КСАД РК - Постановление от 02.12.2025 по делу 6003-25-00-4к/935 (Административное)

ҚАУЛЫ

2 желтоқсан 2025 жыл №6003-25-00-4к/935 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші М.А.Туғанбаев,

судьялар – М.А.Манабаева, Н.Е.Нуралыева болып,

прокурор О.С.Пернеевтің,

талап қоюшының өкілі Н.Н.Каусбековтың,

жауапкердің өкілдері А.Серғұлыұлының, Е.Н.Зейтханның қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Эрида» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – талап қоюшы, «Эрида» ЖШС-і) жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – жауапкер, Департмент) берген тексеру нәтижелері хабарламасының күшін жою туралы талап арызы бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 желтоқсанындағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуіріндегі қаулысына талапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Департамент 2024 жылғы 29 сәуірде рәсімделген нұсқаманың негізінде «Эрида» ЖШС-де 2021 - 2022 жылдар аралығында корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) және қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі жөнінде жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізіп, нәтижесінде 2024 жылғы 11 қыркүйектегі құжаттық салықтық тексеру актісі (бұдар әрі - Акт) түзіліп, тексеру нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) рәсімделіп, КТС бойынша 331 995 311 теңге, оның өсімпұлы 155 483 823 тенге, ҚҚС бойынша 232 360 101 теңге, оның өсімпұлы 63 291 457 теңге, жалпы сомасы 783 130 692 теңге салықтар қосымша есептелген.

Талап қоюшы тексеру нәтижесімен келіспей, Хабарламаның күшін жою туралы сотқа талап қоюмен жүгініп, оның негізіне контрагенттерге қатысты қарсы тексерулер жүргізілмегенін, олармен жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылмағанын, олардың орындалуы актілермен, шот-фактуралармен және төлем құжаттарымен расталатынын көрсеткен.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 желтоқсанындағы шешімімен «Эрида» ЖШС-нің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуіріндегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Кассациялық шағымда «Эрида» ЖШС-і істі қарау барысында зерттелген дәлелдемелерге дұрыс баға берілмегендігін, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағандығын көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, іс бойынша талап арызды қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім қабылдауды сұрайды.

Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымды қолдаған түсінігін, жауапкер өкілдерінің қарсы пікірін, прокурордың сот актілерін күшінде қалдыру туралы қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келді.

Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 242бабының 1, 3 тармақтарына, 401-бабының 1-тармағына сай осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде осы Кодекстің осы бабында және 243 – 263-баптарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, шегерімге жатады.

Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің кіріс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген осындай шығыстар бойынша жүргiзедi.

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады:

  1. тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні;

  2. осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күні.

Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күндері ерекшеленетін және әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған салықтық кезеңде есепке алынады.

Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып беру күні көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактураны жазып беру күні болып танылады. Соттар жоғарыда келтірілген Салық кодекісінің баптарын басшылыққа ала отырып, тексеріс барысында талап қоюшы «Эрида» ЖШС-і тексерілу кезеңіне жататын аралықта «Бірлік Бетон» ЖШС, «N&D» ЖШС, «Ншан» ЖШС, «Серп & Молот» ЖШС (бұдан әрі – контрагенттер) жеткізушілермен тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша қарым-қатынас жасасқанын көрсеткен.

Осыған байланысты Департамент тарапынан тексеру барысында 01.01.2021-31.12.2022 жылдар кезең аралығына электронды шот-фактуралар реестрі қалыптастырылып, тексеруге ұсынылған құжаттар бойынша келесі мән-жайлар анықталған.

Талап қоюшы 2021 жылдың 4-тоқсанында 1-деңгейдегі жабдықтаушы «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-мен жалпы айналым сомасы 1 640 056 527 теңге, ҚҚС 196 806 783 теңгеге қаржылық қарым-қатынас жасасқан.

Тексеру барысында аталған контрагентпен талап қоюшы арасындағы қарым-қатынасқа қарама қарсы тексеру жүргізуге нұсқама қалыптастырылып, алайда «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-нің орналасқан жері бойынша анықталмауына байланысты (19.08.2024 жылғы салықтық зерттеу актісі түзілген), нұсқаманы табыс ету мүмкін болмаған.

«BIRLIK БЕТОН» ЖШС-не 01.01.2021 жылдан бастап тәуекелі жоғары салық төлеуші мәртебесі берілген.

ИЖ СЕӨЖ мәліметіне сәйкес 2021 жыл үшін тапсырылған 100.00 салық есептілігінде жылдық жиынтық табыс 1 640 056 527 теңге, шегерімдер 1 636 457 353 теңге, салық салынатын табыс 4 682 482 теңге көрсетіліп, алайда есептелінуге жататын кортпоративтік салық сомасын есептемей, «0» теңге көрсеткен.

2021 жылдың 4-тоқсанына тапсырылған 300.00 салық есептілігінде сатылған тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша айналым сомасы 1 640 056 527 теңге, ҚҚС сомасы 196 806 783 теңге, алынған тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша жалпы айналым сомасы 1 625 233 928 тенге, төленуге жататын ҚҚС сомасы 1 778 712 теңге деп көрсетілген.

ЭШФ мәліметіне сәйкес, 1-деңгейдегі жабдықтаушы «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і тарапынан сатып алушы «Эрида» ЖШС-не келесі электронды шотфактуралар рәсімделген:

31.12.2021 жылғы № ESF-180940024074-20211231-96973801 ҚҚС айналым сомасы 190 774 125 теңге, ҚҚС 22 892 895 теңге «Негізгі құралдар» (нақты тізімі айқындалмаған);

31.12.2021 жылғы № ESF-180940024074-20211231-96973801 ҚҚС айналым сомасы 670 889 545 теңге, ҚҚС 80 506 745 тенге «ТМҚ» (нақты тізімі айқындалмаған);

31.12.2021 жылғы № ESF-180940024074-20211231-96973801 ҚҚС айналым сомасы 323 035 714 теңге, ҚҚС 38 764 286 теңге «опалубка жалға алу» (нақты тізімі айқындалмаған); 31.12.2021 жылғы № ESF-180940024074-20220113-15436572 ҚҚС айналым сомасы 455 357 143 теңге, ҚҚС 54 642 857 теңге «Құрылыс-монтаж жұмыстары» (нақты атқарылған жұмысы айқындалмаған);

Барлығы ҚҚС айналым сомасы 1 640 056 527 теңге, ҚҚС 196 806 783 теңге.

Жоғарыда көрсетілген салық декларацияларының және электронды шотфактуралар мәліметіне сәйкес «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-нің жалғыз сатып алушысы «Эрида» ЖШС-і, ал «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-нің жалғыз жабдықтаушысы «Алем Концепт» ЖШС-і болып табылады.

«BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і тарапынан жоғарыда аталған тауарлар, негізгі құралдар, қызметтер, жұмыстарды келесі электронды шот-фактуралар арқылы 2-деңгейдегі жабдықтаушысы «Алем Концепт» ЖШС-нен алғандығы рәсімделген:

31.12.2021 жылғы №ESF-200240020538-20211231-96950111 ҚҚС айналым сомасы 189 825 000 тенге, ҚҚС 22 779 000 тенге «Негізгі құралдар» (нақты тізімі айқындалмаған);

31.12.2021 жылғы №ESF-200240020538-20211231-96959601 ҚҚС айналым сомасы 667 551 786 тенге, ҚҚС 80 106 214 тенге «ТМҚ» (нақты тізімі айқындалмаған);

31.12.2021 жылғы №ESF-200240020538-20211231-96959601 ҚҚС айналым сомасы 321 428 571 тенге, ҚҚС 38 571 429 тенге «опалубка жалға алу» (нақты тізімі айқындалмаған);

31.12.2021 жылғы №ESF-200240020538-20211231-98118543 ҚҚС айналым сомасы446 428 571 тенге, ҚҚС 53 571 429 тенге «Құрылыс-монтаж жұмыстары» (нақты атқарылған жұмысы айқындалмаған);

Барлығы ҚҚС айналым сомасы 1 625 233 929 тенге, ҚҚС 195 028 071 тенге.

Талдау барысында жоғарыдағы операциялар бір күн ішінде, яғни 2021 жылдың соңғы күні 31.12.2021 жылы рәсімделгені анықталған. Атап айтқанда, «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і жабдықтаушысы «Алем Концепт» ЖШС-нен алынған тауарлар, қызметтер, жұмыстарды сол күні сатып алушысы «Эрида» ЖШС-не сатқан.

Кассациялық сот отырысының барысында талап қоюшының өкілі аталған жағдайға қатысты, яғни айналым сомасы бір жарым миллиард теңгеден асатын тауарлар, қызметтер, жұмыстардың бір күн ішінде қалай атқарылғандығы туралы сотқа мардымды жауап бере алмады. Мұндай жағдайда салық органы тарапынан алынған тауарлар, атқарылған қызметтер, жұмыстардың шығу тегіне күман туындауы орынды.

Тексеру барысында анықталғандай, «Алем Концепт» ЖШС-не тәуекел деңгейі жоғары салық төлеуші мәртебесі берілген және қосылған құн салығын төлеуші ретінде 14.02.2020 жылы тіркеуге тұрып, орналасқан жерінен анықталмауына байланысты 19.03.2022 жылы тіркеуден шығарылған.

ИЖ СЕӨЖ мәліметіне сәйкес 2021 жыл үшін тапсырылған 100.00 салық есептілігін «нөлдік» көрсеткішпен тапсырған. 2021 жылдың 4-тоқсанына тапсырылған 300.00 салық есептілігіне сәйкес, сатылған тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша айналым сомасы 1 625 233 929 теңге, ҚҚС сомасы 195 028 071 теңге, алынған тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша жалпы айналым сомасы 7000 тенге.

Тексеру барысында салық төлеуші салық органының талабына сәйкес, жабдықтаушысы «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-мен жасалынған қарым-қатынас бойына алғашқы бухгалертік құжаттар ұсынылған.

Ұсынылған құжаттарды зерттеу барысында келесі жағдай анықталған.

12.08.2024 жылғы №1 шығыс хатпен салыстыру актісінің көшірмесі, 02.12.2021 жылғы № 02122021 келісім шарт,02.12.2021 жылғы № 02122021 құралдарды өткізу қабылдау актісінің көшірмесі, 31.12.2021 жылғы орындалған жұмыстар актісі, 31.12.2021 жылғы тауарларды жіберу накладнойы, 31.12.2021 жылғы №Е5Р-180940024074-20220113-15436572, 31.12.2021 жылғы орындалған жұмыстар актісі, 01.12.2022 жылғы №102 өзара есеп айырысу актісі, «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і мен «Феб строй» ЖШС-і, «Эрида» ЖШС-і мен «Феб строй» ЖШС-і арасындағы салыстыру актілері.

Алайда, «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і мен «Эрида» ЖШС-і арасындағы салыстыру актісі бойынша жүргізілген операциялар бойынша төлем жүргізілмеген, тек 09.07.2021 жылы 505 000 тенге төлем жасалып, 01.12.2022 жылы 159 605 000 теңгегі қарыз сомасына ретке келтіру жүргізіліп, нәтижесінде «Эрида» ЖШС-нің «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-і алдындағы қарызы 1 676 753 310 теңгені құрайды.

ЭШФ мәліметтеріне сәйкес «Алем Концепт» ЖШС-і 3-деңгейдегі негізгі жабдықтаушысы «AGROEXPORT KN» ЖШС-нен жалпы айналым сомасы 227 104 600 теңге, ҚҚС 27 252 552 теңгеге тауарлар алған.

Шымкент қаласының ауданаралық арнайы мамандандырылған экономикалық сотының 10.10.2022 жылғы шешімімен «AGROEXPORT KN» ЖШС-нің 15.07.2021 жылғы қайта тіркеуі жарамсыз деп танылған.

Сонымен қатар, «Алем Концепт» ЖШС-і 2021 жылы басқа да 87 жабдықтаушысынан жалпы айналым сомасы 437 211 758 теңге, ҚҚС сомасы 44 144 655 теңгеге тауарлар алып, алайда алынған тауарларды «Эрида» ЖШСне емес, «Феб строй» ЖШС-не сатқаны анықталған.

Сонымен қатар, «Алем Концепт» ЖШС-і 2021 жылы евразиялық одаққа кірмейтін 3-ші елдерден 75 350 201 теңгеге тауарлар импорттап, бұл тауарларды «Феб строй» ЖШС-не сатқаны анықталған.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, Департамент «Алем Концепт» ЖШС-нің 2021 жылы басқа жабдықтаушылары анықталмағанын, яғни «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-не сатылған тауарлар, қызметтер, жұмыстар жалпы айналым сомасы 1 625 233 929 тенге, ҚҚС 195 028 071 тенгенің шығу тегі анықталмады деп, осыған сай негізді түрде «BIRLIK БЕТОН» ЖШС-нің «Эрида» ЖШС-не жалпы айналым сомасы 1 640 056 527 теңгеге, ҚҚС 196 806 783 теңгеге сатылған тауарлар, қызметтер, жұмыстарының шығу тегі расталмауына байланысты, тексерумен Салық кодексінің 400-бабының 1- тармағына сәйкес 2021 жылдың 4-тоқсанына есепке жатқызылған 196 806 783 теңге ҚҚС сомасын есептен алып, Салық кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылы шегерімге жатқызылған 1 640 056 527 теңге сомасы шегерімнен алып, 328 011 305 теңге корпоративтік табыс салығы, 196 806 783 теңге қосылған құн салығын қосымша есептеген.

Бұдан әрі талап қоюшының ЭШФ мәліметіне сәйкес 2022 жылдың 3- тоқсаны кезеңінде 1-деңгейдегі жабдықтаушы «Н и Д» ЖШС-нен жалпы айналым сомасы 4 294 643 тенге, ҚҚС сомасы 515 357 теңгеге тауарлар сатып алғаны анықталған.

Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының 30.10.2023 жылғы шешімімен аталған серіктестіктің мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған. Осының негізінде Салық кодексінің 400бабының 1-тармағына сәйкес 2022 жылдың 3-тоқсанына есепке жатқызылған 515 357 теңге ҚҚС сомасы есептен алынып, Салық кодексінің 242-бабының 3- тармағына сәйкес 2022 жылы шегерімге жатқызылған 4 294 643 теңге сомасы шегерімнен алынып, 858 929 теңге корпоративтік табыс салығы, 515 357 теңге қосылған құн салығы негізді түрде қосымша есептелген.

ЭШФ мәліметіне сәйкес 2021 жылдың 4-тоқсаны кезеңінде талп қоюшының 1-деңгейдегі жабдықтаушы «Nshan» ЖШС-мен жалпы айналым сомасы 8 032 205 тенге, ҚҚС сомасы «0» теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізгені анықталған.

СЕӨЖ мәліметіне сәйкес аталған кезеңге, яғни 2021 жылдың 2- жартыжылдығына оңайлатылған салық декларациясын «нөлдік» көрсеткішпен тапсырған, жалдамалы жұмысшылары жоқ, ЭШФ бойынша жабдықтаушылары анықталмаған. Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан орналасқан жері бойынша анықталмауына байланысты салықтық зерттеу жүргізіліп 15.07.2024 жылғы №1022 актісі түзілген.

«Nshan» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін материалдық-техникалық базасы, жұмысшы күші, техника құралдары болмауына байланысты мүмкіндігі жоқтығы анықталған. Салық кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылы шегерімге жатқызылған 8 032 205 теңге сомасы шегерімнен алынып, 1 606 441 теңге корпоративтік табыс салығы қосымша есептелген.

ЭШФ мәліметіне сәйкес 2021-2022 жылдары кезеңінде 1-деңгейдегі жабдықтаушы «Serp & Molot» ЖШС-і жалпы айналым сомасы 16 879 651 тенге, ҚҚС сомасы 2 025 559 теңгеге цемент тасымалдау қызметін көрсеткені анықталған. СЕӨЖ мәліметіне сәйкес аталған кезеңге, яғни 2021 жылға 100.00 салық декларациясын «нөлдік» көрсеткішпен тапсырған, 2022 жылға 100.00 салық декларациясын мүлде тапсырмаған. 700.00 салық декларациясы тапсырылмаған. Көлік құралдары анықталмаған. ЭШФ мәліметіне сәйкес көлік қызметін көрсететін жабдықтаушылары анықталмаған.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан орналасқан жері бойынша анықталмауына байланысты бірнеше мәрте 18.07.2023ж., 07.09.2023ж., 31.10.2023ж. салықтық зерттеу жүргізілгеніне байланысты қарсы тексеру жүргізу мүмкін болмаған.

Тексерумен Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағына сәйкес 2021 жылдың 3-тоқсанына есепке жатқызылған 443 109 теңге ҚҚС сомасы, 2021 жылдың 4-тоқсанына есепке жатқызылған 997 604 теңге ҚҚС сомасы, 2022 жылдың 1-тоқсанына есепке жатқызылған 584 846 теңге ҚҚС сомасы есептен алынып, Салық кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылышегерімге жатқызылған 12 005 937 теңге сомасы шегерімнен алынып, 2 401 187 теңге корпоративтік табыс салығы, 2022 жылы шегерімге жатқызылған 4 873 714 теңге сомасы шегерімнен алынып, 974 743 теңге корпоративтік табыс салығы қосымша есептелген.

2022 жылдың 4-тоқсанына тапсырған ҚҚС 300.00 декларациясында Салық кодексінің 369-бабының 1-тармағын бұза отырып, сатылған тауарлар, қызметтер және жұмыстар ҚҚС айналым сомасын 490 468 750 теңгеге, ҚҚС сомасын 58 826 250 теңгеге кемітіп көрсеткен, Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, 3-ші елдерден импортталған туарлар ҚҚС сомасын 25 843 848 тенгеге төмендетіп есепке жатқызғаны анықталған.

Осылайша, тексеру барысында Департамент тарапынан «Эрида» ЖШСнің контрагенттермен жасасқан қаржылық, шаруашылық қарым-қатынастары нақты зерттелініп, олардың барлығы Актіде көрсетіліп, жоғарыда көрсетілген негіздермен іс жүзінде аталған шаруашылық операцияларды, мәмілелерді жүзеге асыру мүмкін болмағандығы дәлелденген және осыған байланысты дауланып отырылған Хабарлама заңды түрде рәсімделген деген соттардың тұжырымын кассациялық сот негізді деп санайды.

Бұл жағдайда, соттар талап қоюшының талабын заңды түрде негізсіз және қанағаттандыруға жатпайды деп тапқан.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Мұндай жағдайда таап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 желтоқсанындағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 сәуіріндегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Судьялар Манабаева М.А. Нуралыева Н.Е.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.