КСАД РК - Постановление от 21.05.2026 по делу 6003-26-00-4к/609 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 21 мамыр № 6003-26-00-4к/609 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья Ә.Ж.Назарова,

судьялар – М.А.Қасымов, Д.Н.Нұрлыбаева болып,

мүдделі тұлға З.К.Мамытбаева және оның өкілі Н.Шакизаданың қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Марат Сарсенбаевич Асетовтің жауапкер Қызылорда қаласының әкіміне қойған 2016 жылғы 17 қазандағы №6263 қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімі мен Кызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысына мүдделі тұлға З.К. Мамытбаеваның кассациялық шағымы бойынша келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы М. Асетов жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Қызылорда қаласы әкімінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 6263 қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Светлана Борисовна Цой мен Зинеш Кубегеновна Мамытбаеваның арасындағы 2024 жылғы 22 қаңтардағы Қызылорда қаласы, «Обводнитель» бау-бақша серіктестігі, 106 үй мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық номері 10-156-084-695, көлемі 0,1000 га жер учаскесін сату-сатып алу келісім шарты жарамсыз деп танылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сот актілерімен келіспей, мүдделі тұлға З. Мамытбаева кассациялық шағымында сот актілерінің күшін толық жоюды және талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.

Кассациялық сатыдағы сот мүдделі тұлғаның және оның өкілінің түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын және кассациялық шағымның уәждерін зерттей отырып, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта

өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі–АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – жариялылық комиссия) 2007 жылғы 3 наурыздағы № 3846 шешімімен талап қоюшы М.Асетовке Қызылорда қаласы, ПМК-66, «Обводнитель» бау-бақша серіктестігі, Малиновая көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан, нысаналы мақсаты бағбандық үшін, жалпы көлемі 0,10 га жер телімі (кадастрлық нөмірі 10-156-076-7581) жария етілген.

Аталған жылжымайтын мүлік 2007 жылғы 20 қарашада мемлекеттік тіркеуден өткен.

Қызылорда қаласы әкімінің 2016 жылғы 17 қазандағы №6263 қаулысы негізінде С.Цойға Қызылорда қаласы, «Обводнитель» бау-бақша серіктестігі, Малиновая көшесі, 4/19 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 10-156-055-463, көлемі 1000 шаршы метр жер учаскесі, нысаналы мақсаты бағбандық үшін табысталған (бұдан әрі – даулы қаулы). Мемлекеттік тіркеуден 2017 жылғы 16 қаңтарда өткен.

2024 жылғы 22 қаңтарда С.Цой өзінің жеке меншігіне табысталған жер учаскесін З.Мамытбаеваға сатқан. Аталған жер учаскесін сатып алу-сату шарты 2024 жылғы 23 қаңтарда мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8- тармағына сай сол бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушыларының) меншік құқығының туындағаны, сондай-ақ аралас жер учаскелері шекарасының бұзылғаны туралы дауды шешкен кезде соттар Жер кодексінің 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алу керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда тараптардың әрқайсысында жерге құқықтардың туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.

Сол бір жер учаскесіне немесе учаскенің бір бөлігіне мәні тең құқықтар болған жағдайда соттар азаматтық заңнамаға сәйкес құқықтың туындау күні бойынша белгіленетін жылжымайтын мүлікке бұрын туындаған құқықтардың басымдығын негізге алуға тиіс.

Талап қоюды қанағаттандыра отырып, төменгі сатыдағы соттар Мемлекеттік корпорациямен берілген қорытындысын ескерген. Сонымен қатар, талап қоюшы М.Асетов өзіне табысталған жер учаскесін мақсатына сай

игеріп келгені бірінші сатыдағы сот отырысында куәлардың түсініктемелерімен, топографиялық түсірілімдерімен өз дәлелін тапқан. Жауапкер өз қызметін жүзеге асыру барысында әкімшілік рәсімге қатысушылардың, соның ішінде әкімшілік рәсімге қатысатын мүдделі тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері арасында даулардың туындауына ықпал етпеуге тиіс.

ӘРПК-нің 84-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының бұзылуы, егер мұндай бұзушылық дұрыс емес әкімшілік актінің қабылдануына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, әкімшілік актіні заңсыз деп тануға негіз болып табылады.

Бұл ретте талап қоюшы М.Асетовтің жер учаскесіне құқықтары мүдделі тұлға С.Цойға қарағанда бұрын туындауына байланысты, ол даулы жер учаскесіне басым құқыққа ие болады, сондықтан жауапкердің аталған жер учаскесін оны басқа тұлғаның жеке меншігіне беруі заң талаптарына сәйкес келмейді.

Кассациялық шағым берушінің талап қоюшының сотқа талап арызбен жүгіну үшін белгіленген процестік мерзімді өткізіп алғаны, ал бірінші сатыдағы соттың бұл мерзімді негізсіз қалпына келтіргені туралы уәждерін кассациялық сот негізсіз деп есептейді, өйткені ҚР АПК-нің 126, 138, 424баптарының нормаларына сәйкес аталған мәселені шешу тек бірінші сатыдағы соттың айрықша құзыретіне жатады және апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттардың өкілеттіктеріне кірмейді.

Кассациялық сот төмен тұрған соттардың осы қорытындыларымен келіседі, ал мүдделі тұлғаның уәждерін негізсіз деп табады.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне қатысты сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 наурыздағы шешімі мен Кызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Мүдделі тұлға З.Мамытбаеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Ә.Назарова М.Қасымов Д.Нұрлыбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.