың бірінші бөлігі 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларының талаптары қолданылады делінген.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес, қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын, осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз болып табылады.

АК-нің 317-бабына сәйкес, борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

Егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.

Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

  1. орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;

  2. кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.

Жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздар бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің бұзылуы болмашы болып табылады және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері бір мезгілде мынадай шарттар болған кезде:

  1. орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке алмағанда) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он бес пайызынан кем болса; 2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі алты айдан кем болса, кепілге салынған мүліктің құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.

АК-нің 308-бабының 1-тармағына сәйкес, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тіркелуге жататын мүлікті кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс.

Іс құжаттарына сәйкес, 2023 жылғы 28 желтоқсанда талап қоюшы Ж.Ескалиев пен жауапкер Р.Тілекбаевтың арасында 8 400 000 теңгені қарызға беру туралы нотариатта куәландырылған келісім шарт жасалған.

Осы шартқа сай, жауапкер Р.Тілекбаев 8 400 000 теңгені бір ай ішінде, яғни 2024 жылғы 28 қаңтарда қайтару міндеттемесін алған.

Сонымен қатар, шарттың 3-бөлігінде, егер жауапкер өз міндеттемесін тиісті түрде орындамаған жағдайда, әр бір кешіктірген күні үшін, негізгі қарыз ақшаның 1% көлемінде тұрақсыздық айыпақысын төлейтіні көрсетілген. Одан бөлек, қарыз шарты бойынша міндеттеменің толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл шарты да жасалған.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы шартына сай, қарыз алушы Р.Тілекбаев жеке меншік құқығымен өзіне тиесілі жалпы алаңы 121,0 ш/м, Маңғыстау

облысы, Түпқараған ауданы, С.Шапағатов ауылы, С.Тумышова көшесі №315/5 үйді кепілге қойған.

Алайда жауапкер Р.Тілекбаев қарыз шартының талаптарын орындамаған, яғни қарыз ақшаны уақтылы қайтармаған.

Сондықтан талап қоюшы Ж.Ескалиев, қарыз ақша 8 400 000 теңгені, тұрақсыздық айыпақы 27 720 000 теңгені, қарызды жауапкермен кепілге салынған мүлкінен өндіруді сұраған.

Бірінші сатыдағы сот жауапкер Р.Тілекбаев талап қоюшы Ж.Ескалиевтің алдындағы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы шарт бойынша алған 8 400 000 теңге қарызын, 2024 жылғы 28 қаңтарға дейін қайтару туралы міндеттемесін орындамағанын анықтап, АК-нің 272-бабы, 349-бабы 1-тармағы негізінде жауапкер талап қоюшыға алған ақшасын қайтаруға міндетті деген тұжарым жасаған.

Тараптар сот шешімінің бұл бөлігіне кассациялық шағым бермеген.

Ал, талап қоюшының жауапкер Р.Тілекбаевтан 27 720 000 теңге тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы талабы, шарттың тұрақсыздық айыпақы өндіру бөлігі АК-нің 725-1-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеуіне, яғни мәнсіз болуына байланысты негізсіз деп танылған.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттың талап қоюшының қарыз ақшаны кепілге салынған мүліктен өндіру туралы талабы, кепілге салынған жылжымайтын мүлік жауапкердің жалғыз баспанасы екені және қарыз ақшаны жауапкердің Ақтау қаласында орналасқан кадастрлық №13:200:058:1751:1 жеке меншік құқығымен тіркелген жер телімінен өндіру мүмкіндігі сақталатыны туралы негіздермен қанағаттандырудан бас тартылған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен.

Сот жергілікті соттардың талап қоюшының жауапкерден тұрақсыздық айыпақы өндіру туралы талабын қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымы заң талаптарына сәйкес келеді деп санайды.

Сондай-ақ, жергілікті соттардың қарызды кепілге салынған тұрғын үй жауапкердің жалғыз баспанасы және қарызды жауапкерке тиесілі басқа мүліктен өндіру мүмкіндігі бар екені туралы тұжырымдарын АК-нің 317бабының талаптарына қайшы болғандықтан негізсіз деп санайды. Осы ретте, жергілікті соттармен парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары дұрыс қолданылмаған, себебі даулы қатынастар АК-нің 317-бабымен тікелей реттелген.

Алайда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің мәліметіне сай, мүлікті кепілге салу туралы шарты тіркелмеген. Кепілге салынған тұрғын үй мен жер учаскесі сатып алу-сату шарты негізінде С.Конарбаев пен Н.Жангожаеваның меншік құқығы 2025 жылғы 8 қыркүйекте тіркелген.

Кепілге салу шарты тіркеу органында тіркелмегенін және жауапкер кепілге берген жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылмайтынын ескеріп, сот жергілікті соттардың қарызды кепілге қойылған мүліктен өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған бөлігін де күшінде қалдырады.

Кассациялық шағымда келтірілген уәждер жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

А.Абдыкулова

Төрағалық етуші

Судьялар

А.Даненова А.Тоқсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.